Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:

реттік нөмірі 1-жолдағы 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«

7)

Республикалық ұйымдарда:

басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне:

театрларда, концерттік ұйымдарда:

шығармашылық туындылар мен шығармашылық идеяларды іске асыруға байланысты жұмыстар үшін;

музейлерде (көркемсурет галереяларында (салондарда), студияларда, шеберханаларда және т.б.), музей-қорықтарда, мәдениет саласындағы зерттеу орталықтарында (зерттеу институттарында):

тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды және танымал етуді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін;

кітапханаларда, кітап палатасында:

кітап қорының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша халыққа қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар үшін, оның ішінде электрондық кітапхана арқылы;

мемлекеттік архивтерде:

Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сақтауды, жинақтауды және танымал етуді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін

ЛА-дан 50 %

8)

Жергілікті атқарушы органның ұйымдарында:

басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне:

театрларда, концерттік ұйымдарда, цирктерде:

шығармашылық туындылар мен шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға байланысты жұмыстар үшін;

музейлерде (көркемсурет галереяларында (салондарда), студияларда, шеберханаларда және т.б.), музей-қорықтарда, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарда (мәдени-тарихи орталықтар, мәдениет саласындағы зерттеу орталықтарында (зерттеу институттарында), реставрациялау орталықтарында және              т. б.):

тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды және танымал етуді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін;

кітапханаларда:

кітап қорының халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар үшін, оның ішінде электрондық кітапхана арқылы;

мәдени-демалыс ұйымдарында

(клубтарда, мәдениет және демалыс парктерінде, мәдениет үйлері мен сарайларда, халық шығармашылығы орталықтарында (үйлерінде) және т.б.):

халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, оларды осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу және халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін;

кинематографиялық ұйымдарда:

фильмді прокаттау және көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуге байланысты халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар үшін;

мемлекеттік архивтерде:

Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сақтауды, жинақтауды және танымал етуді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін

ЛА-дан 35 %

».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу