Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі №1029 Қаулысы

Жарияланды: Жұма, 26 Қыркүйек 2014

«Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Инвестициялықұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 35, 339-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларында:

1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланып отырған бюджеттік инвестицияларға қажетті сараптамаларды жүргізу және іріктеу тәртібі мен олардың мерзімі;»;

2-тармақтың:

3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) бюджеттік инвестициялар – бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;»;

34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«34) қатысушылар (бұдан әрі – Қатысушылар) – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;»;

8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ретроспектива (МИЖ бойынша бұрын бөлінген және игерілген қаражат туралы, оның ішінде ағымдағы бағдарламалар бойынша ақпарат);»;

58-тармақтың 3-абзацының 1) тармақшасы алып тасталсын;

95-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға берілетін бюджеттік өтінімдер бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.»;

103-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға берілетін бюджеттік өтінімдер бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.»;

114-тармақтың:

төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бірінші кезеңде осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген, сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ-дер бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және жергілікті БИЖ-дердің ТЭН-ін түзету мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттармен қоса, БИЖ-ді республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне енгізеді.»;

оңыншы бөлігі алып тасталсын;

115-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«115. ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін БИЖ-дердің сметалық құнын ұлғайту мәселелерін шығару екі кезеңде жүзеге асырылады.»;

«Екінші кезең – ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін БИЖ-дердің түзетілген ЖСҚ бойынша ұлғайтылған құнды қаржыландыру туралы тиісті бюджет комиссиясының шешімі.»;

4-тараудың, 1-параграфының атаулары мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібі»;

«1-параграф. Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу тәртібі мен мерзімдері»;

120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«120. Алушы не Қатысушылар не ББӘ инвестициялар ҚЭН-ін әзірлеуі немесе түзетуі мүмкін.»;

149-тармақтың тоғызыншы бөлігі алып тасталсын;

178-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға берілетін бюджеттік өтінімдер бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеттік органның қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.»;

180, 181-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«180. Инвестициялар ҚЭН-ін осы ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтер бекітетін бір ББӘ құзыретіне жатқызуға болмайтын экономиканың түрлі салаларындағы жобаларды іске асыруды көздейтін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтердің Инвестицияларын қоспағанда, оң экономикалық қорытынды және тиiстi бюджет комиссиясының оң шешiмiн алған Инвестициялар ҚЭН-і немесе түзетілген Инвеcтициялар ҚЭН-і Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ББӘ бекітуіне жатады.

181. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153 және 154-баптарында белгіленген жоспарлау кезеңдерінен өтпеген, бірақ РБК-нің оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар кейінге қалдыру шартымен республикалық бюджет жобасына немесе ағымдағы қаржы жылының бірінші жартыжылдығында нақтыланған жағдайда, нақтыланған республикалық бюджет жобасына енгізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 198-1-тармақпен толықтырылсын:

«198-1. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ-дер бойынша жылдық мониторингті мемлекеттік және орыс тілдерінде жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызынан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік органға ұсынады.»;

мынадай мазмұндағы 209-1-тармақпен толықтырылсын:

«209-1 Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ-дің іске асырылуын бағалау жөніндегі ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік органға ұсынады.»;

мынадай мазмұндағы 223-1-тармақпен толықтырылсын:

«223-1 Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын Инвестициялардың іске асырылуы бойынша жылдық мониторингті мемлекеттік және орыс тілдерінде, жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың   20 наурызынан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік органға ұсынады.»;

мынадай мазмұндағы 239-1-тармақпен толықтырылсын:

«239-1. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын Инвестициялардың іске асырылуын бағалау бойынша жиынтық есепті мемлекеттік және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың                1 шілдесіне дейін тиісті орталық мемлекеттік органға ұсынады.»;

көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшаның:

2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ретроспектива (МИЖ бойынша бұрын бөлінген және игерілген қаражат туралы, оның ішінде ағымдағы бағдарламалар бойынша ақпарат)»;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

1-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

«1-кесте

«Жобаныңқаржылық-экономикалық моделінің базалық параметрлері» нысаны

Р/с

Параметрдің атауы

Параметрдің мәні

Негіздеме

1

2

3

4

1

Жобаның жалпы құны

мың теңге

 

2

Инвестициялық кезең

жжжж-жжжж

 

3

Постинвестициялық кезең

жжжж-жжжж

 

4

Дисконттау мөлшерлемесі (коэффициенті)

%

 

5

Инфляция деңгейі

%

 

6

Салықтар мөлшерлемелері

%

 

7

Амортизация нормалары

   

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе:

4-жолда қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық Банкінің қайта қаржыландыруынТЭН әзірленген кездегі (бірақ 6 айдан аспайды) ресми мөлшерлемесі көрсетіледі.

5-жолда қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің және/немесе макроэкономикалық көрсеткіштерінің орта мерзімді болжамына сәйкес инфляция деңгейі көрсетіледі. Бұл ретте, келесі постинвестициялық кезең ішінде Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің және/немесе макроэкономикалық көрсеткіштерінің орта мерзімді болжамына сәйкес көрсетілген соңғы жылға арналған инфляция деңгейі қабылданады.

6-жолда қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын Қазақстан Республикасыныңқолданыстағы Салық кодексіне сәйкес ТЭН әзірленген кездегі салық мөлшерлемелері көрсетіледі.

7-жолда қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын Қазақстан Республикасыныңқолданыстағы заңнамасына сәйкес ТЭН әзірленген кездегі амортизация нормалары көрсетіледі.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов


Жаңалықтар тізбегі
26 Қазан 2021, 18:28
«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанды қалай өзгертіп жатыр: заманауи автомагистральдар және жаңа бағыттардың ашылуы
26 Қазан 2021, 10:54
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.10.2021
26 Қазан 2021, 10:42
Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді — С. Шәпкенов
26 Қазан 2021, 10:32
ҚР-да соңғы екі айда КВИ-мен сырқаттанушылық 4,5 есеге, өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді — А. Цой
26 Қазан 2021, 09:55
2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 1 млн-нан астам қазақстандық қамтылды
26 Қазан 2021, 09:43
А. Мамин мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды
25 Қазан 2021, 20:06
Е. Тоғжанов ғылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
25 Қазан 2021, 15:16
А. Мамин Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары М. Варгамен екі елдің ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады
25 Қазан 2021, 10:50
26 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Қазан 2021, 09:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №134
23 Қазан 2021, 17:58
Ә. Смайылов қаржыгерлер аллеясының ашылу рәсіміне қатысты
23 Қазан 2021, 12:31
Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырудың маңызы зор — А. Мамин
23 Қазан 2021, 09:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 қазандағы №736 Қаулысы
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.