Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі №1045 Қаулысы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды айқындау және «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – РҚАО) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын болып айқындалсын.

2. «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 149-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақты қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу