Е. Жамаубаев Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру мәселесі бойынша жиын өткізді

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру бойынша жиын өткізді.

Жиынға бірқатар министрліктің басшылары қатысып, Іс-шаралар жоспары тармақтарының орындалуын талқылады.

Талқылауды қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев мүдделі мемлекеттік органдарға жыл соңына дейін Іс-шаралар жоспары тармақтарының орындалуын ерекше бақылауға алып, қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу