Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Мамин Қостанай қ. KIA автомобильдері өндірісін бастап берді

Жұма, 26 Наурыз 2021, 17:09:22

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қостанай облысына жұмыс сапары аясында автомобиль жасау және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру саласындағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді.

Үкімет басшысы «KIA Motors Россия и СНГ» ЖШҚ президенті Ким Джин Хамен бірлесіп «СарыарқаАвтоПром» ЖШС зауытында KIA өндірістік желісінің ашылу рәсіміне қатысты. Жоба шеңберінде жылына 20 мың KIA автомобильдерін шығару жоспарланған. Өнімді оқшаулау деңгейі шанақтарды дәнекерлеу және бояу операцияларын қоса алғанда, ұсақ торапты өндіріс технологияларын қолдану арқылы 50%-ға дейін арттырылатын болады.

«Автомобиль жасау Қазақстанның индустриялық дамуының стратегиялық маңызды бағыттарының бірі және ол жыл сайын оң динамиканы көрсетіп келе жатыр», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр «KamLitKZ» шойын құймасын өндіру зауытының құрылыс барысымен танысты. Құрылыстың бірінші кезеңін 2021 жылдың қазан айында, екінші және үшінші кезеңдерін 2023 жылы аяқтау жоспарланған. Жобаның құны 80 млрд теңгені құрайды. 300 жаңа жұмыс орны құрылады. Жобалық қуатына қол жеткізген соң өндірісте  К5 жаңа буынның жүк көліктеріне арналған жетек картерлері, цилиндр блоктары мен қозғалтқыш цилиндрі блоктарының бастиектері шығарылып, жалпы көлемі жылына 40 мың тоннадан астам шойын құймасын құрайтын болады. Жобаны іске асыру Қазақстанды «КАМАЗ» ЖАҚ жеткізушілерінің жаһандық технологиялық тізбегіне енгізеді — өнімнің 95%-ы экспортталатын болады.

Үкімет басшысы ҚР аумағында шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасындағы қазақстандық қамту деңгейін едәуір арттыруға бағытталған «АгромашХолдинг» АҚ оқшаулау орталығында болды. 

36 мың шаршы метр аумақта металды лазермен кесуге, майыстыруға, сырлауға және дәнекерлеуге, пластик бұйымдарын, интерьер бөлшектерін, термошуоқшаулағышты өндіруге, конвейерлік құрастыруға және т.б. арналған автоматтандырылған желілер орнатылған. Бұл жабдықтар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржы құралдары арқылы сатып алынды. Жақында оқшаулау орталығында ауыл шаруашылығы техникасына арналған компоненттердің 1200-ден астам атауы, сондай-ақ «Кировец», «Essil», «Lovol», «Pottinger», «Deutz-Fahr», JAC, Chevrolet брендтерінің және т. б. автомобиль өнеркәсібі атаулары шығарылатын болады. 

Премьер-Министр «КАМАЗ», «Татнефть», «АвтоВАЗ» және «KIA Motors» компанияларының басшылығымен автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. 

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін жергіліктендіруді арттыру мәселелері «Петербург трактор зауыты» АҚ, беларустік «Гомсельмаш» ААҚ және италиялық «SDF Group» басшылығымен кездесулерде қаралды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша А. Маминнің қатысуымен автомобиль жасауда бірлескен жобаларды іске асыру бойынша 9 құжатқа, оның ішінде өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдерге, инвестициялық келісімдерге және арнайы инвестициялық келісімшарттарға қол қойылды.

Жұмыс сапары аясында Премьер-Министр өңірдегі АӨК, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында іске асырылып жатқан жобалармен, сондай-ақ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй инфрақұрылымын дамытумен танысты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №246 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №239 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 11:47
Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ
04 Мамыр 2021, 11:32
Ержан Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.