Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Биылғы қаңтарда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 75,2%-ға ұлғайды

Сейсенбі, 16 Ақпан 2021, 12:33:36

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдай туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады.

Осы жылдың қаңтар айында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,5%-ға ұлғайып, 170,6 млрд теңгені құрады. Бұл өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 2,7%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Мәселен, ет өндірісінің сойыс салмақтағы көлемі 5,3%-ға, сүт 3,8%-ға өсті. Бұл ретте, 10,2 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірілді. Бұл көлем ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта (жылыжайда) өсіру есебінен қамтамасыз етілді.

Облыстар бөлінісінде республикалық деңгейден жоғары қарқын 3 облыста байқалып, атап айтқанда, Ақмола облысында 114%-ды, Түркістан облысында 103,2%-ды, Қостанай облысында 102,7%-ды құрады.

Министрдің айтуынша, көрсетілген кезеңде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 0,8%-ға өсіп, 142,1 млрд теңгені құрады.

Бұл ретте, өсімдік майын өндіру көлемінің 26,7%-ға, қызылша қантының 25,1%-ға, сары майдың 16,3%-ға, жарманың 11,3%-ға, өңделген сүттің 3,2%-ға, өңделген күріштің 2,3%-ға, ірімшік және сүзбенің 0,8%-ға артқаны байқалды.

«Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 75,2%-ға ұлғайып, 19,9 млрд теңгені, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 11,2%-ға артып, 3,5 млрд теңгені құрады», — деді С. Омаров.

Биыл жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің өсімін 105%, тамақ өнімдері өндірісінің өсімін 107% деңгейінде қамтамасыз ету жоспарлануда. Аталған жоспарлы индикаторлар ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толықтыру және агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. 

«Бұл үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау, оның ішінде инвестициялық субсидиялау және басқа да қаржы құралдары, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы субсидиялау жалғасатын болады. Осы мақсаттарға биыл 300 млрд теңгеден астам қаржы бағытталады», — деді министр. 

Сонымен қатар ірі 7 экожүйе құру жөніндегі тапсырмаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысында қуаты 300 мың тонна болатын дәнді дақылдар, Ақмола облысында қуаты 200 мың тонна болатын майлы дақылдар, Ақтөбе облысында 20 мың тонна, Алматы облысында 15 мың тонна болатын ет өндіретін және өңдейтін экожүйелер құру жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.

Бұдан басқа, импортты алмастыру аясында осы жылдың өзінде 35 тауарлық сүт фермасын, 2100 га бақтарды, 3 ет комбинатын, 5 құс фабрикасын, балық өндіретін 4 объектіні іске қосу жоспарланып отыр, сондай-ақ 1 қант зауытының құрылысы басталады.

Жалпы, республика бойынша 2021 жылы түрлі бағыттар бойынша 79 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр.

«2021 жылғы егіс науқанына дайындық бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Болжамды құрылымға сүйенсек, жалпы егіс алаңы 86,4 мың гектарға ұлғайып, 22,7 млн гектарды құрайтын болады», — деді С. Омаров.

Майлы, азықтық және көкөніс-бақша дақылдарының, сондай-ақ қарақұмық және қант қызылшасы сияқты әлеуметтік дақылдардың алаңдарын ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар бидай, күріш және мақта сияқты дара дақылдар мен ылғалды көп қажет ететін дақылдар егілетін алқаптар қысқартылатын болады.

Көктемгі дала жұмыстарын уақытылы жүргізу мақсатында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері 70 млрд теңге сомасында жеңілдетілген кредитпен, 379,8 мың тонна көлемінде арзандатылған жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілетін болады, ол нарықтық бағадан 11%-ға арзан болады. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен шамамен 350 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу жоспарлануда.

«Тыңайтқыштар қолдану көлемін 53 мың тоннаға ұлғайту және олардың қолданылуын ғылыми негізделген қажеттіліктің 25,5%-ына дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл ретте тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 11,8 млрд теңгені құрайды, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сапалы тұқымдардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысы ерекше бақылауға алынатын болады», — деді С. Омаров.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
18 Сәуір 2021, 10:08
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №108
16 Сәуір 2021, 18:20
А. Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
16 Сәуір 2021, 18:05
Инвестициялық штаб отырысында 2021 жылдың I тоқсанындағы инвестицияларды тарту қорытындылары қаралды
16 Сәуір 2021, 14:39
Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өткізді
16 Сәуір 2021, 12:30
Марат Ахметжанов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды
15 Сәуір 2021, 19:33
Жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жұмыс орындарын ашу: ҚР-да халықты жұмыспен қамту шаралары
15 Сәуір 2021, 19:13
Елбасы Премьер-Министр Асқар Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады
15 Сәуір 2021, 18:49
Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 15:36
Қазақстанда су тасқыны жағдайы тұрақты — Ю. Ильин
15 Сәуір 2021, 13:47
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
15 Сәуір 2021, 11:46
Ә. Смайылов туристік маусым қарсаңында ШОБ проблемалық мәселелерін қарастыру жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 11:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №229 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 11:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №223 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №235 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 Қаулысы
14 Сәуір 2021, 17:43
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады
14 Сәуір 2021, 16:26
Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 15:32
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 14:24
Тұрғын үй саясатын жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй салу және тиімді шарттармен ипотека беру — Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту
13 Сәуір 2021, 19:31
Р. Скляр cу тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
13 Сәуір 2021, 17:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:58
Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Сәуір 2021, 14:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №210 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 14:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 13:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №207 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.