Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысты

Дүйсенбі, 28 Желтоқсан 2020, 14:16:01

2020 жылғы 23 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің биылғы қорытынды отырысы өтті. Қазақстандық бөлімді Кеңес мүшесі ‒ ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов басқарды.

Кеңес отырысында техникалық реттеу, дәрілік заттарды тіркеу, санитарлық шаралар, еңбек көші-қоны және кедендік-тарифтік реттеу саласындағы мәселелер қаралды.

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді іске асыру үшін ЕАЭО елдері мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы еңбекшілерге зейнетақы тағайындау және төлеу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібін бекітті.

Құжат бір мүше мемлекеттен екіншісіне зейнетақыны экспорттау тетігін, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру мақсаттары үшін еңбекшілерді медициналық куәландыруға қатысты мәселелерді реттейді. Жалпы, бұл азаматтардан еңбек қызметі туралы мәліметтерді растауға байланысты ауыртпалықтарды алып тастауға мүмкіндік береді.

Кеңес мүшелері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде жүргізілетін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіру және талдамалық қамтамасыз ету тәртібінің жобасын мақұлдады.

Бұл тәртіп асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мүше мемлекеттердің осы саладағы нормативтік-құқықтық базасын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Техникалық реттеуді одан әрі жетілдіру мақсатында ЕАЭО шеңберінде «Сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптар туралы» ЕАЭО техникалық регламенті қабылданды.

Осы регламент сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдау үшін магистральдық құбырларға қолдануға және орындауға міндетті талаптарды белгілейді. Тұтастай алғанда, құжат газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары жағдайында газ, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелерінің жұмыс істеуіне бағытталған, оны қалыптастыру 2025 жылға жоспарланған.

ЕАЭО және ЕЭК елдері пандемия жағдайында сауда-экономикалық ынтымақтастықты қолдау және дамыту жөніндегі бірлескен шаралар бойынша белсенді жұмыс істеуді жалғастыруда.

Осылайша, жаппай шығарылатын өнімнің сәйкестігін бағалау рәсімін жеңілдету бойынша уақытша шаралар белгіленді. Өнімді сертификаттау кезіндегі уақытша шаралар ЕАЭО елдерінде шектеулердің қолданылуы кезеңінде қашықтықтан бағалау арқылы бағалау объектісінің көрсетілген орналасқан жеріне бармай-ақ, техрегламенттердің талаптарына сәйкестікті бағалау рәсімдерін жүргізуге мүмкіндік береді.

Қабылданған шешім 12 ай бойы күшінде болады және ЕАЭО-ның ортақ нарығында өнім тапшылығына жол бермеуге және бизнес үшін пандемия салдарын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, өнеркәсіптік жарылғыш заттарды отандық өндірушілерді қолдау үшін Кеңес мүшелері «Жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттен (КО ТР 028/2012) өнеркәсіптік жарылғыш заттарды міндетті таңбалауды енгізу туралы ережені алып тастау туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ тоқыма емес материалдар мен гигиеналық бұйымдарды өндірушілерді қолдау мақсатында 1 күнтізбелік жыл мерзімге 5%-дан 0%-ға дейін жасанды вискоза талшықтарына қатысты ЕАЭО БКТ кедендік әкелу баждарының ставкалары нөлденді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
18 Сәуір 2021, 10:08
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №108
16 Сәуір 2021, 18:20
А. Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
16 Сәуір 2021, 18:05
Инвестициялық штаб отырысында 2021 жылдың I тоқсанындағы инвестицияларды тарту қорытындылары қаралды
16 Сәуір 2021, 14:39
Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өткізді
16 Сәуір 2021, 12:30
Марат Ахметжанов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды
15 Сәуір 2021, 19:33
Жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жұмыс орындарын ашу: ҚР-да халықты жұмыспен қамту шаралары
15 Сәуір 2021, 19:13
Елбасы Премьер-Министр Асқар Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады
15 Сәуір 2021, 18:49
Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 15:36
Қазақстанда су тасқыны жағдайы тұрақты — Ю. Ильин
15 Сәуір 2021, 13:47
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
15 Сәуір 2021, 11:46
Ә. Смайылов туристік маусым қарсаңында ШОБ проблемалық мәселелерін қарастыру жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 11:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №229 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 11:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №223 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №235 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 Қаулысы
14 Сәуір 2021, 17:43
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады
14 Сәуір 2021, 16:26
Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 15:32
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 14:24
Тұрғын үй саясатын жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй салу және тиімді шарттармен ипотека беру — Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту
13 Сәуір 2021, 19:31
Р. Скляр cу тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
13 Сәуір 2021, 17:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:58
Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Сәуір 2021, 14:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №210 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 14:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 13:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №207 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.