Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда 2021 жылдың бірінші айында 801 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Сейсенбі, 16 Ақпан 2021, 13:02:36


 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Еліміздің өнеркәсіп секторындағы қазіргі жағдай туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады.

2021 жылдың қаңтар айында еліміздің өңдеу өнеркәсібінде оң үрдіс сақталды. 

Машина жасау саласында нақты көлем индексі 116,2% құрады. Автокөлік құралдары, трейлерлер және ашық тіркемелер, машиналар мен жабдықтар өндірісі, өзге де көлік құралдарын, компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар жасау, жөндеу және орнату есебінен өсті. 

Министрдің айтуынша, түсті металлургияда да оң динамика байқалды. Өсім 106,6% құрады. Оған тазартылған алтын, тазартылған күміс, құйма алтын, түйіршіктердегі күміс, катодты мыстың және басқа да көрсеткіштердің өсімі есебінен қол жеткізілді.

Қара металлургияда нақты көлем индексі 96,9% құрады. Шикізаттың жеткіліксіздігіне, тұтынушылардың тапсырыстарының азаюына байланысты шойын өндірісі, рельстер, болат құбырлар, арматуралық прокат төмендеді.

«Сонымен қатар кәсіпорындармен бірлесіп экспорттық әлеуетті өнімді өткізудің баламалы нарықтарына қайта бөлу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жыл соңына қарай бірлескен жұмыс нәтижесінде аталған көрсеткішке қол жеткізу жоспарда бар», — деді Б. Атамқұлов. 

Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4% артты. «Химфарм» акционерлік қоғамында және «Viva pharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шығарылатын өнім көлемі 2 есеге өсті. «Dolce» кәсіпорнында 18% артты. 

Негізінен, өсім халықтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға деген сұранысының артуы есебінен болды. Дезинфекциялық құралдар мен минералды тыңайтқыштарға сұраныстың артуы химия өнеркәсібінің өндіріс көлемін арттырды. Өсім 12,8% құрады.

Құрылыс материалдары өндірісі 111,8% болды. Оған портланд-цемент, гипс, силикат және қож кірпіштері, құрылыс ерітінділері өндірісінің артуы есебінен қол жеткізілді.

Биыл өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 1,2 трлн теңге болады деп жоспарланған. Бұл ретте еңбек өнімділігі 5,6% өсуі тиіс.

 «Индустрияландыру картасы шеңберінде биыл жалпы сомасы 1,93 трлн теңгеге 112 жобаны іске қосу жоспарланған. 13,4 мың жұмыс орны ашылады», — деді министр. 

Сонымен қатар шектеу шаралары көлік саласындағы нақты көлем индексіне теріс әсер етуде. 2021 жылы қаңтар айында бұл көрсеткіш 82,6% құрады. Бұл ретте транзиттік контейнерлік тасымалда 81,4 мың жиырма фунттық балама көлемінде оң динамика сақталды. Өсім 27% құрады.

«Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 0,28 млрд тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,4% құрады», — деді Б. Атамқұлов. 

Жыл соңына дейін республикалық маңызы бар автожолдардың 90% және жергілікті жолдардың 76% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу жоспарланып отыр. 6,5 мың шақырым ақылы жол енгізіліп, ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол сервисін 66% жеткізу көзделген.

 «Теміржол көлігімен транзит 23,1 млн тоннаға дейін немесе 12% артады деп отырмыз. Оның ішінде контейнерлер транзитін 1 млн жиырма фунттық баламаға жеткіземіз», — деді министр. 

Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2021 жылдың қаңтар айында 107% болды. Барлық өңірде оң динамика байқалады.

Тұрғын үй құрылысында осы жылдың бірінші айында 801 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Яғни, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,4%. Республика бойынша барлығы 6810 баспана пайдалануға берілді. 

«Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі Маңғыстау облысынан басқа, 16 өңірде артты. Жалпы биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үй құрылысы кезінде жергілікті қамту үлесін арттыруға тиіспіз. Бұл бизнес үшін құрылыс материалдарының отандық нарығын дамытуға қосымша мүмкіндік береді», — деді министр. 

Сондай-ақ саладағы қажеттілікті айқындау мақсатында негізгі 24 позиция бойынша құрылыс материалдары нарығына талдау жүргізілді.

«Бүгінгі таңда отандық өндірушілер 10 тауар позициясы бойынша ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен өтей алады. 11 позиция бойынша еліміздің кәсіпорындары шамамен 50% қамтамасыз етеді. Ал линолеум, тұсқағаз, санфаянс сияқты 3 позиция бойынша ішкі нарықта әзірге өндіріс жоқ», — деп түйіндеді Б. Атамқұлов.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
18 Сәуір 2021, 10:08
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №108
16 Сәуір 2021, 18:20
А. Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
16 Сәуір 2021, 18:05
Инвестициялық штаб отырысында 2021 жылдың I тоқсанындағы инвестицияларды тарту қорытындылары қаралды
16 Сәуір 2021, 14:39
Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өткізді
16 Сәуір 2021, 12:30
Марат Ахметжанов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды
15 Сәуір 2021, 19:33
Жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жұмыс орындарын ашу: ҚР-да халықты жұмыспен қамту шаралары
15 Сәуір 2021, 19:13
Елбасы Премьер-Министр Асқар Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады
15 Сәуір 2021, 18:49
Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 15:36
Қазақстанда су тасқыны жағдайы тұрақты — Ю. Ильин
15 Сәуір 2021, 13:47
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
15 Сәуір 2021, 11:46
Ә. Смайылов туристік маусым қарсаңында ШОБ проблемалық мәселелерін қарастыру жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 11:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №229 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 11:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №223 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №235 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 Қаулысы
14 Сәуір 2021, 17:43
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады
14 Сәуір 2021, 16:26
Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 15:32
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 14:24
Тұрғын үй саясатын жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй салу және тиімді шарттармен ипотека беру — Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту
13 Сәуір 2021, 19:31
Р. Скляр cу тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
13 Сәуір 2021, 17:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:58
Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Сәуір 2021, 14:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №210 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 14:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 13:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №207 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.