Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 маусымдағы №453 Қаулысы

Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 193-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                    Ә. Смайылов

 

Ережелер

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу