Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі №1022 Қаулысы

«Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1563 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1563 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 46-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларында:

реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

23.

Автомашина, (сыйымдылығы
500-600 литр) дезинфекциялау қондырғысы

бірлік

1

0

                                                                                                                              »;

реттік нөмірі 51-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

51.

Жануарлардың өлексесін және биологиялық материалдарды өртеуге арналған құрылғы (стационарлық және/немесе жылжымалы және/немесе гидравликалық тиегіші бар, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомашинаның шассиіндегі жылжымалы)

бірлік

1

1

(қажеттілігі бойынша)

                                                                                                                                                                                       »;

реттік нөмірі 53-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

53.

Мал тасымалдауға арналған техника (мал тасымалдайтын автокөлік, тіркеме)

дана

1

1 (қажеттілігі бойынша)

                                                                                                                                   »;

реттік нөмірі 54-жол алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу