Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы

«Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-қосымшада:

көрсетілген қаулымен бекітілген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесінде:

1-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мына инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды салу) егілетін адамнан вакцинация жүргізуден хабардар екені жөнінде келісім алғаннан кейін республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі:»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:

құтырма;

іш сүзегі;

көктемгі-жазғы кене энцефалиті;

оба;

коронавирус инфекциясы.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мына инфекциялық ауруларға қарсы эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша міндетті профилактикалық екпелер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды салу) егілетін адамнан вакцинация жүргізуден хабардар екені жөнінде келісім алғаннан кейін жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізіледі:

«А» вирусты гепатиті;

тұмау;

күйдіргі;

туляремия.»;

2-қосымшада:

Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелер жүргізу қағидаларына қосымшадағы кесте осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3-қосымшада:

көрсетілген қаулымен бекітілген халықтың профилактикалық екпелерге жатқызылатын топтарында:

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жұқтыру тәуекелі жоғары адамдар («А» вирусты гепатиті, тұмау, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, коронавирус инфекциясы).»;

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                          А. Мамин

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу