Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №711 Қаулысы

Салалық органдардың кәсiпорынның Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасының (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестiгiне сараптамалық қорытынды беру қағидасын бекiту туралы

«Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Салалық органдардың кәсiпорынның Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасының (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестiгiне сараптамалық қорытынды беру қағидасы бекiтілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Ереже
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу