Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев

Сәрсенбі, 12 Мамыр 2021, 12:33:13

ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.

«Көрсетілген кезеңде мұнай және конденсат өндіру көлемі 28,1 млн тоннаға жетті, биылғы қаңтар-сәуір айларының жоспарына 99,4%. Мұнай және конденсат өндіру көлемінің есепті айдың жоспарынан төмен болуының себебі – сәуір айындағы Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс жөндеу жұмыстарына байланысты болды», — деді Нұрлан Ноғаев.

Мұнай-газ саласындағы iрі компаниялар бойынша көрсеткіштер төмендегідей:

Теңіз жобасында аталған кезеңде 9 млн тонна мұнай өндірілді, бұл есепті айдың жоспарына 100,1% құрайды. Солтүстік Каспий жобасы: Қашағанда мұнай өндіру көлемі 4,9 млн тонна болды, яғни қаңтар-сәуір айларының жоспары 100% орындалды. 

Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 4 млн тоннаны құрады, биылғы төрт айдың жоспарына 96,3%-ды, яғни өндіру көлемінен 152 мың тоннаға төмен көрсеткішті көрсетті. Есепті кезең ішінде 22,1 млн тонна мұнай экспортталды, биылғы қаңтар-сәуір айларының жоспары 100% орындалды.

Көрсетілген кезеңде 18,1 млрд текше метр көлемінде газ өндірілді, бұл биылғы төрт айдың жоспарымен салыстырғанда 100%-ды көрсетті.

Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 7,8 млрд текше метрге жетті, осы көрсеткіш биылғы қаңтар-сәуір айларының жоспарына 110% орындалды.

Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 1,07 млн тонна, бұл есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 102,3% тең. 

Экспортқа шығарылған газ көлемі 2,87 млрд текше метрді құрап, есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 100,3%-ға жетті. 

Биылғы қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша 4,1 млн тоннадан астам мұнай өнімдері өндірілді, бұл көрсеткіш есепті кезең жоспарына 105,4% құрайды, соның ішінде: 

  • Автобензин бойынша көрсеткіш 1,5 млн тоннаға жетті, яғни жоспардың 105%-ы; 
  • Өндірілген дизель отынының көлемі 1,5 млн тонна, бұл есепті айлардың жоспарына 100%.
  • Әуе отыны бойынша көрсеткіш 170 мың тоннаға тең, яғни жоспардың 103,1%-ы.

Мазут өндірісіне тоқталатын болсақ, оның көрсеткіші 912 мың тоннаны құрады, бұл жоспардың 120%-ы. 

Сонымен қатар есепті кезеңде битум өндірісі 200 мың тоннаға жетті, яғни есепті кезеңнің жоспарына 87% құрады.

«Битум бойынша жоспардың орындалмау себебі – биылғы қаңтар-ақпан айларында ауа-райы температурасының әдеттегіден күрт төмендеуінен “Газпромнефть-Битум” мекемесіне газды беру шектелген болатын», — деді энергетика министрі. 

Бұл мәселені шешу үшін бүгінгі таңда «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы «Шымкент-4» газ тарату станциясының «Леңгір» шығыс желісін реконструкциялау жұмыстарын бастап, биылғы жылдың 1 тамызына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Аталған жұмыстарды жүзеге асырғаннан кейін күзгі-қысқы кезеңде «Газпромнефть-Битум» серіктестігін табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі толықтай шешілетін болады.

Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Атырау мұнай өңдеу зауыты биылғы қыркүйек айына дейін отын нұсқасында жұмыс істеп, қыркүйек айынан бастап мұнай-газ химия өнімдерін өндіруді жоспарлауда.

«Сонымен қатар мұнай-газ химия өнімдерінің, соның ішінде бензол және параксилол өндірісінің негізгі көлемін өндіру Атырау мұнай өңдеу зауытына тиесілі екендігін мәлімдеймін», — деді Н. Ноғаев.

Есепті кезеңде 40 млрд кВт.сағат электр энергиясы өндірілді, яғни жоспар 100% орындалды. 

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша электр энергиясының көлемі 0,8 млрд Квт сағатты құрап отыр, яғни жоспар 100% орындалды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
23 Маусым 2021, 20:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
23 Маусым 2021, 18:26
Мемлекет басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін қабылдады
23 Маусым 2021, 18:02
Қуаныш Ерғалиев ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды
23 Маусым 2021, 17:33
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Маусым 2021, 16:52
Ләззат Сүйіндік ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды 
23 Маусым 2021, 08:44
Қ. Тоқаев ҚР ҚК әскерлерінде бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
23 Маусым 2021, 08:26
ВАК көшпелі отырысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық ахуалды қарады
22 Маусым 2021, 18:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №416 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №414 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №410 Қаулысы
22 Маусым 2021, 17:45
Гүлзат Көбенова ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы болып тағайындалды
22 Маусым 2021, 15:59
ВАК Қазақстанның бас санитарлық дәрігеріне карантин режимі бойынша бірқатар қосымша шара қабылдауды ұсынды
22 Маусым 2021, 14:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин коронавирусқа қарсы вакцина алды
22 Маусым 2021, 12:50
Пандемия кезеңінде 500 мыңға жуық қазақстандық волонтерлік қызметке қатысты
22 Маусым 2021, 11:30
Қазақстанда мемлекеттік автобус парктерін толық жекешелендіру көзделген — С. Жұманғарин
22 Маусым 2021, 10:42
КВИ-мен ауыру көрсеткіші жоғары өңірлерде инфекциялық және реанимациялық төсек орындардың жүктемесі төмендегені байқалады — А. Цой 
22 Маусым 2021, 10:03
А. Мамин волонтерлік қозғалысты ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырды
22 Маусым 2021, 09:54
Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарады
22 Маусым 2021, 09:46
А. Мамин елордада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды
21 Маусым 2021, 17:47
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады
21 Маусым 2021, 15:56
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі
21 Маусым 2021, 15:13
22 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
21 Маусым 2021, 13:10
А. Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет жұмысы туралы есеп берді
20 Маусым 2021, 14:40
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №117
20 Маусым 2021, 11:57
А. Маминге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың жаңа стандарттарын енгізу туралы баяндалды
19 Маусым 2021, 10:16
Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды
18 Маусым 2021, 18:31
Қ. Тоқаев Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді ратификациялады
18 Маусым 2021, 18:27
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды
18 Маусым 2021, 18:24
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
18 Маусым 2021, 16:30
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарады
18 Маусым 2021, 10:29
Ақан Абдуалиев ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
18 Маусым 2021, 09:26
Батырбек Әбділдин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
17 Маусым 2021, 21:10
Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
17 Маусым 2021, 21:00
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
17 Маусым 2021, 17:03
Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды
17 Маусым 2021, 09:06
Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
16 Маусым 2021, 21:00
Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
16 Маусым 2021, 20:20
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ. Келімбетовті қабылдады
16 Маусым 2021, 18:00
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысты
15 Маусым 2021, 18:36
Бюджетті оңтайландыру, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету және мемлекеттік сатып алуды жетілдіру — қаржы министрі халық алдында есеп берді
15 Маусым 2021, 16:45
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
15 Маусым 2021, 16:43
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті В. Алекперовті қабылдады
15 Маусым 2021, 14:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №399 Қаулысы
15 Маусым 2021, 14:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №396 Қаулысы
15 Маусым 2021, 12:33
2021 жылғы маусым айында утилизациялық алымға «нөлдік мөлшерлеме» енгізілді — М. Мырзағалиев
15 Маусым 2021, 10:55
Соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны 16%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
15 Маусым 2021, 10:40
Еліміздің 216 кәсіпорнында «нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы енгізілді — С. Шәпкенов
15 Маусым 2021, 10:07
Үкімет қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекітті
15 Маусым 2021, 09:51
Үкімет экологияны жақсарту мәселелерін қарады
15 Маусым 2021, 09:38
ҚР өңірлерінің көпшілігі COVID-19 ауруы бойынша «жасыл» аймақта орналасқан
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.