Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова

Сейсенбі, 30 Маусым 2020, 15:27:36

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көлеңкелі экономиканы төмендету шаралары қаралды. Тиісті салаларда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы М. Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев баяндады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі көлеңкелі экономика деңгейін төмендетудің жүйелік шараларын іске асыруға белсенді түрде қатысуда. Көлеңкелі экономика деңгейін төмендетудің негізгі шараларының бірі – халық пен кәсіпкерлер арасындағы қолма-қол ақшасыз аударымдар мен төлемдерді ынталандыру.

М. Әбілқасымова атап өткендей, 2017 жылы заңды тұлғалар арасындағы ең төмен есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен жоғары сомаға мәміле бойынша барлық есеп айырысу қолма-қол ақшасыз формада жүзеге асырылуға тиіс деген заңнамалық талап енгізілді.

2020 жылғы сәуірде Ұлттық банк заңды тұлғалардың банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алу сомаларының шекті мөлшерін белгілейтін қаулы қабылдады.

«Қолма-қол ақшасыз айналымды кеңейту үшін биылғы 25 маусымда Мемлекет басшысы цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда жылжымайтын мүлікпен мәміле бойынша есеп айырысуды тек қолма-қол ақшасыз формада жүргізу қажеттілігі туралы талап көзделген. Аталған шараларды іске асыру үшін Агенттік банктер клиенттерінің қолма-қол ақшаны пайдалану бойынша белгіленген нормаларды сақтауына мониторинг жүргізеді», — деді М. Әбілқасымова.

Халықтың қолма-қол ақшасыз есептесуді кеңейту үшін банк шотын қашықтан ашуды енгізу тиімді шара болып табылады. 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасының айтуынша, кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша заңнамаға сәйкес дербес деректерді идентификациялау және құжаттармен растау үшін банк бөлімшесінде клиенттің міндетті түрде болуы талап етілді.

«Агенттік аталған талаптарды қайта қарады, клиенттерді қашықтан тексеру тәртібі жеңілдетілді. Енді азаматтар банк шотын банктердің бөлімшелеріне бармай, электрондық цифрлық қолтаңбаны, биометрия құралдарды немесе төлем карточкасының деректемелерін пайдалану арқылы аша алады», — деді ол.

Бүгінгі таңда 13 банк банктік шоттарды қашықтан ашады, оларға жеке тұлғалардың банктік шоттарының 99%-ы жатады. Банктердің 90%-ы қызметтерін интернет және мобильдік банкинг арқылы көрсетеді.

«2020 жылдың басындағы жағдай бойынша 30 млн астам төлем карточкасы айналымда. Соңғы 5 жылда онлайн транзакциялар саны 56 млн операциядан 992 млн операцияға дейін өсті, ал интернет-ресурстар мен мобильдік телефондарды пайдалану арқылы жасалған операциялар көлемі 2019 жылы 8,1 трлн теңге болды», — деді М. Әбілқасымова.

Қазақстан Республикасының ФАТФ қатысушысы ретінде қаржы нарығының барлық субъектілерінің Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық стандарттарын сақтау бойынша міндеттемелері бар. 

Қазіргі уақытта банктер және сақтандыру ұйымдары бұл талаптар мен стандарттарды толық көлемде сақтауда, ал микроқаржы ұйымдарының және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі реттелмеген болатын.

Осыған байланысты Агенттік бұл ұйымдарды олардың аталған заңнаманы сақтау туралы мәліметтерді ұсынуын міндеттейтін қаулыны қабылдады. 

М. Әбілқасымова хабарлағандай, тұтастай алғанда, 2020 жылғы қаңтар-мамырда көрсетілген заңнаманың талаптарын бұзу фактілері бойынша банктерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 81 хаттама жасалды, жалпы сомасы 6 400 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларға қатысты 77 хаттама жасалды және жалпы сомасы 9 181 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды, сақтандыру ұйымдарына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 37 хаттама жасалды.

Көлеңкелі экономика деңгейін төмендетудің жүйелік шарасы ретінде Агенттіктің құқық қорғау органдарымен және Қаржылық мониторинг комитетімен жедел өзара іс-қимыл жасауы реттелген. 

Ведомствоаралық үйлестіруді және жан-жақты қадағалауды күшейту үшін Қаржылық мониторинг комитеті, Агенттік және Ұлттық банк арасында үшжақты келісім әзірленді. Аталған Келісімді іске асыру қаржы нарығына қатысушыларды көлеңкелі сипаттағы операцияларды жасауға тарту тәуекелдерін кешенді бағалауға мүмкіндік береді. 

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев 2019 жылы Палата көлеңкелі экономика деңгейін есептеу тәсілдері мен индикаторларын әзірлегенін хабарлады. «Атамекен» ҚР ҰКП-ның бірқатар ұсыныстары бақылаудан тыс экономиканы бағалаудың жаңа әдістемесін әзірлеу кезінде ескерілді.

Сонымен қатар 2019 жылы көлеңкелі экономиканың байқалуына ықпал ететін себеп-салдарлық байланыстарды анықтау және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі ұсыныстарды талдау үшін әлеуметтік зерттеу жүргізілді. АӨК, құрылыс, көлік және логистика, сондай-ақ сауда саласында реттеу тиімділігін арттыру бойынша дағдарысқа қарсы шараларға талдау жүргізілді және ұсыныстар дайындалды. Қазіргі уақытта ұсыныстарды салалық мемлекеттік органдар пысықтауда.

«Көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша Ұлттық палата жұмысының басты элементі – жаппай цифрландыру. Біз мемлекеттік сатып алудың бірыңғай порталын іске қостық, онда бағаны мониторингілеуге, тым жоғары келісімшарттарды анықтауға болады. Қазір порталдың деректерін 2021 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарын оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобы пайдаланады. Сондай-ақ Ұлттық палата Бизнеске арналған үкімет жобасын пайдалануда, соңғы мақсат – мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық үдерістерін цифрландыру», — деді О. Ордабаев.

Бұдан өзге, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Ұлттық палата адал отандық бизнес-серіктестердің тізілімін құру мәселесін пысықтауда, ол кәсіпкерлік субъектілері туралы жан-жақты мәліметтерді жинақтауға мүмкіндік беретін, бизнес субъектілері бойынша ашық интеграцияланған деректер базасы болады. Бұл өзін-өзі бақылаудың тиімді жүйесін құруға, бизнестің жауапкершілігін арттыруға, көлеңкелі экономика мен корпоративтік сыбайлас жемқорлықты азайтуға, сенімді статистикалық база құруға, жалған кәсіпкерлік, банкроттық, орындалмаған міндеттемелер фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
16 Мамыр 2021, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №112
14 Мамыр 2021, 18:36
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:33
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №306 Қаулысы
14 Мамыр 2021, 17:27
А. Мамин Дүниежүзілік банктің вице-президенті А. Бьердемен кездесті 
14 Мамыр 2021, 17:24
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен онлайн жүйесінде сөйлесті
14 Мамыр 2021, 17:17
Қазақстан Президенті Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі қабылдады
14 Мамыр 2021, 16:46
Бұқаралық спортты, ішкі туризмді дамыту және Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары — А. Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жұмысы туралы
14 Мамыр 2021, 16:02
А. Мамин Финляндияның сыртқы сауда министрі В. Скиннаримен кездесті 
14 Мамыр 2021, 15:12
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар пакеті іске асырылады
14 Мамыр 2021, 12:44
Үкіметте азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өтті
13 Мамыр 2021, 19:47
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады
13 Мамыр 2021, 17:51
А. Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті
13 Мамыр 2021, 17:22
Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда
13 Мамыр 2021, 12:30
Қ. Тоқаев жер қатынастары туралы ҚР Заңына қол қойды
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.