Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық банк 10,9% деңгейінде зейнетақы активтерінің кірістілігін қамтамасыз етті —  Е. Досаев

Сейсенбі, 26 Қаңтар 2021, 12:16:47

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банктің 2021 жылғы жұмыс қорытындылары, сондай-ақ банк саласының жай-күйі туралы баяндады.

Коронавирус пандемиясынан туындаған бұрын-соңды болмаған дағдарыс жағдайында Ұлттық банк Үкіметпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және алға қойған міндеттерге қол жеткізу үшін уақытылы шаралар қабылдады.

2020 жылы Ұлттық банктің негізгі күш-жігері келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталды:

  1.  Ақша-кредит саясаты инфляцияның өсуін 8-8,5% деңгейінің шегінде ұстап тұруға бағытталды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 7,5% болды. 
  2. Ұлттық банк валюта нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етті. Теңгедегі активтерді қорғау мақсатында алыпсатарлыққа жол бермеу және шетел валютасының ұсынысын қолдау бойынша шаралар кешені қабылданды. 
  3.  Ұлттық банк қаржы нарығын дамытуға және кірістілік қисығын құруға жәрдем көрсетті. Үкіметпен бірлесіп ақша нарығындағы артық өтімділік бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталды. Бұл ретте мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымдарындағы нарық қатысушыларының үлесі 3,8%-дан 32,7%-ға дейін ұлғайды. 
  4. Сіздің экономикалық белсенділікті қолдау бойынша дағдарысқа қарсы бастамаларыңызды іске асыру үшін Ұлттық Банк 2,3 трлн теңгеге дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландырды, бұл дағдарысқа қарсы жалпы қаржының 50%-дан астамын құрайды. 
  5. 2020 жылы жоғары нарықтық құбылмалылыққа қарамастан, Ұлттық банктің басқаруымен активтердің жоғары кірістілігі қамтамасыз етілді. Ұлттық қордың кірістілігі 7,6%, зейнетақы активтерінің кірістілігі 10,9% болды, бұл инфляциядан 3,4%-ға жоғары. 
  6. Пандемия және электрондық қызметтерге сұраныстың өсуі жағдайында Ұлттық банк цифрландыру мен қаржылық технологияларды белсенді түрде дамытты. Цифрлық қызметтер үлесін арттырған жаңа сервистерді енгізумен бірге Ұлттық банк қаржылық технологиялар мен ұлттық төлем жүйесін дамытуға бағытталған бірқатар стратегиялық құжаттарды қабылдады.

«Пандемия Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең терең құлдырауды бастай отырып, барлық елдердің экономикасына әсер етті. Халықаралық валюта қорының болжамдары бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік экономиканың қысқаруы 4,4%-ды құрайды. Негізгі дамушы елдердің ішінде экономиканың өсуі жалпы ішкі өнімі Қытайда ғана өскен – 2,3%-ға, бірақ онда соңғы 45 жылдағы ең төменгі мән тіркелді. 2021 жылы әлемдік экономиканың 5,2%-ға дейін қалпына келуі күтілуде, алайда тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға, сондай-ақ вакциналау процесінің жылдамдығы мен тиімділігіне байланысты неғұрлым баяу қалпына келу тәуекелі сақталуда», — деді Ұлттық банк төрағасы.

Қазақстанда 2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің қысқаруы 2,6% болды, бұл қабылданған дағдарысқа қарсы бұрын-соңды болмаған шаралардың арқасында жалпы әлемдік құлдыраудан айтарлықтай төмен.

2020 жылдың 2-ші тоқсанында рекордтық құлдыраудан кейін іскерлік белсенділік дағдарысқа дейінгі деңгейге қарай қалпына келуде. Ұлттық Банктің болжамы бойынша, 2021 жылдың ІІ тоқсанынан бастап Қазақстан экономикасы оң траекторияға шығады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай бағасы бір баррель үшін $45 болған кезде 3,7-4% деңгейінде өседі деп күтіледі.

2021 жылы Ұлттық Банк инфляцияны ағымдағы 7,5% деңгейінен 4-6% нысаналы дәлізіне қайтару міндетін қойып отыр. Орта мерзімді перспективада бұл инфляцияның 3-4%-дық мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Бұл үшін Ұлттық банк мемлекеттің макроэкономикалық саясатының тиімділігін арттыру бойынша жүйелі шаралар көзделетін Ақша-кредит және макроэкономикалық саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясын әзірледі. 2020 жылы Қазақстанның валюта нарығы күрделі күтпеген өзгерістерді бастан өткерді. Жаһандық пандемия және шикізат нарықтарындағы күтпеген өзгерістер 2020 жылғы наурызда теңге бағамының 17%-ке 448,5 теңгеге дейін әлсіреуіне әкелді»,деді Ерболат Досаев.

Осының аясында Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, ішкі валюта нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қабылдады.

Жоғарыда аталған шаралардың арқасында теңгенің айырбастау бағамы әлсіреуін біршама өтеп, 

2020 жылдың соңына қарай 6,1%-ға 420,91 теңгеге дейін нығайды. Нәтижесінде дамушы нарықтар валюталарының айтарлықтай әлсіреуі аясында теңгенің бағамы бір жыл ішінде тек 10%-ға төмендеді.

2021 жылы өзгермелі бағам режимін нығайту және Ұлттық қордың активтерін конвертациялау және нарықтың құбылмалылығын реттеу операцияларын жүргізу кезінде нарықтық қағидаттарды сақтау бойынша одан әрі шаралар қабылданатын болады.

2015 жылдан бері байқалған төлем балансының созылмалы тапшылығы сыртқы жағдайлардың нашарлауы аясында күшейе түсті. Нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша импорттың қалпына келуі мен шетелдік инвесторлар кірісінің төленуіне байланысты ағымдағы жылы (-)5,7 млрд АҚШ доллары деңгейінде тапшылық күтілуде, ол ағымдағы жылы (-)6,5 млрд АҚШ долларына дейін артады.

2020 жылы Ұлттық қордың активтері 4,8 трлн теңге сомасындағы трансферттердің рекордтық көлеміне және 2019 жылмен салыстырғанда түсімдердің 2 еседен астам қысқаруына байланысты $58,74 млрд дейін $3,1 млрд төмендеді.

«Нарықтың жоғары құбылмалылығына қарамастан Ұлттық қордың инвестициялық кірісі оң болып, $4,15 млрд құрады. Дамушы елдер облигацияларының, корпоративтік облигациялар мен акциялардың үлесін ұлғайту есебінен кірістілікті одан әрі арттыру Ұлттық Банктің Ұлттық қордың активтерін басқару жөніндегі 2021 жылғы негізгі міндеті болады», деді Е. Досаев.

Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері 2020 жылы $6,7 млрд ұлғайып, $35,7 млрд жетті. Алтын портфелі $4,7 млрд өсіп, 2020 жылдың соңында 388 тоннаны құрады.

Алтынвалюта резервтерінің құрамындағы еркін конвертацияланатын валютадағы активтер бір жыл ішінде $2 млрд ұлғайып, $12,1 млрд дейін өсті.

Жалпы алғанда, Ұлттық қордың активтерін қосқанда, Қазақстанның халықаралық резервтері 2020 жылы $3,6 млрд ұлғайып, $94,4 млрд құрады.

2020 жылы зейнетақы активтері 12,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, кірістілік 10,9% мөлшерінде қамтамасыз етілді.

2020 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1,3 трлн теңге болды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 563 млрд теңгеге немесе 80,4%-ке артық. Бұл ретте инвестициялық кіріс көлемі 1,1 трлн теңгені құраған зейнетақы жарналарының сомасынан асып түсті.

«Ұлттық Банктің бастамасымен заңнамаға түзетулерде 2021 жылдан бастап Ұлттық Банк комиссиясының шекті мөлшері инвестициялық кірістің 7,5%-інен 2,0%-іне дейін 3,8 есе, сондай-ақ зейнетақы қорының шекті комиссиясы жылына 0,30%-тен 0,12%-ке дейін 2,5 есе төмендетілді. Банк жүйесіндегі депозиттер 2020 жылы 22,1 трлн теңгеге дейін 16,1%-ке ұлғайды. Ұлттық валютадағы салымдар 28%-ке немесе 3 034,8 млрд теңгеге, шетел валютасында – 0,4%-ке өсті», деді Е. Досаев.

Пандемия басталғанда базалық мөлшерлеме бойынша шешімдердің жедел болуы теңгелік активтерге сұраныстың төмендеу қаупін шектеуге және бағамның шамадан тыс әлсіреуінің алдын алуға мүмкіндік берді. Наурызда 46,7%-ке күрт көтерілгеннен кейін долларландыру 2013 жылдан бергі ең төменгі деңгей – 37,3%-ке дейін төмендеді.

Экономикаға кредиттер 2020 жылы ұзақ мерзімді кредиттердің өсуі нәтижесінде 14,6 трлн теңгеге дейін 5,5%-ке ұлғайды.

Ақша-кредит талаптарының жеңілдеуіне қарай және экономиканы қолдау бағдарламалары есебінен экономиканың нақты секторына кредиттік ресурстардың құны 11,4%-ке дейін төмендейді.

Кәсіпорындарға кредиттер бір жыл ішінде 1,5%-ке азайғанмен, шағын бизнеске кредиттер 19,3%-ке немесе 406,4 млрд теңгеге артты. Халыққа кредиттер ипотекалық кредиттер портфелінің 34,3%-ке немесе 606 млрд теңгеге ұлғаюы есебінен 13%-ке өсті.

2021 жылы Ұлттық Банктің 2023 жылдан бастап экономиканы қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларынан кезең-кезеңімен шығуын ескере отырып, экономиканы кредиттеудің нарықтық қағидаттарын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалатын болады.

Ұлттық банк Сіздің бастамаларыңыздың шеңберінде мынадай дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асыруда.

1. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін 400 млрд теңгеге кеңейтілді. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша екінші деңгкейлі банктерге 1 трлн теңгеге 1 373 өтінім келіп түсті, банктер 516 млрд теңгеге қарыз берді.

2. Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы 800 млрд теңгеге дейін кеңейтілді және 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды. 2020 жылы банктер 528 млрд теңге сомасына
1 393 кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырды.

3. Жұмыспен қамту-2020 жол картасы шеңберінде бағдарламада көзделген 1 трлн. теңгеден Ұлттық Банк 700 млрд теңге қаржыландырды.

2020 жылы коронавирус және онлайн-қызметтерге сұраныстың артуы жағдайында қолма-қол ақшасыз төлемдердің 35,3 трлн теңгеге дейін 2,5 есе айтарлықтай өсуі байқалды.

Ұлттық төлем жүйесін дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды, оның шеңберінде 2021 жылы мезеттік төлемдер жүйесін және төлем карточкаларының банкаралық жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Аталған шараларды іске асыру қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау шығындарын 2 есе төмендетуге, ел ішіндегі төлемдерді жеделдетуге және қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануды кеңейтуге мүмкіндік береді.

2020 жылы цифрлық қаржы нарығының іргетасын қалау мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту жөніндегі тұжырымдама қабылданды.

Жаңа платформа енгізіліп, соның көмегімен онлайн-сервистерді пайдалана отырып, веб-портал арқылы қаржы нарығының субъектілерінен есептілікті қабылдаудың электрондық форматына толық көшу жүзеге асырылды.

2020 жылы Ұлттық Банк 28 орталық банкті қамтитын халықаралық жұмыс тобының құрамында өзінің цифрлық валютасын енгізу мүмкіндігін зерделеу жұмысын бастады.

2021 жылы Ұлттық Банк цифрлық инфрақұрылымды дамыту, активтер мен тәуекелдерді басқару жүйесін, реттеуші ортаны енгізу жұмысын жалғастыратын болады.

«2021 жылы Ұлттық Банк Үкіметпен бірлескен жұмыс шеңберінде баға тұрақтылығын және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ экономиканы қалпына келтіру үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ақша-кредит және фискалдық саясатты үйлестіруді күшейтеді. Бірлескен үйлестірілген әрекеттер инфляцияның тұрақты түрдегі төмен деңгейін қамтамасыз ете отырып, инвестициялар ағыны мен халықтың әл-ауқатын арттырудың кепілі болады, елдің экономикалық дамуына ақша-кредит саясатының ықпал ету әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді», деді Е. Досаев.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Наурыз 2021, 13:20
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
02 Наурыз 2021, 20:27
А. Мамин Қырғызстан Президенті С. Жапаровпен келіссөз жүргізді
02 Наурыз 2021, 19:17
Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін бақылау, су тасқыны кезеңіне дайындық, төтенше жағдайларға ден қою — ҚР ТЖМ
02 Наурыз 2021, 18:15
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті
02 Наурыз 2021, 17:33
Дәурен Кеңбейіл Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болып тағайындалды
02 Наурыз 2021, 15:10
Мұрат Теміржанов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Наурыз 2021, 15:04
Гүлжахан Бимендина ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы қызметінен босатылды 
02 Наурыз 2021, 14:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.03.2021
02 Наурыз 2021, 13:25
Инвестициялардың өсуі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Ақмола облысының 2020 жылы дамуы
02 Наурыз 2021, 13:12
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді
02 Наурыз 2021, 12:48
Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жақсарту үшін МСАК Астана декларациясының операциялық тетігі ілгерілетілуде — А. Цой
02 Наурыз 2021, 11:00
Қазақстанда бес жылда ауыл шаруашылығында өнім экспортын және ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің табысын 2 есе ұлғайту жоспарланған  
02 Наурыз 2021, 10:37
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
02 Наурыз 2021, 10:22
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
02 Наурыз 2021, 09:38
А. Мамин: 2025 жылға дейін ҚР АӨК-не 4 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделген
01 Наурыз 2021, 19:29
Коронавирус инфекцияcымен күрес, медициналық ұйымдарды жабдықтау, медицина саласындағы жалақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің дамуы
01 Наурыз 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен кездесу өткізді
01 Наурыз 2021, 15:13
2 наурыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
01 Наурыз 2021, 10:07
Ержан Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
01 Наурыз 2021, 08:26
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
28 Ақпан 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №101
27 Ақпан 2021, 15:24
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне шолу: 2020 жылдың қорытындысы және 2021 жылға арналған жоспар
26 Ақпан 2021, 19:55
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
26 Ақпан 2021, 18:31
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
26 Ақпан 2021, 16:20
Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, қызметтерді цифрландыру, зейнетақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша маңызды әлеуметтік жобалардың іске асырылуы
26 Ақпан 2021, 11:02
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
26 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №75 Қаулысы
25 Ақпан 2021, 19:09
«Бәйтерек» холдингінің өңдеу секторын қаржылай қолдау көлемі 21%-ға өсті
25 Ақпан 2021, 18:27
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
25 Ақпан 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына қатысты
25 Ақпан 2021, 16:58
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
25 Ақпан 2021, 15:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзі
25 Ақпан 2021, 13:31
Мұрат Нұртілеу ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
25 Ақпан 2021, 10:29
Әлібек Қуантыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды  
25 Ақпан 2021, 10:02
Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
24 Ақпан 2021, 18:18
Е. Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді
24 Ақпан 2021, 17:56
Ернат Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 17:46
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
24 Ақпан 2021, 14:32
Серік Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 10:31
Асқар Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
23 Ақпан 2021, 18:58
Елбасы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады
23 Ақпан 2021, 17:15
Әлеуметтік тұрақтылық және жұмыспен қамтуды сақтау: Қазақстанның өнеркәсіп секторы 2020 жылды оң даму қарқынымен аяқтады
23 Ақпан 2021, 16:11
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді
23 Ақпан 2021, 15:56
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.02.2021
23 Ақпан 2021, 15:42
Қазақстанда тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді — Б. Атамқұлов
23 Ақпан 2021, 15:23
Мобильді топтардың дайындығы, ауа райы жағдайының мониторингі, су деңгейін бақылау — су тасқыны кезеңіне дайындық қалай өтуде
23 Ақпан 2021, 15:08
Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды
23 Ақпан 2021, 13:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №72 Қаулысы
23 Ақпан 2021, 11:48
Қазақстан экономикасын әртараптандыру АӨК әлеуетін ашу, индустрияландыру және сапалы цифрландыруды жүргізу арқылы іске асырылады
23 Ақпан 2021, 10:30
Үкімет су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесін қарады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.