Видеогалерея

А. Аймағамбетов: 1000 жас ғалымға зерттеу жүргізу жұмыстарына грант ұсынылады

А. Аймағамбетов: жыл соңына дейін 24 жоғары оқу орны тексеріліп, тиісті шара қолданылады

Б. Нұрымбетов: зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайды

Б. Нұрымбетов: зейнетақы жинақтарының бір бөлігін азамат өзі және жақын туыстары үшін қолдана алады

Б. Нұрымбетов: жеткіліктілік шегі әйелдер мен ерлер үшін бірдей деңгейде

Б. Нұрымбетов: 721 мың қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігіне ие болады

Б. Нұрымбетов: жол картасы аясында 80 жаңа білім ошағы салынады

С. Омаров: көктемгі егіс жұмыстары — 3 млн га алқапқа дәнді дақыл себілді

Жаңалықтар тізбегі

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары 675 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор объектілерін қамтиды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалу барысы қаралды. Аталған тақырып бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасады.

Түркістан облысында биыл 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталады

Түркістан облысы – Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі өнеркәсіп орталығы. Өнеркәсіп кәсіпорындары облыстың оңтүстік бөлігінде шоғырланған. Онда полиметалл және темір, уран, фосфор және т.б. кен орындары орналасқан. Өнеркәсіптің ең дамыған салалары – өңдеу, тау-кен, мұнай және химия. Машина жасау саласы электр жабдықтары мен трансформаторларды өндіруге бағытталған.

Биыл Атырау облысында 672,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Атырау облысы жалпы өңірлік өнім көрсеткіші бойынша жыл сайын еліміз бойынша алдыңғы орынды иеленіп келеді. Тұрақты үрдіске айналған бұл жетістік – еліміздің батысындағы мұнайлы да шырайлы өлкеде өркенді істердің лайықты жалғасын тауып келе жатқанының айғағы. 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында облыстың әлеуметтік-экономикалық түрғыда қалай дамығаны туралы шолу ұсынамыз.

Екібастұзда Үкімет мүшелерінің қатысуымен Жедел штабтың отырысы өтті

Қазіргі уақытта Екібастұзда Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, «ОАЭК» АҚ акционерлері, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС құрылтайшыларының қатысуымен жедел штабтың отырысы өтіп жатыр.

Көші-қон саясатының тұжырымдамасында Қазақстанға тапшы мамандықтар бойынша 500 мықты маманды тарту көзделген – ЕХӘҚМ

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы мақұлданды. Осы тақырып бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ішкі істер министрі Марат Ахметжанов баяндама жасады.

2025 жылға қарай Батыс Қазақстан облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 55%-ға артады

Батыс Қазақстан облысында 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 99,3%-ды құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделдікті қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 60%-дан астамын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты базалық салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді. 

ЕЭК Кеңесінде шоколад сапасына және ЕАЭО елдерінің биржаларында бағалы қағаздар айналымына трансшекаралық рұқсатқа қойылатын талаптар бекітілді

Онлайн режимде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің биржаларында бағалы қағаздарды орналастыруға және айналысқа еркін трансшекаралық рұқсатты айқындайтын және шоколад өндірісіне қойылатын талаптарды күшейтетін бірқатар құжаттарды қабылдады.

Серік Жұманғарин еліміздің ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен саланы дамыту мәселесін талқылады

24 қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен іскерлік таңғы ас өткізді. Кездесуде  мемлекеттік органдармен бірге «Родина» ЖШС, «Зенченко и К» КС, Картоп және көкөніс өсірушілер одағы, Макинск құс фабрикасы, «Еңбек» ЖШС, Қазақстанның астық консорциумы, Қазақстан қой өсірушілер одағы, «Галицкое» ЖШС, «DALA-FRUIT.KZ» компаниялар тобы, «Райымбек Агро»  ЖШС, Кредиттік серіктестіктер қауымдастығы, «Атамекен» ҰКП және басқа да ұйымдар басшылары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді алаңдататын және аса өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халыққа үлестірілген төлемдер мен жәрдемақылар бойынша ақпарат берді. Оған сәйкес, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 92, 2 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды, ал 699 мыңнан астам адамға АӘК берілді, көп балалы отбасылар 283,7 млрд теңгеге жәрдемақы алып, мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 364 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді, сондай-ақ қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.

Қарағанды облысының ел экономикасында маңызы зор

Қарағанды облысы Қазақстан индустриясының іргетасы саналады. Облыста соңғы жылдары шешімін тауып жатқан шаралар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында айтылған негізгі басымдылықтармен тікелей байланысты. Осы орайда 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалай дамығаны туралы шолу ұсынамыз.

Әрі қарай