Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «26» ақпандағы № 116 қаулысы

Аудиторлық кәсіби ұйымды, бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәліктердің нысандарын бекiту туралы

«Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына және «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:
  2. аудиторлық кәсіби ұйымды аккредиттеутуралы куәліктің;
  3. бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәліктің;
  4. бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің нысандары бекітілсін.
  5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының    Премьер-Министрі                    К. Мәсімов

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу