26 Тамыз 2020, 10:44
«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 89-90, 636-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
6-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) арнаулы мемлекеттік органдар үшін әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру және бекіту үшін әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді ұсынады.»;
«10. Қағидалардың 10-1-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурстық құжаттаманың мәтіндерін конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама), конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашудың қол қойылған хаттамаларын, конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы, жіберу туралы және конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаларды тапсырыс берушілердің интернет-ресурсында және мемлекеттік сатып алу веб- порталында (бұдан әрі – веб-портал) орналастырмай жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Арнаулы мемлекеттік органдардың конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуын қоспағанда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды (тауарлардың,
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша қысқаша ақпарат) веб-порталда орналастыру жолымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру рәсімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидалардың 28-1, 28-2, 28-3, 28-4 және 29-1-тармақтарында көзделген талаптарды ескере отырып жүзеге асырады.»;
«11. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
Осы тармақтың 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген іс-шаралар арнайы мемлекеттік органдарға қолданылмайды.»;
3-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру және бекіту
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтер пайдаланылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілерде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары белгіленген тәртіппен беретін мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмыстарды істеуге рұқсат болуға тиіс.
28-1. Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы веб-порталда жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды орналастырады. Хабарландыру мынадай ақпаратты қамтиды:
Бұл ретте, әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішхаттарын қабылдау Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін (қоса алғанда) бір жұмыс күнін құрайды;
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу Заңның 39- бабының 4), 9), 9-1), 31), 32) және 35) тармақшаларында көзделген жағдайларда хабарландыру орналастырылмай жүзеге асырылады.
Хабарландыруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтердің болуына жол берілмейді.
Хабарландыруды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы веб-порталда мемлекеттік сатып алуды өткізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын орналастырады.
28-2. Жоспарланып отырған мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өзін әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхат береді.
Берілетін өтінішхатта әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 29-1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайды.
Әлеуетті өнім беруші әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішхатты осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде веб-порталда қалыптастырады.
28-3. Арнаулы мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алуын ұйымдастырушыны қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды өткізу басталғанға дейін екі жұмыс күні ішінде веб- порталда осы Қағидалардың 29-1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізе отырып, өтінішхат берген әлеуетті өнім берушілердің қатарынан олардың тізімін қалыптастырады.
Бұл ретте, егер өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы өтінішхат түспесе немесе екеуден аз әлеуетті өнім берушіден түссе не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізген осы Қағидалардың 29-1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін бір әлеуетті өнім берушіге рұқсат етілген жағдайда, хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін ұйымдастырушы толықтыруы мүмкін.
Өтініш берген және осы Қағидалардың 29-1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізіледі.
28-4. Арнаулы мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алуын ұйымдастырушыны қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің атына мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жібереді.
Тізімге енгізілмеген әлеуетті өнім берушілерге олардың енгізілмеу себептері көрсетіліп, өтінішхатты қабылдамау туралы хабарлама жіберіледі.
Әлеуетті өнім берушілердің өтінішхатын қабылдамау туралы хабарлама осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушілердің тізімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жіберіледі.
Мемлекеттік сатып алу Заңның 7-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес өткізілген жағдайда, конкурсқа қатысуға шақырылатын әлеуетті өнім берушілердің тізімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жасайды және ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не тапсырыс берушінің жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын басқа лауазымды адам немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді.
29-1. Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін ұйымдастырушы мыналарды ескере отырып қалыптастырады:
Бұл ретте мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер пайдаланылатын жұмыстарға рұқсаттың болуы мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер пайдаланылатын мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде ғана міндетті.
Хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы веб-порталда қалыптастырады.
Әлеуетті өнім берушілердің тізімін ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді.
Азық-түлік тауарларын және тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тапсырыс беруші конкурсқа қатысуға шақырылатын әлеуетті өнім берушілердің тізімін отандық тауар өндірушілер және/немесе отандық кәсіпкерлер қатарынан қалыптастырады.»;
31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтiнiм беруінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің атына мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жібереді.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Хабарламаға жауап ретінде әлеуетті өнім берушінің сұрау салуы бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін жібереді және конкурстық құжаттаманы алған тұлғаның орналасқан жері, пошта мекенжайы туралы мәліметтерді, сондай-ақ тұлға туралы басқа да мәліметтерді көрсете отырып, бекітілген конкурстық құжаттаманы ұсыну фактісінің хронологиялық тәртіппен тіркелуін қамтамасыз етеді.
32. Конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама
бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн қалғанда осы Қағидалардың 31-тармағында көзделген талаптарды орындауға міндетті.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарлама) қамтылған мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуге тиіс.»;
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«96. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары тең болған жағдайда конкурс нысаны болып табылатын, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі мол әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия әрбір жылын ескере отырып, осы конкурста сатып алынатын тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесін ғана қарастырады.
Бағалары бірдей бірнеше әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын тіркелген конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.»;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Қағидаларға 1-1 және 1-2-қосымшалармен толықтырылсын;
Қағидаларға 12, 13 және 14-қосымшалар осы қаулыға 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу