Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда бес жылда ауыл шаруашылығында өнім экспортын және ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің табысын 2 есе ұлғайту жоспарланған  

Сейсенбі, 02 Наурыз 2021, 11:00:44

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында АӨК дамытудың және инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі бағыттары қаралды. АӨК дамытудың жаңа тәсілдері туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешені саласында іс жүзінде барлық макрокөрсеткіштер бойынша оң өсу серпіні байқалады. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5,6%-ға артып, 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең үлкен өсім. Бұл ретте, тамақ өнімдері өндірісі 4%-ға өсті. 

Агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту мақсатында мынадай міндеттер қойылды:

  • ішкі нарықты 80%-дан астам деңгейде азық-түлік тауарларымен молықтыру;
  • 1 млн ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру;
  • еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру;
  • өңделген өнім экспортын 2 есеге ұлғайту.  

Ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен молықтыру жөніндегі міндетті шешу үшін министрлік импортын қысқарту қажет позицияларды айқындады. Бұлар – құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік пен сүзбе, алма, қант және балық.  Бүгінгі күні алдағы үш жылға арналған бағыттардың әрқайсысы бойынша инвестициялық жобалардың нақты пулы айқындалды. 

Ауыл шаруашылығы министрі мәлім еткендей, қазір өзімізде өндірілетін құс етінің көлемі ішкі нарық қажеттілігінің 58%-ын ғана жабады. Толықтай молықтыру үшін құс етін өндіру қуатын қосымша 171 мың тоннаға арттыру қажет. Өткен жылдың өзінде қуаты 94 мың тонна болатын 8 құс фабрикасы іске қосылды. 

«Алдағы үш жылда жалпы қуаты 191 мың тонна болатын 11 құс фабрикасын пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл жобаларды үш жыл ішінде іске қосу құс еті бойынша қажеттілікті толық көлемде өтеуге мүмкіндік береді», — деді С. Омаров.

Ішкі нарық отанымызда өндірілетін шұжық өнімімен 62%-ға қамтамасыз етілген. Толықтай молықтыру қуаты 77,8 мың тонна болатын 6 ет комбинатын іске қосу есебінен, сондай-ақ айналым мақсаттарына арналған қаржыландыру және фермерлерді малды союға өткізуге ынталандыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. 

«Сүт өнімдері импортының жалпы көлемі сүт шикізатына қайта есептегенде шамамен 500 мың тоннаны құрайды. Молықтыру мәселесін өнеркәсіптік тауарлық сүт фермаларының қуаттылықтарын іске қосу мен кеңейту және отандық сүт зауыттарын жете жүктеу есебінен шешу жоспарланып отыр. Сондықтан жыл сайын 35 өнеркәсіптік тауарлық сүт фермасын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл ретте өткен жылдың өзінде жалпы қуаты 98 мың тонна болатын 48 тауарлық сүт фермасы іске қосылды, оның 17-сі – өнеркәсіптік тауарлық сүт фермалары», — деді С. Омаров.  

Бүгінгі таңда алманы жалпы тұтыну көлемі 344,3 мың тоннаны, импорт 144 мың тоннаны құрайды. Ішкі нарықты 6,6 мың га алаңда жаңа қарқынды бақтар салу есебінен молықтыру болжанып отыр. 

Ведомство басшысы атап өткендей, жаңа бақтар отырғызуды негізгі бақ өсіретін өңірлер: Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында шоғырландыру ұсынылады. 

«Жыл сайынғы бақ отырғызу көлемі орта есеппен 2 мың га болады, бұл толық жеміс беруге біртіндеп шыға отырып, алмаға деген тапшылықты жойып, 2024 жылы өз-өзімізді толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,— деп нақтылады С. Омаров.

Қазіргі уақытта отанымызда өндірілетін қант тапшылығы 240 мың тоннаны немесе қажеттіліктің жартысынан көбін құрайды.

Ішкі нарықты молықтыру Алматы облысындағы қант зауытын жаңғырту, сондай-ақ Жамбыл облысында қуаты 150 мың тонна қант болатын жаңа қант зауытын салу есебінен болжанып отыр.

Министрдің айтуынша, қосымша 175 мың тонна қант өндіру есебінен қант тапшылығын шешіп, 80% қамтамасыз ету көлеміне шығу жоспарлануда. 

Балық өнімдерімен қамтамасыз ету 60,8% құрайды. Ішкі нарықты молықтыру үшін өндіру қуаты 13,5 мың тонна балық болатын 8 жоба іске қосылатын болады. Бұл қамтамасыз ету көлемін 100%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

«Жалпы республика бойынша бес жыл ішінде 380 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оның 65%-дан астамын импортты алмастыру аясындағы жобалар құрайды. Сондай-ақ, бұл тізбеге агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін ұлғайту, оның ішінде бордақылау алаңдары, репродукторлар, жылыжайлар бойынша, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша бірқатар жобалар енгізілген», — деді С. Омаров.

Жалпы жыл сайын орта есеппен 75-80 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Министрлік жобаларының пулы инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарларын облыстар әкімдіктерінің пысықтауы нәтижесінде кеңейтілетін болады.  

Сондай-ақ бұл жобалар Мемлекет басшысының 7 ірі экожүйе құру тапсырмасының ажырамас бөлігі болады, оның шеңберінде дәнді және майлы дақылдарды, жемістер мен көкөністерді, қантты, ет пен сүтті өндіру мен өңдеу экожүйелерін құру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Мәселен, өсімдік шаруашылығында зәкірлік «BioOperations» ЖШС кәсіпорнымен Солтүстік Қазақстан облысында астық өндіру және өңдеу жөніндегі экожүйе құрылуда. 

Министр атап өткендей, кооперация қағидаты бойынша экожүйе астықты тереңдетіп өңдейтін зауытты, құрамажем зауытын, құс кешенін, тауарлық сүт фермасын және осы кәсіпорындарды ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы өндірушілерін біріктіреді. 

Осындай экожүйелерді елдің барлық өңірлерінде өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып құру жоспарлануда.

Сонымен қатар, ауылда шағын несие беру жалғасатын болады. Өткен жылдың өзінде бұл мақсаттарға 43,2 млрд теңге бағытталды, бұл 11 мыңнан астам микрокредит беруге мүмкіндік берді, оның 60%-ын стартап-жобалар құрайды. Бағдарламаны іске асыру ауылда 11 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. 

«Алдағы бес жылда 250 млрд теңге сомасына 50 мың шағын несие беру жоспарланып отыр», — деді сала басшысы.

Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдаудың тиімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.  Бұл үшін өткен жылы министрлік субсидиялау тетіктерін қайта қарап, олар белгілі бір салаға баса назар аудармай, бірыңғай тәсілдемені көздейтін болды. Сондай-ақ шағын және орта фермерлердің субсидиялауға қол жеткізу шектері өзгертілді. 

Мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін ағымдағы жылдан бастап бизнес үшін қарсы міндеттемелер кезең-кезеңімен енгізіледі. 

Сонымен қатар, базалық субсидиялар бойынша субсидиялау көлемдерін ұлғайту есебінен 2025 жылға қарай:

  • ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін 4%-дан 6%-ға дейін;
  • минералды тыңайтқыштарды қолдану ғылыми негізделген норманың 21%-ынан 30%-ға дейін;
  • IV репродукцияға дейінгі жоғары сапалы тұқымдарды енгізу деңгейін 93%-дан 97%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. 

Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың басты қағидаты оның тұрақтылығы мен сабақтастығы болады. Бұл ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне өз қызметін ұзақ мерзімді перспективаға болжауға мүмкіндік береді.   

Бұдан басқа, АӨК субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында салалық мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қосу жолымен екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және синдикатталған қарыздар арқылы ауыл шаруашылығы секторына несие беру мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда.   

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды кеңейту және жастар үшін ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға гранттар енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Сондай-ақ, барлық АӨК қолдау шараларының бірыңғай электрондық ресурсы құрылатын болады», — деді С. Омаров.

Жалпы, коронавирус пандемиясы жағдайында бүкіл әлемде елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ауыл шаруашылығының рөліне деген жалпы түсінік өскен. Сондықтан Қазақстан мен көптеген мемлекеттер үшін импортты алмастыру мәселесі басымдыққа ие.  

Жүргізіліп жатқан жұмыс 2023 жылдың соңына қарай импортқа тәуелділік мәселелерін шешіп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте басымдық инфляцияға әсер ететін азық-түлік тауарларына берілетін болады.

С. Омаров атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қазіргі уақытта келесі бес жылға арналған жаңа Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаны агробизнес, ғылым талқылауда. Жоғарыда аталған барлық шаралар Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаға енгізілетін болады. 

Жүргізіліп жатқан шаралар нәтижесінде бес жыл ішінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, өнім экспортын, ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің табысын 2 есеге ұлғайту, сондай-ақ салаға 4,1 трлн теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл қосымша 500 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.  

Өз кезегінде сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік қауіпсіздігі аргоөнеркәсіп кешенін дамытудың басты міндеті болып тұрып, азаматтарымыздың әлеуметтік көңіл-күйімен тікелей байланысты екенін атап өтті. 

23 ақпандағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік туарлары бағаларының өсуі 2,4% деңгейінде тіркелді. Бәрінен бұрын импортқа тәуелді өнімдердің, жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлардың, сондай-ақ маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде қымбаттайтын көкөністердің бағалары өсім көрсетті. Олардың жалпы өсімге қосқан үлесі 2,0 проценттік тармақты құрады.

Азық-түлік балансы мен бағаның өзгеруін талдау келесі қорытындыларды көрсетеді. Біріншіден, азық-түлік тауарларының бағасы өндірісі мен тұтыну теңгеріміне ғана емес, сондай-ақ импортталатын және экспортқа жіберілетін өнімнің үлесіне де байланысты. Мұндай ағындар сыртқы нарықтардың бағаларын ішкі саудаға әкеп соқтырады.

«Екіншіден, тұрақтандыру қорлардың көлемі жеткілікті емес, яғни 3,7 млрд теңгеге 25,4 мың тонна қалыптастырылған Олардың интервенциясы жалпы тұтынудың 0,2%-нан 1,4%-ына дейін құрайды. Бұл іс жүзінде бағаға тиісті әсер етпейді. Тұрақтандыру қорларының өздері де тиімді қалыптаспайды. Мысалы, Ақтөбе облысында 2020 жылы қанттың, қарақұмық жармасының, күнбағыс майының және жұмыртқаның бағалары едәуір өсті. Бұл ретте, жыл ішінде қорға бағаның шамалы өсуі байқалған көкөністер сатып алынды», — деп түсіндірді Б. Сұлтанов. 

Үшіншіден, нарықтық құралдар өздерінің тиімділігін көрсетті. Бұл форвардтық сатып алу және «айналым схемасы». 

Сауда және интеграция министрінің айтуынша, бүгінгі таңда жергілікті бюджеттерден 21,9 млрд теңге бөлінді.

«Механизм тиімді, дегенмен нарыққа айтарлықтай әсер ету үшін қаржыландыруды кеңейту қажет. Отандық өндірушілермен келісімшарттарды «қолымен басқару» режимінде жүргізе отырып, желілерге арзандатылған кредиттерді 50 млрд теңгеге дейін ұлғайту керек», — деді Б. Сұлтанов.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 779 млрд теңгеге дейін жеткенін, өсім 166 млрд теңгені құрағанын хабарлады. Салаға 124,4 млрд теңге инвестиция тартылды. 

«Былтыр 11 сүт фермасының құрылысы басталып, оның бесеуі іске қосылды. Саланы одан әрі дамыту АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген. Алдағы жылдары 30 мың мал басына арналған 52 сүт фермасы салынады, нәтижесінде сүт өндірісі жыл сайын 150 мың тоннаға артады. Етті мал шаруашылығында өңірде 2 бордақылау алаңының құрылысы жүргізілуде. 2025 жылға дейін тағы 6 бордақылау алаңы салынады», — деді Қ. Ақсақалов.

Биыл қуаттылығы 15 мың тонна болатын 2 бройлер құс фабрикасының құрылысы басталады. Екі сүт зауытында жаңғырту аяқталады. Осының арқасында сүт өңдеу 135 мың тоннаға дейін және ірімшік өндірісі 7,5 мың тоннаға дейін өспек. 

Әртараптандыру аясында майлы дақылдар  алқабы 1 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдарды өңдеу үшін екі май өңдеу зауытының  құрылысы жоспарланған. 

Экожүйені дамыту шеңберінде стратегиялық инвестор ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және терең өңдеу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруда. Инвестор «Биоперейшн» зауытын іске қосып, крахмал, глютен және  биоэтанол шығаруды қолға алды. 

«Биыл шошқа кешені 100 мың басқа дейін кеңейтіледі. 5 жыл ішінде оның қуатын 500 мыңға дейін жеткізу жоспарланған», — деді СҚО әкімі. 

Сонымен қатар қуаты жылына 110 мың тоннаға дейін болатын жаңа қоспа жем зауыты ашылады. 3000 басқа арналған сүт фермасының, сүт өңдеу зауытының және селекциялық-генетикалық орталықтың құрылысы басталады. Қазір осы кәсіпорындарда 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. 

«Барлық жобалардың арқасында алдағы 5 жылда еңбек өнімділігі 2,5 есеге,  өнім экспорты екі есеге ұлғаймақ», — деді Қ. Ақсақалов. 

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, агроөнеркәсіптік кешен облыс экономикасын дамытудың негізгі драйвері болып отыр. Облыс бойынша өсімдік шаруашылығында егіс алқаптарын әртараптандыру бағыты алынған: өткен жылы қант қызылшасы 2 мың га, жүгері  4,5 мың га, жем-шөп дақылдары 4,7 мың га ұлғайтылды.

Сондай-ақ, 2025 жылға қарай 30 га алаңда 12 жобаны іске асыру есебінен жылыжай көкөністерін өндіруді 52 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету мақсатында "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Сонымен қатар, ағымдағы жылдан бастап екі ауданда жаңбырлы жабдық лизингі бойынша пилоттық жобаны іске қосамыз», — деді А. Баталов.

Алматы облысында мал шаруашылығында бес жыл ішінде 22 сүт-тауар фермасын, 30 бордақылау алаңын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ еліміздегі құс еті мен жұмыртқа өндіретін негізгі өңірлердің бірі ретінде мұнда 10 құс фабрикасы жұмыс істейді.  

«Жалпы 160 млрд теңге инвестициялық меморандумға қол қойылды. Инвестор жобалық қуаты 160 млн инкубациялық жұмыртқа, құны  43 млрд теңге болатын асыл тұқымды репродуктордың бірінші кезеңін іске қосады.  Келесі жылдан бастап қуаты жылына 120 мың тонна ет өндіретін республикадағы ең ірі құс фабрикасының құрылысы басталады, инвестициялар көлемі 117,0 млрд теңгені құрайды. Бір ғана инвестордың жобаларын іске асыру  4700 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», — деп нақтылады облыс басшысы.

Бұдан басқа, облыста қуаты жылына 29 мың тонна етті құрайтын құс фабрикасы қалпына келтірілді, 21 млн жұмыртқаға арналған асыл тұқымды репродукторы іске қосылды. Қуаты жылына 35,6 мың тонна етті құрайтын құс фабрикасын салу көзделіп отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 373 кәсіпорын жұмыс істейді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 8% өсіммен барлығы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген. 

Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, майлы дақылдарды, жемістер мен көкөністерді, ет пен сүтті өндіру және терең өңдеу бойынша ірі экожүйелер қалыптасуда. Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау қуатын арттыру үшін жалпы қуаты 21 мың тонна екі жоба іске асырылады. 

«Алдағы бес жылға агроөнеркәсіп кешенінің инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 138,4 млрд теңгеге 136 жоба бар, оларды іске асыру ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 1,3 трлн теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді», — деп түйіндеді А. Баталов.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин облыста ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың  2020-2025 жылға арналған бағдарламасы іске асырылып жатқанын жеткізді. Осы орайда негізінен келесідей бағыттарға көңіл бөлінуде: 

  • мал шаруашылығын дамыту арқылы ет және сүт өнімділігін арттыру; 
  • мал азығымен және көкөніспен қамтамасыз ету үшін суармалы жерлерді дамыту;
  • әртараптандыру арқылы егіс шаруашылығын дамыту. 

Осы орайда, өткен жылы саланы мемлекеттік қолдау мақсатында:

  • 3600 шаруашылыққа 19 млрд теңгеден астам субсидия төленді, оның ішінде мал азығын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 4,4 млрд теңге бөлінді; 
  • мемлекеттік бағдарламалар аясында 29 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді;
  • инвестиция 10,8%-ға өсіп, 6 ірі жоба бойынша жұмыстар аяқталды. 

Нәтижесінде 325 млрд теңгеге жуық өнім өндіріліп, өсім 6,7% құрап, мал басының өсімі 7%-дан 23%-ға дейін артты.

«Бұл саладағы біздің мақсатымыз — жеке қосалқы шаруашылықтарды ірілендіріп, шағын және орта шаруашылықтардың үлесін арттыру. Ал шағын шаруашылықтар ірі кәсіпорындармен зәкірлі кооперация аясында жұмыс істеуде. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, өткен жылы жеке тұрғындардың мал басы үлесі азайып, шаруашылық құрылымдардың үлесі 51%-дан 75,0%-ға дейін жетті. Жалпы малдың саны тұрақты өсуде», — деді О. Оразалин.

Алдағы жылдары мал азығы және көкөніспен қамтамасыз ету аясында, суармалы жер көлемін 2 есе, яғни 100 мың га, жылыжай көлемін 74 га жеткізу көзделген. Ал, 2024 жылға дейін облыста инвестиция көлемі 192 млрд теңге болатын 23 ірі жоба іске асырылып, 2400 жаңа жұмыс орны ашылады. Соның ішінде, биылғы жылы 7 ірі жобаның жұмыстары басталып, 5 жобаны іске қосу жоспарлануда.

«2025 жылға мал басын 2 есеге дейін өсіріп, мүйізді ірі қара  1 млн 200 мың, қой-ешкі 2 млн 600 мың, жылқы 230 мың басқа, ет өндіру көлемін 220 мың тонна, сүт өндіру көлемін 450 мың тоннаға жеткізуге толық мүмкіндік бар. Нәтижесінде 2025 жылға еңбек өнімділігі 2,5 есеге, жалпы өнім көлемі 2 есеге және ауыл еңбеккерлерінің орташа табысы 50%ға дейін ұлғаятын болады», — деп түйіндеді облыс басшысы.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Ауыл шаруашылығы министрлігі іске асырып жатқан қолдау бағдарламаларының арқасында, облыста АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсуі қалыптасқанын атап өтті.

«Өткен жылы, өсімдік шаруашылығының жалпы көлемі 121%-ға өсті, мал шаруашылығында өсім 112% құрады, инвестициялық салымдар 125%-ға артты. Өңірде, импортты алмастыруға, және, экспортты ұлғайтуға бағытталған 210 млрд теңгеге, 20 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда», — деді Д. Ахметов.

Биыл Семей қаласында жылына 300 мың тонна шикізат өңдейтін май өңдеу зауыты жұмысын бастайды, 2022 жылға қарай қуаты осындай тағы бір кешен іске қосылады. Өңдеуші кәсіпорындардың жалпы қуаты жылына 1,1 млн тоннадан астам шикізатты құрайды, бұл,  өндіріс көлемін 400 мың тоннаға арттырады және майлы дақылдар егістігін әртараптандыруды қамтамасыз етеді. 

Сонымен қатар келесі жылы жылына тоқсан 90 мың тоннаға дейін сүт өңдейтін «Эмиль» сүт зауытының құрылысы аяқталады. Жалпы тауарлар тобына ірімшік және бүгінгі күні импортталып отырған аралас құрамдағы өнімдер қосылады. 

«2022 жылға дейін, қуаты жылына 13,7 мың тонна сүтті құрайтын 6 сүт-тауарлы фермасын іске қосу жоспарлануда. Импортты алмастырудың негізгі жобасы, ағымдағы жылы Өскемен құс фабрикасында құс етін өндіруді жылына 28 мың тоннадан 55 мың тоннаға дейін кеңейту болып отыр», — деді Д. Ахметов. 

Сонымен қатар Жжлына 50 мың тонна шошқа етін өнеркәсіптік өндіру бойынша экспортқа арналған жобаны іске қосу жоспарлануда. Іске қосылатын 2 ет комбинатын шикізатпен қамтамасыз ету үшін 18 мың бас ірі қара малды бордақылауға арналған 6 бордақылау алаңын құру жоспарлануда.  

«Мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста 4,5 мың га суармалы егістік қосымша қолданысқа енгізіледі. Облыста аквамәдениеттің 3 жобасы жүзеге асырылған, болашақта тағы 7 балық өсіру нысаны жоспарлануда», — деді ШҚО әкімі.

 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
14 Сәуір 2021, 16:26
Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 15:32
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 14:24
Тұрғын үй саясатын жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй салу және тиімді шарттармен ипотека беру — Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту
13 Сәуір 2021, 19:31
Р. Скляр cу тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
13 Сәуір 2021, 17:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:58
Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Сәуір 2021, 14:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №210 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 14:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 13:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №207 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
12 Сәуір 2021, 10:57
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
11 Сәуір 2021, 18:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №107
11 Сәуір 2021, 08:09
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:05
Қ. Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.