Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 наурыздағы №150 Қаулысы

«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы  № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы      30 қаңтардағы  № 77 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,2008 ж.,  № 3,40-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген 2-бөлімде:
«Жалпы білім беретін мектептер» деген кіші бөлімде:
«Медбике» деген жол  алып тасталсын;
«Лицейлер, гимназиялар (мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар), эксперименттік алаңдар» деген кіші бөлімде:
«Медбике» деген жол  алып тасталсын. 
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                                                                                                    Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу