Ә. Смайылов Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің м.а. Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Екі елдің мемлекеттік шекарасындағы ахуал, сондай-ақ Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай аясындағы Қазақстанның Қырғызстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар екіжақты және көпжақты форматта стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу