Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Ауылдардың интернетке қолжетімділігі және сапалы байланыспен қамтамасыз ету — Қазақстанда цифрландырудың дамуы

Сенбі, 06 Наурыз 2021, 11:06:02

Интернеттің қолжетімді болуы – елдің цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызды мәселе. Бұл, әсіресе, өткен жылы коронавирус пандемиясы әлемді онлайн режиміне көшуге мәжбүр еткен кезде өзекті болды. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ең алдымен цифрлық теңсіздікті жою, интернетке барынша қолжетімділікті және барлық азаматтардың сапалы байланысқа қосылуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы толығырақ ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтып берді.

— Асхат Елубайұлы, қош келдіңіз! Электрондық форматқа көшу кезінде сіздің ведомствоңыз қандай қиындықтарға тап болды? Халықтың қашықтан өмір сүру жағдайында қандай әзірлемелер өздерін ақтады?

— Пандемиядан бірнеше жыл бұрын біздің министрлік ауылдық елді мекендерде интернетті кең жолақты қолжетімді ету жобаларына бастамашылық етті. 

Азаматтар сапалы интернеттің, соның ішінде білім беру мазмұнына қол жетімділіктің болмауы проблемасына тап болды. Өткен 2 жыл ішінде оптикалық байланыс желілеріне 1257 елді мекен қосылды. Сонымен қатар 250-ден астам тұрғыны бар барлық елді мекендер мобильді кеңжолақты интернетпен қамтылды.

Мемлекеттік қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор, жеке корпорациялар қызметкерлерінің шамамен 70-80%-ы қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылды. Өткен жылдың наурызына қарай сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінде отандық VPN өнімі болды, ол бізге орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерін құжаттарға қол қойып, келісіп, өзара іс-қимыл жасай алатындай толыққанды қашықтан жұмыс істеуге көшіруге мүмкіндік берді. Бұл мұндай жұмыс бұған дейін жүргізілгенінің арқасында жүзеге асты.

 

— Талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу және ауылдық елді мекендерде интернетке мобильді қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша аяқталған жобалар туралы толығырақ айтып берсеңіз.

— 2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша 6 500-ге жуық елді мекеннің 5 322-сі интернетпен қамтылған. Мен бұған дейін 1 257 елді мекенге оптикалық талшық тартылғанын айттым. Сонымен қатар ол негізгі жергілікті ұйымдарға – әкімдіктерге, мектептерге, ауруханаларға жеткізілді. Бұл жұмыс өткен жылы аяқталды. Егер осы уақытқа дейін оптика 300-ге жуық елді мекенге жүргізілген болса, 2018-2020 жылдары біз оптикалық байланыс арнасы жүргізілген елді мекендердің санын 4 есеге дейін ұлғайттық.

Екінші үлкен жоба — халық саны 250 адамнан асатын 928 елді мекенді интернетпен қамтамасыз ету. Айта кетейік, жоба бар болғаны 1 жылға созылды. Негізгі жұмыс соңғы айларда аяқталды, біздің негізгі мобильді операторларымыз жабдықтарды сатып алды, желілер салды, жыл соңында базалық станцияларды орната бастады. 

Жалпы, осы 2 жоба елеулі нәтиже берді — 20 мың шақырым оптика елде ауылдық елді мекендерге дейін салынды. Осының арқасында халықтың 99%-ы мобильді кең жолақты интернет қызметін пайдалана алады.

 

— Ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету үшін операторларға инвестиция салу қаншалықты тиімді?

— Бұл жерде біздің ел аумағының үлкен, ал адамдардың соншалықты көп емес екенін түсіну керек. Елді мекендердің осындай шашыраңқы орналасуы коммерциялық қызметті байланыс операторлары үшін экономикалық жағынан тартымды етпейді. Сондықтан біз операторлармен ауылдық аумақтарды дамытуға салатын күрделі қаржы салымдарын субсидиялау тұрғысынан жұмыс істейміз.

 

— Интернет сапасын арттыру, әсіресе, оқушылар мен студенттерді қашықтан оқытуға байланысты аса өзекті болып отыр. Әрбір тұрғын үй мен ұйымда орналасқан жеріне қарамастан сапалы интернет пен байланыс желісі болуы керек. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Жоғары жылдамдықты интернетке сапалы қолжетімділікті жақсарту үшін қандай шаралар қабылдануда?

— Көппәтерлі тұрғын үйлерге келер болсақ, біз өз ұсыныстарымызды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жолдадық. Олар көппәтерлі тұрғын үйлер құрылыс кезеңінде оптика және ішкі кабельдік сымдармен қамтамасыз етілуі керек деген тиісті бұйрықты бекітті. Жақында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Әлихан Смайыловпен білім беру, оның ішінде интернетпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өткен кеңесте біз мектептерді салу немесе жаңғырту процесінде құрылысшылар мектептерге талшықты-оптикалық желіні және ішкі кабельді міндетті түрде төсейтін тәсілді ұсындық. Вице-премьер тиісті талаптарды әзірлеуді тапсырды, біз оны іс жүзінде жасадық және қазір оларды ҚР ИИДМ-ге, ҚР БҒМ-ге жолдап жатырмыз. Жақын арада бұл нормалар қабылданып, мектептер тұрақты негізде интернетке қосылу үшін барлық қажеттіліктермен жарақталуы тиіс деп ойлаймын.

 

— Министрлік қызметінің маңызды бағыттарының бірі – байланыс қызметтерінің сапасын бақылау. Бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

— Бізде байланыс инспекциялары, ведомстволық бағынысты кәсіпорындар бар. Азаматтар өтініш білдірген жағдайда, біз оларды ақауларды жою үшін операторларға береміз. Егер ақаулар жойылмаса, біз айыппұл саламыз, бірақ қазір басқа да құралдар бар. Мәселен, «Bailanys.bar» сервисі әр азаматқа ұялы телефон арқылы интернетке қосылымды тексеруге және жұмыстағы қателіктер туралы хабарлама жіберуге мүмкіндік береді. Бұл өте ыңғайлы, өйткені біз ақаулар туралы тікелей азаматтардың өздерінен біліп отырамыз.

 

— Жоғарыда атап өткендей, халықтық бақылауды жүргізу үшін Bailanys.bar сервисі іске қосылды. Қазіргі уақытта оны 50 мыңнан астам адам пайдаланған. Бұл бағдарлама қаншалықты тиімді, ол сіздердің жұмыстарыңызға қалай әсер етеді? Реттеушінің рөлін күшейту үшін қандай іс-шаралар жүргізіледі?

— Қазірдің өзінде 57 мыңнан астам осындай тест жасалды. Барлық өтініштер бізге және байланыс операторына тікелей келіп түсетіні ыңғайлы. Байланыс операторы бұл хабарламаны жедел өңдей алады. Яғни, біз бір уақытта өлшем болғанын және ол сапасыз байланысты көрсетіп тұрғанын көре аламыз. Біз оны ресми түрде өтініш ретінде тіркейміз. Егер шынымен ол жерде жақсы көрсеткіштер болмаса, біз өз қызметтерімізді, МРҚ РМК қызметкерлерін жібереміз және байланыс сапасын тексереміз. Бұл бізге нақты көріністі тереңірек көруге жол ашты. Азаматтардың мұндай көмегі бізге проблемаларды көруге мүмкіндік береді. Яғни, біз пайдаланушылардың объективті бағалауы арқылы проблемаларды табамыз.

 

— Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейі қалай реттеледі?

— Осыған дейін айтқанымдай, ауылда операторларға қатысу нүктелерінің болуы, белсенді жұмыс істеу аса тиімді емес, сондықтан біз олардың қызметтеріне субсидия береміз. Бұл қажетті жұмыс және біз осы субсидияларды әрі қарай да бөле береміз. Бұл цифрлық теңсіздікті жою құралдарының бірі. Біздің мақсатымыз – тіпті еліміздің ең шалғай жерлерінде де азаматтарға белгіленген ұялы байланысты, интернетті қолжетімді ету.
 

— 5G желісіне көшу туралы айтып берсеңіз? Дайындық жұмыстары қалай жүріп жатыр? 

— Жалпы бізде дайындық бар, операторлар да дайын. Біз қазір жиіліктерді босаттық. Биыл елордада пилоттық режимде 5G желісін іске қосу жоспарда бар.

2022 жылдың соңына қарай 5G желісін республикалық маңызы бар қалаларда іске қосуды жоспарлап отырмыз. 2025 жылға қарай барлық облыс орталықтарын қамту көзделген. Біз өз тарапымыздан 5G үшін жиіліктерді конкурстар немесе аукциондар арқылы бөлуге мүмкіндік беретін заң жобасын іске қостық, бұл нарықты айтарлықтай ырықтандырады және бәсекелес негізде операторларға осы жиіліктерді өзара алып, оларды пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жиілік латифундизмі бойынша күрес нормалары бар — яғни, біреу жиілікті сатып алады, ол үшін ақша төлейді, бірақ оны пайдаланбайды. Ал жиіліктер – таусылатын ресурс. Нормалардың бірі жиілікті алып, оны 2 жыл бойы пайдаланбаса, біздің оны қолданыстан шығаруымызды болжайды. Операторлар бұл желілерді тиімді пайдаланады деп ойлаймыз.

 

— Сұхбат бергеніңіз үшін алғыс айтамыз.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №246 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №239 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 11:47
Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ
04 Мамыр 2021, 11:32
Ержан Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.