Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет, мемлекеттік жәрдемақы: 2020 жылы АӘК тағайындау механизмі қалай өзгерді

Жұма, 10 Қаңтар 2020, 18:03:26

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін түзетуді тапсырған болатын. Осыған байланысты Үкімет әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдерін енгізді. Азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және кірісін арттыру шаралары туралы Primeminister.kz-ке берген сұхбатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті директорының орынбасары Аяжан Жандарбекқызы Жанғабылова айтып берді.

 

— Халықты атаулы әлеуметтік көмекпен қамту бойынша 2019 жылғы нәтиже қандай? Қанша өтініш түсті, қанша отбасына атаулы әлеуметтік көмек төленді?

2019 жылдың қорытындысы бойынша 485 мыңнан астам отбасына немесе 2,5 млн астам адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның ішінде 190 мың көп балалы отбасы тіркелген. Ал өткен жылдың аяғына қарай нақты көмек алушылардың саны 315 мың отбасы болды. Оның ішінде 1 млн астамы – 18 жасқа дейінгі балалар. 

 

— Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдері енгізілді, ондағы шаралар кешені 3 бағытты қамтиды. Бұл өзгерістерді халық қалай қабылдауда? Қандай нәтиже күтеміз?

Президенттің тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізіп, атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін қайта қарастырды. АӘК алушылардың дені көп балалы отбасылар болғандықтан, олар бөлек санатқа шығарылып, республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Жәрдемақы 4 және одан да көпбалалы отбасыларға арналған. Жәрдемақы көлемі 42 500 теңгеден басталады және бала санына қарай артып отырады.

Өздеріңізге белгілі, АӘК 2002 жылдан бері көмекке мұқтаж жандарға төленіп келе жатыр. Атаулы әлеуметтік көмек соңғы өзгерістерге дейін әр тоқсан сайын тағайындалып, тиісті көлемде берілетін. Біз осы жүйені қайта қолданысқа енгіздік. Ағымдағы жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек әр тоқсан сайын қайта тағайындалады.

Негізгі өзгерістердің бірі – кепілдендірілген әлеуметтік пакет. Бұл әлеуметтік топтама тек атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. 

 

— Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек кімдерге және қалай тағайындалады? Шарттары қалай өзгерді?

АӘК әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға төленеді. Ең аз күнкөріс деңгейінің 70%-ын тағайындаудың шекті өлшемі қалады. АӘК мөлшері отбасының әр мүшесі үшін орташа жан басына шаққандағы табыс пен отбасының әрбір мүшесінің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ның арасындағы айырманы құрайды.

Тұрмысы төмен отбасыларға ақшалай төлемдер түрінде және өз ісін бастауға оқыту, жұмысқа орналасуға көмектесу арқылы оларды өмірлік қиын жағдайдан шығаруға ықпал етеміз. Еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының барлық механизмдері пайдаланылатын болады. Жеке кәсіппен айналысуға ынталылар үшін жеңілдетілген микрокредиттер мен бизнес ашу үшін қайтарымсыз гранттар ұсынамыз. Бүгінгі күнгі еңбек нарығында сұраныс болмай отырған мамандық иелерін қайта оқытамыз, яғни кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасаймыз.

Бұған дейін аналар 7 жасқа дейінгі бала күтімімен отыра алатын болса, осы жылдан бастап бұл норма Еңбек кодексіне сәйкес 3 жасқа дейін қысқартылды. Алайда, мұндай аналардың балаларының қараусыз қалмауы үшін барлық жағдай жасалған – қысқартылған жұмыс күнін таңдау немесе баласының жанында жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. 

Сонымен қатар уческелік комиссиялардың отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу мерзімін 3 күннен 7 күнге дейін ұзарттық. Өздеріңізге белгілі, АӘК-ті заңсыз түрде алу үшін азаматтардың табысы мен бизнесін жасырғаны туралы жағымсыз фактілер де аз емес. Өткен жылы өзінің нақты табысын жасырған 73 мыңнан астам отбасына АӘК заңсыз тағайындалған. Осындай келеңсіздіктерге жол бермеу мақсатында учаскелік комиссиялардың құзіретіне жаңа критерийлер енгіздік. Сол критерийлер бойынша отбасылардың мұқтаждық деңгейі анықталатын болады. 

 

— Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуде отбасылық кіріс қалай есептеледі? 

Мүгедек балаларға арналған жәрдемақыны, студенттердің шәкіртақыларын, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр Ана» атақтарымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыларды, атаулы әлеуметтік көмекті, кепілдік берілген әлеуметтік пакетті қоспағанда, еңбек қызметінен түскен табыс пен жәрдемақының барлық түрлері ескерілетін болады. Сондай-ақ микронесие мен грант алған жағдайларда алғашқы 6 айдан кейінгі табысы кіріс ретінде ескеріледі. 2019 жылы Президенттің Жарлығы бойынша азаматтардың қарыз жүктемесі төмендетілді, бұл табыс ретінде есептелмейді. Осы және өзге де жайттардың барлығы тиісті заңға тәуелді актілерде көрсетілген. Олар ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан бастап күшіне енді. 

 

— Атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет? Құжаттарды онлайн тапсыруға бола ма?

Атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына, болмаса ауылдық жерлерде әкімдіктерге жүгінулері тиіс. Жеке куәліктің болуы міндетті, тиісті өтініш толтырылады. Өтініште отбасы жайлы толық ақпарат көрсетіледі: отбасы құрамы, табысы туралы мәліметтер және т. б. Сондай-ақ өтініш беруші уәкілетті органның тексеріс жүргізуіне келісім береді. 

Жұмыспен қамту орталығы e-halyk ақпараттық жүйесі арқылы азаматтардың табыс көзі туралы деректерді анықтайды. Бұл жүйе өзге 20-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қосылған және нақты әрі толыққанды ақпарат алуға мүмкіндік береді. 

Атаулы әлеуметтік көмек алуышлардың құжаттары мен өтініштері онлайн жүйеде қабылданбайды. Бірақ 2018 жылға дейін арнайы жәрдемақы алған көп балалы отбасылар автоматты түрде жаңа жәрдемақы алушылар тізіміне енгізілді, қайта есептеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда көп балалы отбасылардың саны – 367 мың. 2018 жылға дейінгі және одан кейінгі уақыттағы көп балалы отбасылардың барлығын ақпараттық жүйелер арқылы анықтап, жәрдемақы төлеуді бастадық. 

 

— Кепілдендірілген әлеуметтік пакет табысы аз отбасылардағы балаларға көмек мақсатында енгізіліп отыр. Әлеуметтік пакет құрамына не кіреді? Берілу жиілігі қандай?

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің екі түрі бар, олар баланың жасына байланысты. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік тауарлары мен тұрмыстық химия тауарлары қарастырылған. Азық-түлік тауарлары түрлі жарма, пюре, шырын, сүт және т.б. қамтиды. Бұл азық-түлік өнімдерін темір мен басқа да дәрумендердің, минералдардың жетіспеушілігін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі ұсынды. Азық-түлік жиынтығын балалар ай сайын алатын болады. Тіс пастасын, балаға арналған щетка, кір жуатын ұнтақ, сабын сияқты тұрмыстық химия тауарлары тоқсанына бір рет ұсынылады. Әр балаға бір пакеттен беріледі.

6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін ыстық тамақ, мектеп киімдері мен оқу құралдарын сатып алу, жол жүру шығындарын өтеу, сондай-ақ тегін медициналық қызмет көрсету қарастырылған. 

Мектеп жасындағы балаларға әлеуметтік топтама оқу жылының соңына дейін мектеп тарапынан беріледі. Ал азық-түлік жиынтығы мен химиялық тауарлар жергілікті атқарушы органдар арқылы үлестіріледі. Бүгінгі күні тауар сатып алынатын мекемелер Үкіметтің қаулысымен бекітілген. 

 

— Мемлекеттік жәрдемақының көлемі, шарттары қандай?

2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек тек отбасының табысына қарай, яғни тұрмысы төмен отбасыларға ғана төленді. Ал осы жылдан бастап сонымен қоса, көп балалы отбасыларға төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы бекітілді. Бұл жәрдемақы отбасылық кіріске қарамастан барлық көп балалы, яғни 4 және одан да көп, кәмелеттік жасқа толмаған, орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі: төрт балаға – 42 496 теңге, бес балаға – 53 127 теңге, жеті және одан көп болса – 74 388 теңге. Отбасының табысы қаралмайды, отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуы шарт емес. 

 

— Көп балалы отбасылар жәрдемақымен қоса атаулы әлеуметтік көмек ала ала ма?

Көп балалы отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен болса, отбасы арнайы жәрдемақымен қоса, атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқылы. Отбасының осы тоқсандағы алатын мемлекеттік жәрдемақысы кіріс ретінде қаралмайды. Себебі, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде өткен тоқсанның табысы есептеледі. Сондықтан келесі тоқсанда көп балалы отбасының мемлекеттік жәрдемақысы кіріс ретінде ескеріледі. 

 

— Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында қаңтар айында әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады деп жоспарланған. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе қандай проблемаларды шешеді, қандай функциялар қолжетімді болады?

Қаңтар айынан бастап әлеуметтік қызмет көрсету порталын электронды түрде іске асыру көзделіп отыр. Елімізде 690 мыңнан астам мүгедек жан бар. Олар үшін жеке оңалту бағдарламасы әзірленеді. Сол бағдарламаға сәйкес, қажетті техникалық оңалту құралдары бүгінгі күні әлеуметтік қызметтер порталына енгізілуде. Осы уақытқа дейін аталған оңалту құралдарын сатып алу процесі 8 айға дейін созылған болса, портал арқылы техника 14 күннің ішінде жеткізіледі. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қажетті оңалту техникасын бағасына, басқа да критерийлеріне сай таңдап алуға мүмкіндік бар. 

 

— Тәжірибе жүзінде әлеуметтік қызметтердің электрондық порталы пилоттық режимде Ақтөбе қаласында іске қосылды. Пилот қандай нәтиже көрсетті? Қортындысы қандай?

Әлеуметтік қызметтер порталы қаңтар айында іске қосылады. Осы уақытқа дейін ол Ақтөбе қаласында пилоттық жоба ретінде апробациядан өтті. Екі бизнес-процесс енгізілді: техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету және арнайы әлеуметтік қызметтер алу мекемелеріне жолдама беру. Портал арқылы Ақтөбе қаласында 10 азаматқа арнайы мекемелерге жолдама берілді және 1 техникалық құрал алынды. Бүгінгі күні портал жұмыс істеуге толық дайын.

 

— Сұхбатыңызға рахмет!


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
14 Сәуір 2021, 16:26
Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 15:32
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 14:24
Тұрғын үй саясатын жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй салу және тиімді шарттармен ипотека беру — Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту
13 Сәуір 2021, 19:31
Р. Скляр cу тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
13 Сәуір 2021, 17:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:58
Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Сәуір 2021, 14:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №210 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 14:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 13:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №207 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
12 Сәуір 2021, 10:57
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
11 Сәуір 2021, 18:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №107
11 Сәуір 2021, 08:09
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:05
Қ. Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.