Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2025 жылға қарай Екібастұз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бес есе өседі — Ә. Ерғалиев

Сейсенбі, 21 Қыркүйек 2021, 12:07:08

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Павлодар облысының Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары қаралды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов баяндама жасады.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев атап өткендей, Кешенді жоспар инвестициялық жобаларды іске асыруды, тұрғын үй, инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамытуды, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экологиялық мәселелерді жақсартуды көздейтін 114 іс-шарадан тұрады.

«Жоспарды іске асыратын инвестициялардың жалпы сомасы 932,8 млрд теңгені құрайды, оның ішінде РБ – 64,7 млрд теңге, ЖБ – 33,5 млрд теңге, жеке инвестициялар – 834,6 млрд теңге. Жалпы сомасы 822,3 млрд теңгеге қаланың экономикасын дамыту үшін өнеркәсіпті, агроөнеркәсіптік кешенді, энергетиканы, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 35 іс-шараны іске асыру жоспарда көзделген», — деді Ә. Ерғалиев.

Оның айтуынша, өнеркәсіпте 400 га индустриялық аймақ құру, ферроқорытпалар, техникалық кремний, металлургиялық  көмір электродтары, темір жол үшін соғылған бұйымдар бойынша зауыттар салу көзделген. Бұдан басқа, көмір өндірудің автоконвейерлік технологиясына көшу көзделеді.

Агроөнеркәсіптік кешенде жылыжайлар аумағы 30 га-дан 60 га дейін кеңейтіледі, нан-тоқаш және макарон өнімдері, қымыз, 2 бордақылау алаңы өндірісі бойынша кешендер салынады, сондай-ақ суармалы жерлер 10 мың га-ға ұлғаяды.

Энергетика саласында жалпы қуаты 1136 МВТ болатын 2 энергоблок салынады.

«Кәсіпкерлікті дамыту үшін «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» бағдарламалары шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беру көзделген. Сонымен қатар, «Business Ertis» өңірлік жобасын жүзеге асыру жоспарлануда», — деді Ә. Ерғалиев.

Халықтың өмір сүру сапасын арттыру және жағдайын жақсарту мақсатында жалпы сомасы 84,9 млрд теңгеге тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық және жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 37 іс-шара іске асырылатын болады.

Қалада 50 км магистралдық және квартал іші жылу желілері салынады, сонымен қатар кейбірі қайта жаңартылады.

Кешенді жоспар аясында 200 мың шаршы метр кредиттік және жалға берілетін тұрғын үй салу, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін 370 учаске бөлу көзделген.

«Қалада 104,7 км сумен жабдықтау және су бұру желілері, 32,5 км су құбыры желілері және 2 тазарту сорғы станциялары салынады және кейбірі қайта жаңартылатын болады», — деді Ә. Ерғалиев.

Министр атап өткендей, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қазіргі заманауи инфрақұрылым құру көзделген. Денсаулық сақтау саласындағы материалдық-техникалық база нығайтылады.

350 орындық балалар шығармашылығы орталығын салу, 20 мектепті күрделі жөндеуден өткізу, 320 орындық  балабақшаны қайта жаңарту көзделіп отыр.

Мәдениет және спорт саласын дамытуға «Исабек Ишан Хазрет» мұражайы, 2 мәдениет үйі, мұз аренасы, 20 стрит-воркаут және 10 стритбол алаңдары салынады.

Сондай-ақ, 2 өрт сөндіру депосы салынады және екеуі жөнделетін болады.

Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Кешенді жоспар жобасы атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту жөніндегі кәсіпорындарды жаңғыртуды, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу, қоқыс тастайтын жерлерді жою және тағы басқада іс-шараларды көздейтін болады.

«2025 жылға қарай Кешенді жоспарды жүзеге асыру өнеркәсіп көлемінің 22%-ға артуын, шағын және орта бизнестің шығару өнімі 38,2%-ға өсуін қамтамасыз етеді», — деді Ә. Ерғалиев.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2025 жылға қарай бес есеге өседі.

16,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылып, орташа айлық жалақы 321 мың теңгеге дейін өседі. Шамамен 200 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Ұсынылып отырған Кешенді жоспарды іске асыру қала экономикасының өсу қарқынын ұлғайтуды және халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Павлодар облысы Екібастұз қаласын дамытудың кешенді жоспарының жобасы шеңберінде министрлік 41,6 млрд теңге сомасында тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 13 іс-шараға жауапты орындаушы екенін жеткізді. 

Министрдің айтуынша, Екібастұз қаласында 2025 жылға дейін жалпы ауданы 199,4 мың шаршы метр немесе 2,8 мың тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде Кешенді жоспар шеңберінде мемлекеттік қаражат есебінен тұрғындарды 67,5 мың шаршы метр немесе 748 жалға берілетін және кредиттік пәтермен қамтамасыз ету көзделген.

Жаппай тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарды қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 3 млрд теңге бөлу жоспарланған. Соған сәйкес 370 жер учаскесі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. 1200 уақытша жұмыс орны ашылады. 

Екібастұз қаласы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік деңгейі - 94%.

«2025 жылдың қорытындысында қала халқы 100% сапалы су қызметтерімен қамтамасыз етіледі. 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі жобаларды іске асыруға 23,7 млрд теңге қаражат қажет. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 19,3 млрд теңге бөлінеді», — деді Б. Атамқұлов.

Бөлінген қаражат есебінен 104,7 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және жаңғырту жоспарланған. 481 жұмыс орны құрылады.

 «Министрлік Павлодар облысы Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында көзделген іс-шараларды уақытылы және сапалы іске асыруды қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды», — деп түйіндеді Б. Атамқұлов.

Энергетика министрі М. Мырзағалиев атап өткендей, Екібастұз қаласы еліміздің энергетикалық орталығы болып табылады. Мұнда бүкіл Қазақстандағы энергия генерациясының 40%-дан астамы өндіріледі.

Екібастұздағы ГРЭС-1 және ГРЭС-2 Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік және оңтүстік аймағының негізгі энергия көздері болып есептеледі.

Павлодар облысы Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында электр энергетикасы саласында үш инвестициялық жоба көзделген. Атап айтқанда:

  • Екібастұздағы ГРЭС-1-дің бірінші энергоблогын қалпына келтіру;
  • Екібастұздағы ГРЭС-2-де үшінші энергоблок салу;
  • қуаты 500 кВ болатын жаңа шағын станция салу (1150 «Екібастұз» шағын станциясына қосылатын жаңа 500/220/10 кВ шағын станциясын салу).

ГРЭС-1-дегі бірінші энергоблокты қалпына келтіру жобасын іске асырудың мақсаты станция қуатын 500 МВт-қа ұлғайту болып табылады. Бұл Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі тұтынудың болжамды өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Кешенді жоспарда көзделген инвестициялар сомасы 66,5 млрд теңгені құрайды. Жобаны «Самұрық-Энерго» іске асырмақшы», — деді энергетика министрі. 

Қазіргі уақытта Екібастұз ГРЭС-1 жобасының әзірлігі шамамен 41,8% құрайды. Оның ішінде 88,3% ескі жабдық бұзылып алынды, 33% жаңа жабдық құрастырылды. Жобаны 2023 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр.

М. Мырзағалиевтің айтуынша, бүгінгі таңда нақты іске асыру жоспары анықталып, қаржыландыру схемасы келісілді.

2021 жылдың басында Энергетика министрлігі «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-мен инвестициялық келісім жасасты. Бұл электр қуаты нарығы шеңберінде жобаны іске асырғаннан кейін салынған инвестициялардың қайтарылуын қамтамасыз ететін болады.

Екібастұздағы ГРЭС-2-ні кеңейту және реконструкциялау жобасы 2025 жылға дейін қуаты 636 МВт болатын жаңа энергия блогын салуды көздейді. Аталған жобаны іске асырғаннан кейін станцияның белгіленген қуаты 1000 МВт-тан 1 636 МВт-қа дейін ұлғаятын болады. Жобаны іске асырушы – «Самұрық-Энерго» АҚ. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттаманы түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оны биылғы жылдың желтоқсан айында аяқтау күтілуде.

«Үшінші жоба туралы айтатын болсақ, ол бойынша қуаты 500 кВ болатын жаңа кіші станция салу қарастырылған. Екібастұз қаласының индустриялық аймағын электрмен жабдықтау екі жаңа электр беру желісін салу жолымен жүзеге асырылатын болады. Жобаны іске асырушы – «KEGOC» акционерлік қоғамы», — деді энергетика министрі. 

Бұл жоба индустриялық аймақ тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында іске асырылуда. Жобаның болжамды құны шамамен 16 млрд теңгені құрайды.

Іске асырудың жобалық мерзімдері техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу нәтижелері бойынша белгілі болады. Бұл ретте жұмыстар 2025 жылы аяқталады деп болжануда.

Энергетика министрі атап өткендей, бүгінгі таңда «KEGOC» мекемесінің тапсырмасымен Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы негіздемені 2022 жылдың екінші тоқсанында аяқтау жоспарланған.

Аталған жобаны іске асыру өндірістік объектілерді кеңейтуге және индустриялық салаға ірі инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов Екібастұз – еліміздің ең ірі үш моноқалалардың бірі екенін атап өтті. Соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібінің өсуіне қарамастан, қаланың отын-энергетика кешеніне тәуелді болуы әлі де жоғары.  

Сонымен қатар, қаланың негізгі проблемалары келесі:

  • экологиялық мәселе;
  • ескірген әлеуметтік инфрақұрылым;
  • тозған инженерлік желілер;
  • қаладан миграция және тағы басқалары.

Аталған мәселелерді шешу үшін ауқымды сараптамалық және қоғамдық талқылаудың қорытындысы бойынша 114 іс-шарадан тұратын қаланы дамытудың кешенді жоспары әірленді. Ол 4 негізгі блокқа бөлінген: 

  • экономиканың нақты секторы;
  • халықты жұмыспен қамту;
  • қаланың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдау;
  • экологиялық проблемаларды шешу.

Іс-шараларды іске асыру 932,8 млрд теңгеге бағаланады. Жеке инвестициялардың үлесі – 89,5%, яғни бюджеттік 1 теңгеге – 9 теңге жеке инвестиция тартылады. Жалпы, жергілікті және республикалық бюджет – 98,2 млрд теңге. 

Кешенді жоспардың негізгі мақсаты – көмірге сұраныстың азаюы жағдайында қала экономикасын жан-жақты әртараптандыру.

Біріншіден, жеке инвесторлар үшін индустриялық аймақ құрылады. Осыған әлеуетті жобалар пулы да бар.

Екіншіден, жаңа және жұмыс істеп тұрған өндірістерді қажетті қуаттармен қамтамасыз ету үшін 2 энергия блогын салу.

Үшіншіден, көмір өндірісін одан әрі дамыту үшін көмір химиясы ғылыми-зерттеу орталығын құру. 

«Бұл жобаларды іске асырудан күтілетін нәтижелер келесі: өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар саны 4 есе өседі және 1 трлн теңгеден астам өндіріс көлеміне шығу жоспарда. Екібастұздың кешенді дамуы – бұл жаңа өндірістер ғана емес. Жоғарыда атап өткендей, әлеуметтік салада бірқатар маңызды мәселелер бар. Оларды өңір қаражаты есебінен шешу жоспарланған», — деді қала әкімі.

Денсаулық сақтау саласы бойынша кадрлық әлеуетті арттыру және қалалық емхананы жаңғырту арқылы материалдық-техникалық базаны жақсарту жоспарда.

Білім беру саласында барлық 20 мектепке күрделі жөндеу жасалып, балабақшалар қайта жаңартылады. Сондай-ақ, 700-ден астам баланы қамтитын шығармашылық орталықтың құрылысы күтілуде.

«Дене шынықтыру және спорт саласында қосымша білім беруді дамытамыз. Мұз аренасы мен 30 спорт алаңын салу жоспарда. Бұл шаралар дене шынықтырумен айналысатын қала тұрғындарының үлесін 40%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Ә. Сқақов.

Мәдениет саласы бойынша – 1,6 млрд теңгеге 8 шараны жүзеге асыру жоспарланған. Объектілерді күрделі жөндеп, жаңа объектілерді салу, оның ішінде Екібастұз ауылдық аймағында мәдениет үйлерін салу көзделген.

Жалпы, кешенді жоспардың аталған және басқа да іс-шараларын жүзеге асырудан күтілетін басты нәтижелер келесі:

  • негізгі капиталға салынатын инвестициялар 737 млрд теңгені құрайды;
  • өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 1 трлн теңгеден астам деңгейде;
  • мемлекеттік қолдау шаралары арқылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10 мыңға дейін жетеді;
  • 16,5 мың жұмыс орны құрылады, оның ішінде тұрақты – 14 мың;
  • орташа айлық еңбекақы 321 мың теңгеге дейін өседі;
  • қала экономикасының отын энергетика кешеніне тәуелділігін 12,1%-ға төмендету.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.