Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ

Сейсенбі, 19 Қаңтар 2021, 11:02:18

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңартылған құрамда Үкіметтің алғашқы отырысын өткізді. Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады.

Коронавирус инфекциясының пандемиясы әлемнің барлық елдерін қамтыды және медициналық көмек пен тестілеудің қолжетімділігіне, қабылданатын карантиндік шараларға және халықтың аурудың таралуының алдын алу шараларын ұстануына байланысты әр түрлі қарқындылығымен сипатталады.

Денсаулық сақтау министрі атап өткендей, бүгінгі таңда әлемнің 220 елінде КВИ-дің 95 млн-нан астам жағдайы тіркелген. 2 млн-нан астам адам қайтыс болды, жаһандық өлім көрсеткіші 2,1%-ды құрайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алты өңірінің үш өңірінде (Америка, Тынық мұхиттың батыс бөлігі және Африка) халықтың COVID-19 вирусымен сырқаттануының ұдайы өсуі жалғасуда.

Еуропа және Шығыс Жерорта теңізі өңірлерінде төмендеу белгілерінсіз сырқаттанушылықтың тұрақты түрде жоғары деңгейі байқалады. Төмендеу үрдісі тек Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде байқалады.

Сырқаттанушылықтың таралу көрсеткіші мен деңгейі бойынша Қазақстан Республикасы Түркия сияқты тәуекелі орташа аймақта немесе сары аймақта тұр. Тәуекелі жоғары аймақта, яғни қызыл аймақта Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь, Германия, Италия, Франция, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты елдер тұр. Оңтүстік Корея мен Сингапур жасыл аймақта.

«Қазақстанда пандемия басталғаннан бері COVID-19-ға оң нәтижемен 170 098 науқас және 46 866 КВИ- жағдайы тіркелген. КВИ+ 154 449 науқас және КВИ- 34 656 науқас емделіп шықты. Қайтыс болған адамдар саны – КВИ+ 2 423 адам және КВИ- 542 адам. Оның ішінде соңғы тәулікте КВИ+ 999 жағдай және КВИ- 18 жағдай тіркелді, оның ішінде 9 – өлім жағдайы», — деді А. Цой.

Министрлік күн сайын матрицаға сәйкес эпиджағдайға бағалау жүргізіп отырады.

Осы жыл басталғаннан бері тәуекелі орташа аймақтан тәуекелі жоғары аймаққа немесе сары аймақтан қызыл аймаққа 3 өңір — Қостанай, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы өтті. Тәуекелі төмен аймақтан тәуекелі орташа аймаққа немесе жасыл аймақтан сары аймаққа 2 өңір: Алматы және Қарағанды облыстары өтті. 

Осылайша, 19 қаңтарда қызыл аймақта 6 өңір тұр: Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. Сары аймақта 3 өңір: Батыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстары. Қалған 8 өңір жасыл аймақта.

А. Цойдың айтуынша, жалпы алғанда, республика бойынша қараша айынан бастап КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, қазан айымен салыстырғанда қараша айында сырқаттанушылық 4,5 есе өсті, қарашамен салыстырғанда желтоқсан айында 1,2 есе өсті. 

«Бірқалыпты өсу үрдісі қаңтар айында да сақталып отыр, бұл желтоқсан мен қаңтар айларында ұзақ мереке күндері халықтың барлық профилактика шараларын сақтамауының салдары болып табылады. Мәселен, қаңтардың 19 күні ішінде КВИ-дің 14 625 жағдайы тіркелді. Сырқаттанушылықтың өсуі Шығыс Қазақстан облысынан басқа барлық өңірде байқалады», — деді денсаулық сақтау министрі.

Биылғы 19 қаңтардағы жағдай бойынша инфекциялық және реанимациялық төсектердің жүктелуі тиісінше 32%-ды және 23%-ды құрайды. 

Мониторинг деректеріне сәйкес төсек қорының қамтылуы бақыланатын деңгейде, қажет болған жағдайда әрбір өңірде резервтік төсектерді қосымша ашу мүмкіндігі бар.

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бірқатар өңірде, оның ішінде Ақмола, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында халықтың көп жиналатын орындарында қарым-қатынасты азайтуға бағытталған шектеулерді күшейту бойынша шаралар қабылданды.

Вирустың мутацияға бейімділігін ескере отырып, Министрлік тұрақты негізде ҚР-да бөлінген вирус штаммдарына молекулалық-генетикалық секвенирлеу жүргізеді.

Талдау көрсеткендей: 

  • зерттелген сынамалар генетикалық жағынан Германия, Испания, Украина, Ресей Федерациясы, АҚШ және Қытайда анықталған штаммдарға жақын;

  • аурудың симптомдық және симптомсыз түрлері, сондай-ақ вирустың контагиоздылығы және аурудың ауыр өтуі вирустың қандай да бір генетикалық сызыққа жататындығына байланысты емес;

  • барынша көп анықтау жиілігімен мутациялар анықталды;

  • зерттелген сынамаларда коронавирустың «Британдық» штаммы анықталған жоқ.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

А. Цойдың айтуынша, Мемлекет басшысының КВИ-ге қарсы вакцинацияны жеделдетіп бастау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында мынадай жұмыстар жүргізілуде: 

  • 2021 жылғы 19 қаңтарда Қарағанды фармацевтикалық кешені мен Ресей тікелей инвестициялар қоры арасында «Спутник V» вакцинасының 20 мың дозасын жеткізуге арналған шартқа қол қою жоспарлануда;

  • Биылғы 20 қаңтарда арнайы тәртіп бойынша сатып алуды жүргізу үшін бір жолғы әкелуге рұқсат беру және ҚР ДСМ-нің СҚ-Фармацияға хат жіберуі жоспарланып отыр; 

  • Осы жылғы 1 ақпанда – егуге жататын халық топтарын КВИ-ға қарсы вакцинациялауды бастау көзделген.

Вакцинациялау вакцинаның келіп түсуін ескере отырып, кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте контингенттер мынадай түрде бөлінген:

  • I кезең – инфекциялық ауруханалар, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қарқынды терапия бөлімі, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, ауруханалардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері жатады – 100 000 адам — 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап; 

  • II кезең – жалпы білім беретін мектептердің, арнаулы орта оқу орындарының, жоғары оқу орындарының педагогтары, ведомстволық медициналық қызметінің медицина қызметкерлері – 150 мың адам — биылғы наурыздан бастап;

  • III кезең – мектеп-интернаттар, балалардың мектепке дейінгі мекемелері педагогтары, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам — биылғы сәуірден бастап;

  • IV кезең – Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінің қызметкерлері, басқа стационарлардың медицина қызметкерлері, БМДМ персоналы және созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам — биылғы мамырдан бастап;

  • V кезең – медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы, балалардың жабық мекемелерінің қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам, биылғы маусымнан бастап;

  • VI кезең – тәуекел тобындағы қалған контингент – 600 мың адам, биылғы шілде айынан желтоқсанға дейін. 

Осылайша, жыл соңына дейін 6 млн қазақстандыққа вакцина егу жоспарланған.

Өндірушіден медициналық ұйымдарға дейінгі барлық жолында вакцинаның сапасын қамтамасыз ету мақсатында GDP стандарты «салқын тізбектің» әрбір кезеңінде жауапты адамдардың болуын көздейді. 

Вакцинаны жеткізу тізбегі 4 кезеңнен тұрады: 

I кезең – өндірушіден Бірыңғай дистрибьютор қоймаларына дейін, мұнда «салқын тізбек» принципін сақтауға вакцинаны өндіруші/жеткізуші жауапты болады;

II кезең – БД қоймаларынан денсаулық сақтау басқармаларының (ДСБ) дәріхана қоймаларына дейін, мұнда «салқын тізбек» принципін сақтауға Бірыңғай дистрибьютор жауапты болады; 

III кезең – өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларынан аудандар мен қалалардың медициналық ұйымдарына дейін, мұнда «салқын тізбек» принципін сақтауға өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары жауапты болады;

IV кезең – медициналық ұйымдарда сақтау. 

«Бүгінгі таңда “салқын тізбектің” барлық қатысушысы үшін COVID профилактикасы бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламентінің жобасы әзірленді. “Салқын тізбектің” әрбір кезеңінде вакцинаны сақтау ыдыстары салыстырып тексерілді. Өңірлерге және медициналық ұйымдарға мұздатқыш жабдықтардың, термоконтейнерлердің, термоиндикаторлар мен салқындату элементтерінің жетіспейтін көлемін сатып алу тапсырылды», — деді А. Цой.

КВИ-ге қарсы вакцинациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге дайындықты қамтамасыз ету мақсатында:

  • Ұлттық екпелер күнтізбесіне КВИ-ге қарсы вакцинацияны енгізу бөлігінде ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді; 

  • КВИ-ге қарсы вакцинациялау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар дайындалды;

  • КВИ-ге қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жоспар бекітілді; 

  • Биылғы 18 қаңтарда ұлттық және өңірлік деңгейдегі мамандар оқытылды. 2021 жылғы 20-27 қаңтар аралығында медициналық ұйымдардың мамандарын онлайн оқыту жоспарланған.

Жүйелі есепке алу мақсатында вакцинациялаудың электрондық паспорты әзірленді. Вакцинация жүргізу туралы деректер Министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электрондық форматта жүргізілетін болады.

Пациент және медицина қызметкері ақпаратты m-gov мобильдік қосымшасында қолмен веб-қосымшаға енгізе алады. Жүйе жаһандық ақпараттық жүйелермен интеграциялануға қабілетті және вакцина алған барлық адамдарға талап етілетін жерде ұсыну үшін ақпарат беруге және еркін қозғалуға мүмкіндік береді.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын ескере отырып, сондай-ақ КВИ-ге қарсы вакцинациялау жүргізуге дайындықты қамтамасыз ету мақсатында:

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне:

- эпидемиологиялық тәуекел аймағына байланысты шектеу шараларын дереу енгізу;

- мониторингтік топтардың жұмысын күшейту;

- медициналық ұйымдардың ағымдағы жылғы 1 ақпаннан бастап КВИ-ге қарсы вакцинацияны бастауға дайындығын қамтамасыз ету;

- КВИ-ге қарсы вакциналарды сақтау және тасымалдау үшін тоңазыту жабдықтарын және термоконтейнерлерді сатып алуды аяқтау;

- вакцинациялау процесіне тартылған барлық мамандарды КВИ-ге вакцинациялау мәселелері бойынша оқытуды қамтамасыз ету;

2. Қаржы және әділет министрліктеріне, жергілікті атқарушы органдарға бір күн ішінде КВИ-ге қарсы вакцинацияны Ұлттық екпелер күнтізбесіне енгізуді регламенттейтін ҚР Үкіметі қаулысының жобасын келісу. 

3. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне барлық өңірлердің егу пункттерінің КВИ-ге қарсы вакцинациялауға дайындығын алдын ала бақылауды қамтамасыз ету;

4. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне халықты вакцинациялауды қоса алғанда, КВИ профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің болжау жөніндегі жұмыс тобы міндетті маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауды және күтілетін вакцинацияны қоса алғанда, қолданыстағы шектеу шаралары сақталған жағдайда 2021 жылдың соңына дейін эпиджағдайдың дамуына болжам жасады.

«Жағдайлар осы жылдың наурыз айының соңында көп тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін күтілуде, ал төсек қорының барынша қамтылуы 24 мың төсекке дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, аталған сценарий кезінде қатаң карантиндік шараларды енгізу жоспарланып отырған жоқ», — деді А. Цой.

Реалистік және пессимистік сценарийлер кезінде күн сайын тиісінше 6 және 9 мың жағдайға дейін тіркелуі мүмкін, ал төсек қорының қамтылуы 45 мың төсекке дейін жетеді, яғни КВИ-мен ауыратын науқастарға қолжетімді 52 мың төсектен аспайды, бірақ денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс жүктеме түсірмеу және сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қатаң карантиндік шараларды енгізу қажет болады. 

Бірінші кезеңде 2 млн адамды вакцинациялау эпидемияның дамуына оң әсер етеді, бұл вакцинациядан кейін иммунитетті дамыту үшін қажетті уақытпен, халықтың көп бөлігін бір уақытта вакцинациялаудың мүмкін еместігімен шектеледі.

«Біздің есептеуімізше, 2 млн адамды вакцинациялау тіркелген жағдайлардың санын 40 мыңға азайтады. Тиісінше, вакцинациямен қамту неғұрлым жоғары болса, КВИ-мен сырқаттанушылық пен өлім-жітім азаяды және шектеу шаралары мен локдаунсыз өмірге оралу ықтималдығы артады. Пандемияның дамуының осы кезеңінде бүкіл әлем өзін-өзі оқшаулау мен карантинге жалғыз балама – вакцинация екенін түсінді», — деді А. Цой. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бірқатар өңірде коронавирус тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілгенін айтты.

Атап айтқанда, алдыңғы аптамен салыстырғанда өткен жетіде барлық құралдар арқылы короновирус тақырыбындағы ақпараттық материалдар 27%-ға артып, жыл басынан бері шыққан телесюжеттердің, баспа өнімінің, интернет-материалдың саны 6 мыңға жуықтады.

Халықты ақпараттандыру мәселесінде арнайы ашылған coronavirus2020.kz сайтының орны ерекше. Қазіргі таңда оған күніне 80 мыңнан аса пайдаланушы кіріп, тиісті ақпарат алуда.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өткен аптада Павлодар облысында КВИ-дің 616 жағдайы тіркелгенін хабарлады. Аурушаңдықтың өсуі 5,8% құрады. Соңғы тәулікте 155 жағдай анықталды. 396 байланыста болған адам анықталды. Барлық үй ошақтарында эпидемиологиялық зерттеулер жүргізіліп, жаңа ошақтар оқшауланды.

«Өңірдің денсаулық сақтау жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді. Инфекциялық төсектердің жүктелуі 37,7%-ды құрайды. Қазір барлығы 1 635 төсек-орны бар. Резервте тағы 2 168 бар. Реанимацияда 21 науқас бар, оның 3-і өте ауыр жағдайда», — деді Ә. Сқақов.

Облыс бойынша 169 мобильді бригада жұмыс істейді. Тәулігіне 2 520 ПТР-ға дейін зерттеу жүргізіледі. Жағдай бақыланатын.

Аймақтың қызыл аймаққа кіруіне байланысты шектеу шаралары күшейтілді. Демалыс күндеріне локдаун енгізілді: демалыс күндері азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлардың, СОСО, СПА-орталықтардың, сауналардың, спорт объектілерінің, спорт кешендерінің, фитнес-орталықтардың қызметі, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды. Қалааралық, ауданаралық автобус, микроавтобус тұрақты жолаушылар тасымалдарының қозғалысы тоқтатылды. Адамдар көп жиналатын орындарға ерекше назар аудара отырып, күшейтілген режимде 176 мониторингтік топ жұмыс істейді.

Барлық медициналық-әлеуметтік мекемелер персоналдың тәулік бойы болу режиміне толық оқшаулауға және сырттан келген барлық байланыстарды шектеуге көшті.

Ковидтік инфекция бойынша бірыңғай ақпараттық-талдау орталығы жұқтыру ошақтарын жедел оқшаулау, байланыста болған адамдарды бақылау үшін жұмыс істейді. 24/7 режимінде облыс тұрғындарын эпидемиологиялық ахуал және онымен байланысты мәселелер туралы хабардар ету үшін бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.

Баяндама соңында Ә. Сқақов жұмыс барлық бағытта жалғасып жатқанын және ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өз кезегінде Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады.

Соңғы аптада, жалпы аурудың орташа өсуі 0,8% құрады, соңғы тәуліктерде – 1,2% немесе 99 жағдай. 526 адам стационарда емделуде, оның ішінде: ауыр жағдайда – 41 адам. 

Аурудың артуына жол бермеу және карантин шараларын күшейту үшін, барлық қажетті шара қолданылады.

«Азық-түлік емес дүкендердің, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыс тәртібі, 30% толуына қарай сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, үй-жайлардағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін шектелді», — деді Е. Маржықпаев.

Мониторинг топтарымен, жыл басынан бері 346 рейд өткізілді, 1212 объект қамтылды. 

Өткен аптада инфекциялық стационарларда, оның ішінде ауылда орын саны артты. Реанимациялық орындардың жабдықталуы 100% құрайды. Бүгінгі таңда Ұлттық сараптама орталығының бірыңғай порталымен интеграцияланған 6 зертхана жұмыс істейді. Тәулігіне 1700-ден 2000 дейін тест өткізіледі. Қажеттілігіне қарай, зертханалардың резервтік қуаты тәулігіне 7 мыңға дейін тест өткізуге мүмкіндік береді. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарының қызметі бойынша шаралар күшейтілді. Жаңа жылда, 18 емхана мобильді бригадалармен халыққа қызмет көрсету үшін 37 автокөлікпен қосымша қамтамасыз етілді. 

«Халықты вакциналау үшін дайындық жұмысы жүргізілуде. “Спутник V” вакцинасының 100 мың дозасын сақтау үшін 2 мұздатқыш камерасы бар, тағы 4 сатып алынуда. Сонымен қатар «мұздатқыш тізбекке» сәйкес, 38 термоконтейнер, 19 терморегистратор, 2 авторефрежатор сатып алынады», — деді Ақмола облысының әкімі.

Дәрілік заттардың құрылған 2 айлық қоры қажеттілігіне қарай пайдаланады және жедел тәртіпте толтырылады. Дәрімен тегін қамтамасыз ету тәртібі халыққа жеткізілді және 98,7% құрайды. Бүгінгі таңда 61 млн теңге сомасына дәрілік заттардың 90 аталымы жеткізілді, қаңтар айының соңына дейін қалған 180 млн теңге сомасына жүк келеді. Қажетті дәрілік заттарды қосымша сатып алу үшін облыстың тұрақтандыру қорында 500 млн теңге қарастырылды.

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай ерекше бақылауда.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пандемия басталғаннан бері өңірде 672 COVID-19 жағдайы тіркелгенін айтты. Қазіргі уақытта 1096 стационарлық төсек-орын қамтамасыз етілген, жүктемесі 39,5% құрайды. Қажет болған жағдайда, төсек-орын санын 3 мыңға дейін арттыруға дайын.

«Биылғы 18 қаңтардан бастап сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты карантиндік шаралар 2 апта мерзімге қатаңдатылды. Мәселен, облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына бірқатар өзгеріс енгізілді. Діни объектілердің қызметі уақытша тоқтатылды. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақыты бойынша шектелді. Сенбі және жексенбі күндері алаңы 2000 шаршы метрден асатын азық-түліктік емес сауда объектілерінің, жабық азық-түлік және азық-түліктік емес базарлардың, сауналардың, СПА-орталықтардың, жабық спорт объектілерінің, оның ішінде фитнес-орталықтардың қызметі, сондай-ақ қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды», — деді А. Мұхамбетов.

Карантиндік шаралардың сақталуын бақылау мақсатында мониторинг топтары жыл басынан бері 942 рейд жүргізді, 2823 объекті тексерілді, 26 бұзушылық анықталды. Аталған фактілер бойынша 26 әкімшілік айыппұл салынды. 

Дәріханаларды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету мақсатында тұрақтандыру қоры 538 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялауға дайындық жүріп жатыр. 72 бірлік медициналық мақсаттағы мұздатқыш камерасын сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер аяқталып келеді. Бірінші партияны жеткізу ағымдағы жылдың 10 ақпанында басталады. Облыстың дәріханалары мен стационарларында дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныш құралдарының азайтылмайтын екі айлық қоры бар.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
18 Сәуір 2021, 10:08
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №108
16 Сәуір 2021, 18:20
А. Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
16 Сәуір 2021, 18:05
Инвестициялық штаб отырысында 2021 жылдың I тоқсанындағы инвестицияларды тарту қорытындылары қаралды
16 Сәуір 2021, 14:39
Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өткізді
16 Сәуір 2021, 12:30
Марат Ахметжанов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды
15 Сәуір 2021, 19:33
Жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жұмыс орындарын ашу: ҚР-да халықты жұмыспен қамту шаралары
15 Сәуір 2021, 19:13
Елбасы Премьер-Министр Асқар Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады
15 Сәуір 2021, 18:49
Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 15:36
Қазақстанда су тасқыны жағдайы тұрақты — Ю. Ильин
15 Сәуір 2021, 13:47
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
15 Сәуір 2021, 11:46
Ә. Смайылов туристік маусым қарсаңында ШОБ проблемалық мәселелерін қарастыру жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 11:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №229 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 11:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №223 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №235 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 Қаулысы
14 Сәуір 2021, 17:43
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады
14 Сәуір 2021, 16:26
Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 15:32
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 14:24
Тұрғын үй саясатын жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй салу және тиімді шарттармен ипотека беру — Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту
13 Сәуір 2021, 19:31
Р. Скляр cу тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
13 Сәуір 2021, 17:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:58
Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Сәуір 2021, 14:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №210 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 14:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 13:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №207 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.