Фоторепортаж: Минск қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы

Фото: Бауыржан Жуасбаев

20-21 маусымда Минск қаласында Еуразиялық үкіметаралық комиссияның отырысы өтті. Шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Премьер-Министрлері, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.

Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченко ЕАЭО елдерінің Үкімет басшыларын қарсы алады. Қатысушылар бір-бірімен қол алысып, амандасты.

Қазақстан мен Беларусь – маңызды стратегиялық серіктестер. Сауда-экономикалық байланыстар – көп жылдық берік қарым-қатынастың негізі.

Дәстүр бойынша отырыс алдында Үкімет басшылары бірге суретке түсті.

Шағын құрамда өткен отырысқа Қазақстаннан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және СИМ вице-министрі Ж. Кушукова қатысты.

Кездесу Роман Головченконың алғы сөзімен басталды. Беларусь Республикасының Премьер-Министрінің айтуынша, ЕҮАК отырысы күрделі кезеңде өтіп жатыр. Сонымен қатар ол ЕАЭО елдерінің осы кезеңнен жеңіл өтіп, бірлестікті одан әрі нығайта түсу үшін барлық мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Премьер-Министр кездесудің, әдеттегідей, барлық мәселелер бойынша шешім табуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Одан кейін Қырғызстан Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров сөз сөйледі. Айта кетейік, республика биыл ЕАЭО органдарында төрағалық етеді.

Отырыстың бірінші күніндегі кулуар

Келесі күні, 21 маусымда, Үкімет басшыларының кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті.

Отырыстар аясында екі күн ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың біріктірілген ақпараттық жүйесін дамыту, тауарларды таңбалауды жүргізу, алкоголь нарығын реттеу және электрондық сауда кезінде салық салу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар отырысқа қатысушылар ЕАЭО-ның «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» бағыттары бойынша көлік инфрақұрылымын дамытуды талқылады.

Сондай-ақ күн тәртібінде электрондық сауда, кедендік ынтымақтастық, Үкіметаралық кеңестің алдыңғы бірқатар тапсырмаларын орындау және т.б. мәселелерді талқылау болды.

Кеңейтілген құрамда өткен отырыста Әлихан Смайылов әлемдік сауданың елеулі өзгерістерге ұшырағанын атап өтті. Дағдарыс ауыртпалығы шағын, орта және ірі бизнес нысандарының барлығына да түсіп отыр. 

Сонымен қатар, Үкімет басшысының айтуынша, қазақстандық бизнес үшін аса маңызды мәселелердің бірі – ЕАЭО-ның барлық аумағы бойынша кедергісіз транзитті қамтамасыз ету. Осыған байланысты ол әріптестерін жеделдетілген және оңайлатылған транзитті, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз ету мәселесінде неғұрлым икемді және сындарлы болуға шақырды.

Роман Головченко Еуразиялық экономикалық одақтың Белорусь Республикасына қазіргі қиындықтарға төтеп беруге көмектесіп отырғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол қаңтар-сәуірде ЕАЭО елдерімен сауданың өткен жылғы жоғары базаны ескере отырып, 10%-ға өскенін хабарлады.

Минск қаласына өткен Үкіметаралық кеңесте бірқатар құжатқа қол қойылды, олардың қатарында ЕАЭО аясында алкоголь нарығын реттеу туралы келісім және және көлік инфрақұрылымын құру және дамыту туралы тапсырма бар.

Бұдан кейін үкіметтік делегациялардың басшылары Жеңіс алаңына қарай жүрді.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жеңіс монументіне гүл қою рәсіміне қатысты.

Ескерткіш Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған, соғыс жылдары қаза тапқан Кеңес әскерінің жауынгерлері, партизандар мен жасырын жұмыс істегендерді еске алу үшін ашылды. Нысан Беларусь астанасы символдарының бірі саналады.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Қырғызстандағы Ыстықкөл жағалауында, Шолпан-Атада өтеді.
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу