Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері «Қордай — Ақ Жол» жаңғыртылған өткізу пунктін ашты

Жұма, 02 Сәуір 2021, 15:14:04

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Қырғызстанның Премьер-Министрі Улукбек Марипов Үкіметаралық кеңестің IX отырысын өткізіп, екі елдің мемлекеттік шекарасында жаңғыртылған «Қордай — Ақ Жол» өткізу пунктінің ашылу рәсіміне қатысты.

Үкіметаралық кеңес отырысында сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, су-энергетикалық, транзиттік-көлік, туристік, ғарыш және IT салаларындағы, өнеркәсіптік кооперациядағы, сондай-ақ білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және еңбек көші-қоны, қоршаған ортаны қорғау, өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы, ЕАЭО және басқа да интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды.

Тараптар «Қарасу — Ақ Тілек» өткізу пунктінде «Алатау» бірлескен Трансшекаралық сауда орталығын (ТСО) құру перспективасын талқылады. Орталық базасында жеміс-көкөніс өнімдерінің заманауи қоймаларын, сондай-ақ сертификаттау, санитарлық және фитосанитарлық бақылау органдарын орналастыру көзделіп отыр, бұл АӨК өнімдерін қайта өңдеудегі ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады. ТСО алаңында Қазақстан мен Қырғызстан өнеркәсіптік кооперациясын дамыту үшін индустриялық аймақ құру жоспарлануда.

Қырғызстанның Шу және Ыстықкөл облыстарында жалпы инвестиция көлемі $25 млн құрайтын және ауыстырып тиеу қуаты жылына 26 мың тонна болатын көтерме-тарату орталықтарын салу мәселесі қаралды.

Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы, «Бесағаш — Кичи Капка» өткізу пунктін және Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы басқа да өткелдерді жаңғырту, екі елдің Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу, тау бағыттары бойынша туристік топтар ұйымдастырған мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі туралы үкіметаралық келісім жасасу және т. б. талқыланды.

Қазақстан Үкіметінің басшысы инфрақұрылымда, көлікте, өнеркәсіптік кооперацияда трансшекаралық байланыстарды күшейтуге, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ауқымды толассыз интеграциялық жобаларды іске асыру арқылы ЕАЭО шеңберінде екі елдің инвестициялық ынтымақтастығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

А. Мамин сондай-ақ навигациялық пломбаларды пайдалану тәжірибесін кеңейту және фискалдық органдардың мәліметтерімен онлайн алмасу арқылы екі ел арасында тауарлардың өтуі үшін «жасыл дәліз» құру қажеттігіне назар аударды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан жақында Қырғызстанға 10 мың тонна бидай ұны және 1 мың тонна күздік бидайдың өнімділігі жоғары тұқымы түрінде гуманитарлық көмек көрсетеді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 9-шы отырысының хаттамасына, сондай-ақ «Қорғас» ШЫХО» АЭА мен Қырғызстанның «Нарын» АЭА арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Үкімет басшылары жаңғыртылған «Қордай (Қазақстан)  — Ақ Жол (Қырғызстан)» өткізу пунктінің ашылу рәсіміне қатысты.

2020-2021 жылдары жүргізілген қайта жөндеуден кейін өткізу пунктінің құрылыс алаңы 3,5 есе, 4,9 мың шаршы метрге дейін, қозғалыс жолақтарының саны 2-ден 8-ге дейін, паспорттық бақылау кабиналарының саны 13-тен 34-ке дейін ұлғайтылды, заманауи инспекциялық-тексеру кешендері орнатылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде пункттің өткізу мүмкіндігі тәулігіне 1 мыңнан 2,5 мың автомобильге дейін және 6 мыңнан 25 мың адамға дейін өсті, бұл Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға мультипликативтік әсер етеді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №246 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №239 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 11:47
Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ
04 Мамыр 2021, 11:32
Ержан Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.