Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы №279 Қаулысы

Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 625-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:
1) Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары;
2) тәуекел дәрежесінің критерийлері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу