Ербол Нұрғалиев ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы берген өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Ербол Нұрғалиев 1975 жылы Семей облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 1994 жылы Семей облысы Жарма ауданында В.И. Чапаев атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған.  

2002 жылы ШҚО Жарма ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2002 жылдың қараша айынан 2011 жылдың сәуір айына дейін ШҚО Жарма және Көкпекті аудандары әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, әкімнің көмекшісі, әкімнің орынбасары қызметтерін атқарды.

2011 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2017 жылы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2018-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болды.

2019 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу