Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

«Нұрлы жол» бағдарламасының екінші бесжылдығы: заманауи автожолдар және жаңа жол жүйелерінің енгізілуі қалай жүзеге асуда

Сәрсенбі, 10 Наурыз 2021, 15:25:20

Соңғы жылдары Қазақстан жол саласы мен логистикада елеулі табыстарға қол жеткізді. Елде жол инфрақұрылымы жақсарып, көлік саласының бірыңғай саясаты әзірленді. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы — ұлттық экономиканың негізгі драйверлерінің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бағдарламаның екінші кезеңі еліміздің көлік-транзит секторының жетекші рөлін нығайтуға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Республикалық автожол саласының дамуы туралы толығырақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтып берді.

— Былтыр инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығының бірінші жылы аяқталды. 2025 жылға дейінгі бағдарламаға сәйкес автожол саласына үлкен міндеттер қойылып отыр. 2020 жылы нысаналы индикаторларға қол жеткізу мүмкін болды ма?

Алғашқы бесжылдықтың қорытындысы бойынша инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 мың шақырым жол салынып, реконструкцияланды. 

Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық дәлізінің, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Талдықорған, Щучинск – Петропавл, Бейнеу – Ақтау автожолдарының реконструкциясы аяқталды. 

Жалпы, мемлекеттік бағдарлама қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 88%-ға, ал жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 71%-ға дейін жеткізілді.

Бұл – үлкен жұмыс. Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейде болуы көңіл қуантарлық жағдай. 

 

— Жуырда Үкімет басшысы Қазақстандағы көлік инфрақұрылымын ауқымды модернизациялау жайлы сөз қозғады. Осы орайда жақын болашаққа қандай жоспарлар қойылып отыр? Биылғы жылдың соңына дейін қанша жол салынып, реконструкцияланады?

2020 жылы инфрақұрылымды дамытуға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын іске асыру басталды. Жол-құрылыс жұмыстарымен 9,8 мың шақырым жол қамтылды. Оның 5,8 мың шақырымы республикалық маңызы бар жолдар, 4 мың шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар болды.

Республикалық маңызы бар жолдар желісін қамтуда бұндай көрсеткіш осыған дейін болмаған еді. Жылына реконструкция жұмыстарымен 500-900 шақырым жол ғана қамтылатын. 2020 жылы бұл көрсеткіш 5-6 есеге дейін өсті.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 2,6 мың шақырым жолда қозғалыс ашылды. Күрделі және орташа жөндеуден өткен 1,8 мың шақырым жолдың 1,1 мың шақырымы пайдалануға берілді. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылған жергілікті маңызы бар жолдар желісінде жыл қорытындысы бойынша 2,7 мың шақырымында жұмыстар аяқталып, пайдалануға берілді. Осылайша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 75%-ға дейін жеткізілді.

Биыл жол жұмыстарымен автомобиль жолдарының 6 мың шақырымы қамтылады. Оның 4,7 мың шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар. Олардың ішінде 3,6 мың шақырым жол құрылыс және реконструкция жұмыстарымен қамтылады. Жыл қорытындысы бойынша 2,2 мың шақырым жолды пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар келесі жолдарда қозғалыс ашылады: Қарағанды –  Балқаш – Бурылбайтал – Күрті, Қалбатау – Майқапшағай, Ақтөбе – Қандыағаш, Атырау – Астрахань, Үшарал – Достық, Қостанай – Денисовка, Павлодар – Семей, Шамалған айналма жолы, Күрті – Қапшағай, Петропавл – РФ шекарасы, Ұзынағаш – Отар.

Бұдан бөлек, ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының үлесі 58%-ға дейін артты.

Жалпы, жыл қорытындысы бойынша Мемлекеттік бағдарлама аясында жоспарланған барлық міндеттер толығымен орындалды. 

Күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен 1,1 мың шақырым жол қамтылады, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдардың 1,3 мың шақырымы қамтылады.

Инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығының аясында 2020-2025 жылдары автожол саласына келесідей міндеттер жүктеліп отыр:

  • республикалық маңызы бар жолдардың 12 мың шақырымын құрылыс және реконструкциямен қамту;
  • республикалық маңызы бар жолдардың 11 мың шақырымына күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 27 мың шақырымын құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамту. Осылайша олардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 95%-ға дейін жеткізу.  

Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық автомобиль жолдарының үлесін 100%-ға дейін, ал I және II техникалық категориялардағы жолдарды 60%-ға дейін жеткізу көзделген.

Жайлы қозғалыс үшін барлық республикалық желіні Ұлттық стандартқа сай келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарымен қамту жоспарланған. 

Республикалық жолдар желісінде ақы өндіру жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жалғасады. 2020-2025 жылдар аралығында 11 мың шақырым жолды ақылы ету көзделіп отыр. 

 

— Қазір Қазақстанның бірқатар өңірінде белсенді түрде ақылы жолдар жүйесін енгізу бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілуде. Қандай тас жолдар ақылы болады? Жүру құны қандай болады? Жүргізушілер үшін қандай да бір жеңілдіктер енгізіле ме? Республика бойынша түсім қандай болады деп күтулуде және ол қаражат қайда бағытталады?

Биыл 1 сәуірден бастап келесідей учаскелерде ақылы жүйені енгізу көзделіп отыр: Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Орал – РФ шекарасы (Саратов), Орал – РФ шекарасы (Самара), РФ шекарасы (Орынбор) – Ақтөбе, Щучинск – Петропавл, Қостанай – РФ шекарасы (Троицк), Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Қапшағай – Талдықорған, Атырау – Бейнеу – Өзбекстан шекарасы, Қарабұтақ – Қызылорда, Ақтөбе – Орал», Ақтау – Бейнеу, Нұр-Сұлтан – Қостанай, Павлодар – РФ шекарасы (Омбы), Нұр-Сұлтан – Павлодар, Павлодар – Семей – Қалбатау.

Қазіргі уақытта барлығы 682 шақырым жол ақылы жолдар қатарына енгізілген. Олар: Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас жолдары.

2020 жылдың қорытындысы бойынша қолданыстағы 4 ақылы учаскеден 5,7 млрд теңге қаражат жиналды. Сонымен бірге 5,8 мың шақырым жолдан 2021 жылы 29 млрд теңге түсім түседі деп шамаланған. Бұл түсімдер болжамды екенін және аталған учаскелерді күтіп-ұстауға бағытталатынын атап өту керек. 

Жолдарды күтіп-ұстау төрт кезеңге бөлінеді: қысқы, көктемгі, жаздық, күздік. Осыған дейін жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына қаражат республикалық бюджеттен бөлінсе, ақылы жолдар енгізілгеннен бастап түскен түсім күтіп-ұстау жұмыстарына жұмсалатын болды.

Ақылы жолдардың құны қазіргі тарифтерге сай белгіленетін болады. Жеңіл автокөліктер үшін төлем бірінші санаттағы жолдарда ғана белгіленеді. Мәселен, бір шақырымға бір теңгеден алынады. 

Ауыр жүк көліктері және қоғамдық көліктер үшін бір шақырымға 5 теңгеден 25 теңгеге дейін алынады. Бұл көлік құралының салмағына байланысты болады. 

Қазіргі таңда жол бойындағы елді мекендердің жеңіл көлікпен жүретін тұрғындары үшін жылына мың теңге көлемінде абоненттік төлем жасау мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл жергілікті тұрғындар үшін жасалып отыр. 

Мысалы, «Нұр-Сұлтан–Щучинск» автожолының бойында орналасқан 5 ауданның тұрғындары (жеңіл көлік иелері) үшін бір жылға 1000 теңге көлемінде абоненттік төлем төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

 

— Жолдарды қысқы уақытта күтіп-ұстау бойынша пайдаланушылардан жиі шағымдар естіп жатамыз. Өткізіліп жатқан шараларды жақсарту бағытында Комитет қандай жұмыс атқаруда?

Қыста күтіп-ұстаумен қамтылатын республикалық маңызы бар жолдарымыздың ұзындығы 24,9 мың шақырымды құрайды, оның 20,9 мың шақырымы «Қазақавтожол» ЖШС-не тиесілі; 3,8 мың шақырымына қайта жөндеу және күрделі жөндеу объектілеріндегі мердігер ұйымдар қызмет көрсетеді; 211 шақырымы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалына тиесілі. 

Барлық жолдардың жағдайына біз әрқашан қараймыз, жаз-қыс демей, әр уақытта да оларға қатысты сұрақтар түсіп жатады. Әсіресе, қыста боран болып, жолдар жабылады. Сондай күндері жолдарды жауып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, боран басылған соң жолдардың барлығын тазалау, халықтың барамын деген жеріне еш кедергісіз жетуі үшін жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету - біздің міндетіміз. 

«Қазақавтожол» ЖШС-да қыста жолды күтіп-ұстауға арналған 1200-ге жуық техника бар. Сондай-ақ 300 техника сатып аламыз деген жоспар бар, олар сатып алынып жатыр.  Әр облыста, әр ауданда жетпеген техникалар жалға алынып, жолға қатысты барлық жұмыстар аталған техникалармен атқарылып жатыр. 

— Саланы цифрландыру қалай іске асып жатыр? Ел автожолдарын диагностикалау мен паспорттау белсенді жүргізіліп жатыр. Жұмыс қандай кезеңде?

Цифрландыру – негізгі бағыттарымыздың бірі. Жол секторын цифрландыру аясында «Жол активтерін басқару жүйесі» жобасы енгізілуде. Біз оны қауіпсіздігі тұрғысынан тексеріп жатырмыз. Тексеріс аяқталғаннан кейін жоба толық қолға алынады. 

Аталған жұмыстарды «Сапа орталығы» РМК жүргізеді, оның 14 облыста, 3 қалада жылжымалы зертханалары бар. Олардың бәрі толық жарақтандырылған, жолдың жағдайын – қисықтығын, дұрыстығын т.б. анықтайтын қондырғылары бар, олар барлық деректерді беріп отырады. Ал жинақталған ақпарат елордадағы бірыңғай орталыққа түседі. Осылайша, әр жолдың жағдайы бойынша толық ақпарат алынады. 

Жобада қай жолдың күрделі жөндеуді, реконструкциялау жұмыстарын не болмаса орташа жөндеуді талап ететінін көрсетіп тұрады. Мәселен, орташа жөндеуді талап ететін жолды уақытылы жөндемесек, ол күрделі жөндеуді талап ететін жағдайға жетеді, яғни шығыны да соншалықты үлкен болады. Сол сияқты, күрделі жөндеуді талап ететін жолдарда уақытылы жөндеу жұмыстары жүргізілмесе, оларды реконструкциялау қажет болады. Бұл да көп шығынды талап етеді. Аталған жүйе бізге қаражатты үнемдеп, жолдарды дер кезінде жөндеуге, жоспарлы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 

Жобаға сәйкес республикалық маңызы бар жолдар желісін цифрландыру көзделген. Ал болашақта жергілікті маңызды жолдар да қамтылмақ. 

Жол активтерін басқару жүйесі (ЖАБЖ) – жіті жүргізілген аспапты зерттеудің деректерінің негізінде қажетті инвестиция көлемдері мен жөндеу-қалыпқа келтіру шараларының таңдалған стратегиясына сай жолдардың техникалық жағдайын болжайтын ақпараттық жүйе. 

Аталған жүйені енгізудің арқасында жолдардағы ақауларды бастапқы кезеңінде жойып, күрделі шығындарды төмендетіп, жолдардың жарамдылық циклының шығындарын қысқартуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ, жол желісінің жағдайын баға берудің сандық индикаторларынан сапалы көрсеткіштерге өту арқылы «Нәтижеге бағытталған бюджет» концепциясын іске асыруға жағдай жасалады. 

Бүгінгі таңда ЖАБЖ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келу бойынша сынақтан өткізілуде. Бұдан соң, өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарланған. 

Аталған көшпелі зертханалар жол жабындысының геометриялық параметрлері, құрылымдары мен ақауларын анықтап, бейнепаспорттау жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы мамандандырылған аспаптармен жабдықталған. 

Биыл республикалық жолдар желісінің 24,9 мың шақырымын аспаптық диагностикалау көзделген, одан әрі екінші кезеңде жергілікті маңызы бар жолдардың 70,9 мың шақырымын тексеру жоспарланған.

 

— Комитет су тасқынына қарсы шараларға әзірлік жұмыстарын бастап кетті. Жыл сайын осы бағытта қандай жұмыстар жүргізіледі?

Су тасқыны - айтып келмейтін ауыр апат. Сондықтан біз оған дайындығымызды жыл сайын күшейтіп, жыл сайын оған ертерек әзірленеміз. Тастар болсын, құмдар болсын, темір бетон материалдар болсын, құбырлар болсын, соның барлығы бүгінгі күнге 100% толығымен дайындалып қойған. 

Әр жерлерде біздің мердігерлеріміздің күнделікті жолдарды қарап, жағдайы қалай, бүгінгі күні қалай, ертең қалай болады, соны қарап кезекші болып жүретін техникалары бар. Олар жергілікті болған соң судың  қай жақтан келіп жатқанын, ол жолға қай уақытта келетінін біліп, оған алдын ала дайындықтар жасайды. Яғни, біз  бұл бағытта әр уақытта алдын ала жұмыс жасап отырмыз. 

Біздің тек қорқатынымыз, жолдың бойында үлкен су қоймалары бар, сондағы кейбір су қоймаларының иелері жоқ. Көп су келіп қалып, сол су қоймалары ашылып кетіп, жолға келетін болса, бізге қиындық тудыратын мәселе сол. Қалған барлық жағынан біз дайынбыз.     

Жыл  сайын республикалық автомобиль жолдары мен олардың бойындағы жол құрылымдарының бұзылуына жол бермеу үшін, сондай-ақ, автокөліктердің үздіксіз жүрісін қамтамасыз ету мақсатында су тасқынына қарсы комиссиялар құрылып, шаралар жоспары бекітіледі. Комиссиялар құрамына Автомобиль жолдары комитеті, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС және олардың облыстық филиалдарының өкілдері кіреді.

Шаралар аясында су тасқынына қарсы және апаттық жұмыстарға қажетті инертті материалдар әзірленеді. Жүру бөлігі мен жол жиегі уақтылы тазартылып, қардан қорғайтын жасанды құрылымдар орнатылады. Бұдан бөлек, құбырлар мен шағын көпірлердің саңылаулары мен арналарын қар мен мұздан тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі уақытта жолдар мен жол құрылымдарын күнделікті әрі тәулік бойы патрульдеу іске асырылады.  482 қауіпті учаске, 739 құбыр мен 59 көпір жіті назарға алынған. Оларға 883 арнайы техника бекітілген. 

Су тасқынына қарсы күрес кезеңде  жұмысты уақтылы ұйымдастыру үшін жол материалдары 100% сақадай сай (ЖЖМ 679 тонна, 7,8 мың м3 құм, 12,2 мың м3 тас, 14,7 мың м3 қиыршық тас, 52,6 мың бірлік қап және 124 темірбетонды құрылым)

Жолдар реконструкциясы және күрделі жөндеу кезінде су тасқыны қаупі бар учаскелерде көпірлердегі саңылаулардың диаметрі үлкейтіліп, қосымша су өткізгіш құбырлар орнатылуда, Сондай-ақ, үйінділердің биіктігін арттыру бағытында жұмыс жүргізілуде.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру барысында аймақтардың климаттық жағдайы, сондай-ақ өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің нәтижелері ескерілуде.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды қаржыландыру республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға бөлінген қаражат шегінде қамтамасыз етіледі.

 

— Сайранбек Сұлтанбекұлы, жол саласындағы кадр тапшылығы мәселесі көп айтылып келеді. Түйткіл немен байланысты және оны шешудің қандай да бір жолдары бар ма?

Кадр мәселесі - күрделі мәселе. Өйткені жол салу үшін кадр керек. Қандай үлкен техникаларымыз, күшіміз бәрі болса да, кадрлар жетіспесе, көп нәрсеге тосқауыл болуы мүмкін. Бүгінгі күні кадр тапшылығы бар. 

Бізде бұрын кеңес одағы кезінде автомобиль жолдары мен салалыққа байланысты жақсы мамандар шығаратын Өскеменнің құрылысшылар институты, Алматының құрылыс институты, соның филиалдары болған, Қарағандыда, Павлодарда техникалық университеттер болған.   

Қазір осы мәселелерді білім, еңбек министрліктерінің алдына қойып жатырмыз. Осы мамыр айында гранттар бөлінеді. Сол кезде жолда жұмыс істейтін мамандарға көбірек грант алсақ, көп мәселені шешеміз деген ойымыз бар. 

 

 — Сұхбатыңызға рахмет!


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №246 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №239 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 11:47
Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ
04 Мамыр 2021, 11:32
Ержан Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.