Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кіріс жоспары 102,7% атқарылды — Е. Жамаубаев

Сейсенбі, 12 Қаңтар 2021, 13:00:49

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралды. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өз баяндамасында бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері бойынша негізгі көрсеткіштер, мемлекеттік аудит және мемлекеттік активтерді бәсекелес ортаға өткізу жөніндегі істердің жай-күйі  туралы баяндады.

Министр атап өткендей, мемлекеттік бюджетке 9 трлн 751 млрд теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар  102,7% атқарылды. Республикалық бюджетке 6 трлн 561 млрд теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 100,3% атқарылды. Кірістер бойынша жоспар 22 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар 16 млрд теңгеге артығымен орындалды.

Салықтар бойынша негізгі асыра орындау сомасы корпоративтік табыс салығына, пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салыққа және шикі мұнайға экспорттық кеден баждарына тиесілі.

Сонымен бірге, жоспар қосылған құн салығы бойынша бойынша 256 млрд теңгеге атқарылмады.

Министрдің айтуынша, атқарылмау себептері мыналар болды: 

  • 2019 жылмен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтару 1,5 есеге немесе 236 млрд теңгеге өскен;
  • «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес сату бойынша айналымдардың 14%-ға азайған. Негізгі төмендеу тау-кен өнеркәсібі саласына тиесілі, онда айналымдар бұрнағы жылдың 11 айымен салыстырғанда 42%-ға немесе 8 трлн теңгеге азайған;
  • 2019 жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасының үшінші елдермен тауар айналымы 14%-ға төмендеді.

«Соңғы жылдардың серпіні цифрландырудың фискалдық әкімшілендіруге әсері күшейе түскенін көрсетеді», – деді Е. Жамаубаев.

Жалпы пандемияға байланысты 2020 жылы салық түсімдерінің төмендеуі 2,4 трлн теңгеге бағаланады.Бұл ретте, есепті кезеңде негізінен салықтық – кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мен цифрландырудың есебінен 710 млрд теңге қосымша түсім қамтамасыз етілді.

Астана-1 ақпараттық жүйесі енгізілгеннен бастап, кедендік декларациялардың 100%-ы қашықтан ұсынылады.

«Егер бұрын біз өнім берушілер мен сатып алушылар арасындағы мәмілелерді тек есепті кезең аяқталғаннан кейін, яғни жарты жылдан кейін ғана көретін болсақ, қазір электрондық шот-фактуралар есебінен онлайн режимде көре аламыз», – деді Е. Жамаубаев.

Нәтижесінде камералдық бақылау тиімділігінің 1,5 есе өсуі қамтамасыз етілді, субъектілерге тексеріспен шықпай-ақ, олар өздері бюджетке 490 млрд теңге төледі.

2020 жылдан бастап онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға жаппай көшу жүргізілді. Қазіргі уақытта онлайн бақылау-касса машиналарының үлесі 97%-ға жетті. 

Ағымдағы жылы цифрландыруды кеңейту бойынша шаралар қабылдау жалғасатын болады, оның ішінде қосылған құн салығын төлеудің дұрыстығын онлайн әкімшілендіру үшін блокчейн технологиясын енгізу, ірі салық төлеушілердің «горизонталды мониторингін» жетілдіру, салықтан жалтарудың трансұлттық схемаларын анықтау үшін Экономикалық ынтымақтастықты дамыту ұйымымен және халықаралық ұйымдармен мәліметтер алмасу жоспарлануда.

Министрдің айтуынша, жергілікті бюджеттердің кірістері 108%-ға атқарылды және 3 трлн 191 млрд теңгені құрады. Жалпы жоспар 236 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 213 млрд теңгеге асыра орындалды.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,1%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары – 98,3%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,1%-ға атқарылды.

Республикалық бюджет бойынша 14 трлн 234 млрд теңгеге сомасына шығыстар жүргізілді. Орындалмау 241 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 224 млрд теңге - бұл Үкімет резерві бойынша үнемделген ақша және басқа шығыстар бойынша үнем. Игерілмеу сомасы - 15 млрд теңге.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне бағалау жүргізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес министрлік тиісті әдістеме мен ақпараттық жүйені әзірлегенін атап өту керек.

Қазіргі таңда 2015-2019 жылдар кезеңінде көрсетілген мемлекеттік қолдаудың 67 шарасы бойынша алдын ала деректер бар.

«Ағымдағы жылды тиімділікті бағалаумен қаржылық қолдаудың барлық шаралары қамтылатын болады, оның нәтижелері одан әрі бюджеттің сапасын жоғарылату үшін пайдаланылатын болады», – деді Е. Жамаубаев.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 8,4 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны - 78 млрд теңге.

2020 жылы өңірлерге көзделген нысаналы трансферттер толық көлемде бөлінді және 2,2 трлн теңгені құрады. Алдын ала деректер бойынша, жергілікті жерлерде 99,4%-ы игерілген. Атқарылмағаны – 13 млрд теңге, оның ішінде 2 млрд теңге – үнемдеу, 11 млрд теңге игерілмеді.

Министрдің айтуынша, өткен жылы республикалық бюджеттің параметрлері екі рет нақтыланған. Бұл ретте, бюджет заңнамасына сәйкес шығыс бөлігі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері бойынша 8 рет түзетілді. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша республикалық деңгейде де, нысаналы трансферттер бойынша жергілікті деңгейде де игерілмеу орын алды. Осыған байланысты министр мемлекеттік органдардың тиісті лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыруды ұсынады. 

2020 жылы камералдық бақылаумен сомасы 10,4 трлн теңгеге 1,4 млн аса  мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша сомасы 983 млрд теңгеге бұзушылықтар ескертілді. 2 177 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 1 трлн теңге бюджет қаражаты қамтылды. Сомасы 251 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның 74% бухгалтерлік және қаржылық есепті жүргізуге тиесілі болып отыр. Тауарларды жеткізуді, қызметтерді көрсетуді және жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 237 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 1 950 ұсыным берілді.

2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді толығымен жоспары орындалды. Есепті жылы 101 млрд теңге сомасына 12 объекті сатылды. 7 объекті қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. 55 объекті жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған жаңа жоспарына енгізілді. 2 объекті жекешелендірудің кешенді жоспарынан алынып тасталды. 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
12 Сәуір 2021, 10:57
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
11 Сәуір 2021, 18:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №107
11 Сәуір 2021, 08:09
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:05
Қ. Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады
07 Сәуір 2021, 18:00
Өнеркәсіп, құрылыс, жұмыспен қамту: Жамбыл облысының 2020 жылғы даму қорытындысы
07 Сәуір 2021, 16:38
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
07 Сәуір 2021, 16:19
Мемлекеттік комиссия ШОБ қолдаудың қосымша шараларын қарастырды
07 Сәуір 2021, 08:46
«Wizz Air» лоукостері Түркістан мен Алматыға әуе рейстерін ашуға ниетті
06 Сәуір 2021, 19:45
Қ. Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі қабылдады
06 Сәуір 2021, 12:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.04.2021
06 Сәуір 2021, 12:21
2025 жылға дейін еліміздегі барлық жолдар жол бойы сервисімен қамтамасыз етіледі — ҚР ИИДМ
06 Сәуір 2021, 11:20
600-ден аса вакцинация кабинеті, 800 мұздатқыш жабдық және 3 мың термоконтейнер дайындалды — ҚР ДСМ
06 Сәуір 2021, 10:08
Биыл ҚР-да 6 мың шақырым автомобиль жолын реконструкциялау және салу бойынша ірі жобалар іске асырылады
06 Сәуір 2021, 09:53
2021 ж. қыркүйекте Қазақстанда вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салу аяқталады
05 Сәуір 2021, 19:53
Вакцинациялаудың электрондық паспорты, жеке деректерді қорғау және байланыс сапасын жақсарту — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
05 Сәуір 2021, 17:27
Қ. Тоқаев ҚР Ұлттық Банкі басшылығының құрылымында кадрлық өзгерістер жасады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.