Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

​​​​​​​Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «30» маусымдағы  № 386 қаулысы

Жарияланды: Бейсенбі, 30 Маусым 2016

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу
және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған
көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі
№ 753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45,
435-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды
қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

5-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«СОО бойынша жобалау компаниясына көрсетілген компания ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына сақтандыру шартын, корпоративтік кепілдікті және бұрын ұсынылған жылжымайтын мүлік кепілдіктерін ұсынған жағдайда, инвестициялаудың жалпы сомасының
60 %-нан аспайтын мөлшерде қосымша аванстық төлем берілетін болады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15.«Бәйтерек девелопмент» АҚ СОО-ны үлестік меншігіне алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде сатып алу-сату шартына сәйкес өз үлесін СОО бойынша жобалау компаниясына мынадай негізгі шарттармен сатады:

Шарттың нысанасы - «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның
СОО-дағы үлесін бөліп төлеу мүмкіндігімен сату;
Шарттың  бағасы - «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның СОО құрылысына инвестицияларының құрылыс кезеңінде жиналған пайыздар ескерілген мөлшері;
Бөліп төлеу кезеңі - инвестициялау шартына қол қойылған күннен бастап 19 жыл 10 ай;
Төлем тәртібі - кестеге сәйкес;
Үлесті сатып алу бойынша бірінші төлем күні - 2018 жылғы 1 желтоқсан;
Бөліп төлеу кезеңіндегі сыйақы -

2018 жылғы 1 желтоқсанға дейін:

- жылдық 2,5 % инвестицияланған қаражат сомасына және капиталдандырылған пайыз сомасына есептеледі және жартыжылдық негізде капиталдандырылады;

- жылдық 0,5 % инвестицияланған қаражат сомасына және капиталдандырылған пайыз сомасына есептеледі және жартыжылдық төлемдермен төленеді,

2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап:

- жылдық 3 % инвестицияланған қаражат құнының қалдығына есептеледі және жартыжылдық төлемдермен төленеді;

Қамтамасыз ету - СОО ғимараты, СОО бойынша жобалау компаниясының жарғылық капиталындағы СОО бойынша жобалау компаниясы қатысушыларының қатысу үлесінің 100 %;
Айрықша шарттар - СОО бойынша жобалау компаниясының СОО қызметінен алған таза табысы «Бәйтерек девелопмент» АҚ үлесін сатып алуға жұмсалады.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов


Жаңалықтар тізбегі
16 Сәуір 2021, 12:30
Марат Ахметжанов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды
15 Сәуір 2021, 19:33
Жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жұмыс орындарын ашу: ҚР-да халықты жұмыспен қамту шаралары
15 Сәуір 2021, 19:13
Елбасы Премьер-Министр Асқар Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады
15 Сәуір 2021, 18:49
Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 15:36
Қазақстанда су тасқыны жағдайы тұрақты — Ю. Ильин
15 Сәуір 2021, 13:47
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
15 Сәуір 2021, 11:46
Ә. Смайылов туристік маусым қарсаңында ШОБ проблемалық мәселелерін қарастыру жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 11:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №229 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 11:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №223 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №235 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 Қаулысы
14 Сәуір 2021, 17:43
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады
14 Сәуір 2021, 16:26
Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 15:32
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 14:24
Тұрғын үй саясатын жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй салу және тиімді шарттармен ипотека беру — Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту
13 Сәуір 2021, 19:31
Р. Скляр cу тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
13 Сәуір 2021, 17:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:58
Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Сәуір 2021, 14:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №210 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 14:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 13:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №207 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
12 Сәуір 2021, 10:57
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
11 Сәуір 2021, 18:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №107
11 Сәуір 2021, 08:09
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.