ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

Биылғы 2-3 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына барып, ірі инфрақұрылымдық жобалар мен мемлекеттік даму бағдарламаларының іске асырылу барысын тексерді.

  • Шығыс Қазақстан облысында Асқар Мамин «Өскемен ‒ Талдықорған» автожолының құрылысы жобасының іске асырылуын тексерді;

  • Премьер-Министр Қазақстандағы электр техникалық жабдықтарды құрастыратын ірі кәсіпорын «КЭМОНТ» АҚ қызметімен танысты;

  • А. Мамин сүт өндіретін «Восток-Молоко корпорациясы» ЖШС-де болды;

  • Үкімет басшысы Ольга Рыпакованың жеңіл атлетика орталығын аралап көрді;

  • Асқар Мамин «Ost Fish» ЖШС бекіре тұқымдас балық өсіру цехының жұмысымен танысты;

  • Премьер-Министр облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және артефактілермен танысты;

  • А. Мамин Аягөз ауданаралық ауруханасын аралады;

  • Алматы облысында Үкімет басшысына ұзындығы 314 шақырым «Өскемен ‒ Талдықорған» автожолының шығыс учаскесін қайта жаңарту, ұзындығы 180 шақырым «Үшарал – Достық» автожолын салу жобасы туралы баяндалды;

  • Талдықорғанда Асқар Мамин №3 қазандықта болып, онда газбен жабдықтау жұмыстарының барысымен танысты;

  • Өңірде Премьер-Министр «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуын бес көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы мысалында тексерді;

  • А. Мамин «Каримов» ЖК сүт-тауар фермасына барды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу