Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда мемлекеттік автобус парктерін толық жекешелендіру көзделген — С. Жұманғарин

Сейсенбі, 22 Маусым 2021, 11:30:32

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдері туралы баяндады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Агенттік “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында краудсорсингтік алаңдар ашты. Ең алдымен, бұл Open Space пікір алмасудың ашық диалог алаңы, онда қоғамды толғандыратын ең өзекті және көкейкесті мәселелер бойынша 211-ден астам сессия өтті, сондай-ақ елдің 17 өңірінде тосқауылдар бойынша кеңестер құрылды, оларға 216 сарапшы қатысады. Осы уақыт ішінде 80-нен астам кедергі анықталды, олардың 13-іне шаралар қабылданды. Бүгінгі күннің негізгі міндеті – мемлекеттің экономикадағы рөлін айқындау», — деді С. Жұманғарин.

Оның айтуынша, негізгі тауар нарықтарындағы шоғырланудың жоғары деңгейі және экономикаға мемлекеттің қатысуының жоғары деңгейі – бүгінгі күні бәсекелі экономиканы дамыту жолындағы негізгі кедергі. Бұл ретте, бәсекелестікті дамыту бойынша 3 негізгі реттеуші кедергі анықталды.

Біріншіден, бұл негізгі қуатқа қол жеткізу, бағаны бұрмалау, сондай-ақ жебеушісі немесе фаворитизм.

Негізгі қуатқа қол жеткізуді қамтамасыз ету маңызды міндет болып табылады. Бұл — инфрақұрылым немесе объект, ол болмаса бәсекелестер тұтынушыларға өз қызметтерін ұсына алмайды.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы бұған магистральдық теміржол желісі, байланысқа арналған кабельдік кәріз, әрі қарай өңдеуге арналған бастапқы металдар, теңіз порттары, дәрі-дәрмек өндіруге арналған заттар, өндіріс технологияларын мысал ретінде келтірді.

«Біз негізгі қуатқа қол жеткізу принциптерін айқындадық: ақылылық, транспаренттілік, жеделділік, мүмкіндік, басым жағдайға ие болу», — деді ҚР БҚДА төрағасы. 

Бәсекелестікті дамытудың келесі бағыты – биржалық сауданы дамыту. Серік Жұманғарин биржалық сауда дұрыс жолға қойылғанын атап өтті. Бүгінгі таңда бензин, битум, көмір, сұйытылған газ сауда-саттығы іске қосылды. Осы жылдың соңына дейін авиакеросин, дизель отыны, бидайдың есебінен сауда кеңейетін болады. Алғаш рет көмірмен биржалық сауда-саттық өткізілді, онда карьерлердің өздері жеткізу базисі болады. Қаражыра мен Шұбаркөлдің алғашқы сауда-саттығы тұтынушы үшін үнемділігі 20%-ға дейін құрайтынын көрсетті.

«Келесі маңызды қадам, бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы болды – мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін реттеу. Біз 51 монополиялық операторды анықтадық, оның ішінде 47-сі мемлекеттік қатысумен», — деді БҚДА төрағасы.

Олардың 24-і бойынша арнайы құқық институты енгізіледі – олар қатаң реттеуге, бағалық, өзге қызметті шектеуге, басқа компанияларға қатысуға тыйым салуға, жариялылыққа, бизнес құру кезінде залал келтірген жағдайда шығындардың орнын толтыруға жататын болады.

18 реттеу бойынша операторлар қоғамдық қызметтерді жүзеге асырып, және табыс таппағандықтан, олар бұл тізімге кірмейді.

9-ы бойынша түбегейлі шаралар қабылданады: 4-уі жойылады немесе жекешелендіріледі, 5-уі операторлықтан айырылады, олардың жай ғана ведомстволық бағынысты ұйымдар мәртебесі сақталып қалады.

Тағы бір маңызды аспект – кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын қысқарту. Мемлекеттің экономикаға қатысуы бүгінгі күні 14,8%-ды, 2 мыңнан астам квазимемлекеттік сектор субъектілерін құрайды. Мұнда мемлекеттік меншікті секторлық талдау ұсынылды. Яғни, қызмет түрлеріне қарамастан, егер сектор шағын және орта бизнес субъектілерінің санын, мемлекеттік қолдау деңгейін ескере отырып жетілсе, оны толық жекешелендіру қажет. Мысал ретінде стоматология, қауіпсіздік, көлік қызметтері, абаттандыру кәсіпорындары жатады. Әрине, Қазақстанның өңірлерін ескеру қажет. 

«Сонымен қатар мемлекеттік тапсырыстар санын қысқарту да маңызды. Біз келесі жылы оларды 27-ге, ал жалпы 2025 жылға қарай шамамен 2 есеге қысқартуды жоспарлап отырмыз. Экономикалық тиімділік 30 млрд теңгеден асады», — деді ол.

Мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдауды дербестендіру жұмысы жүріп жатыр. С. Жұманғариннің айтуынша, көбіне ірі бизнеске қолдау көрсетіліп жатады.

ҚР БҚДА шағын және орта бизнес үлесін, мемлекеттік қатысу деңгейін, кедергілердің болуын, нарықтық шоғырлану деңгейін ескере отырып, мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің бәсекелестік принциптерін әзірлейді.

Цифрлық экономиканы реттеудің жаңа тәсілдерін енгізу.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы атап өткендей, Қазақстан қазірдің өзінде цифрлық экономика дәуіріне аяқ басты. Әрине, реттеудің бүгінгі әдістері біршама ескірген, сондықтан цифрлық платформаның түсініктерін, желілік тиімділікті және цифрлық нарықтарды талдаудың жаңа әдіснамасын анықтау қажет.

Электр энергиясы нарығындағы бәсекелестік маңызды болып табылады. Бүгінгі таңда ұйымдастырылған сауда-саттықта электр энергиясының тек 1% сатылады. Қалғанының бәрі ашық емес тікелей келісімшарттар бойынша сатылуда. Осыған байланысты, 2025 жылға дейін ұйымдастырылған электр энергиясы саудасы кем дегенде 30%-ға дейін артады. Сонымен қатар электр энергиясымен жабдықтау нарығындағы саралауды жою жоспарланған.

«Мұның бәрі жыл сайын 20 млрд бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді, 31 млрд шағын және орта бизнес үшін шығын бөлігі үнемделіп, біздің есебіміз бойынша тұрғын үйге көмек ретінде 720 млн-ға артады», — деп түсіндірді С. Жұманғарин.

Келесі маңызды мәселе – көлік нарығындағы бәсекелестікті дамыту. Ең бастысы, жүк темір жол тасымалдары нарығында бәсекелестікті дамыту. Осы мәселе бойынша 40-тан астам лицензия берілген. 3 тасымалдаушы бар, олардың 2-і пилоттық режимде жұмыс істейтін жеке меншік. Басты міндет – осы қызметті кеңейту. Яғни, 2025 жылға қарай кемінде 10 тасымалдаушыға жеткізу көзделген. 

Сондай-ақ үлкен жабық нарық – бұл әуежай қызметі нарығы. Терминалдық қызмет көрсетуге кем дегенде 2 оператор, оның біреуі тәуелсіз болу үшін перрондық қызмет көрсетуге еркін қол жеткізу жоспарланып отыр және жолаушылар ағыны көп әуежай нарықтарында 2 млн адам кем дегенде жерүсті 3 қызмет көрсету түріне қол жеткізе алады.

Жолаушылар тасымалы нарығында Қазақстанда мемлекеттік автобус парктерінің белгілі бір саны бар. Оларды толығымен жекешелендіру жоспарда бар.

Дәрілік заттарды өткізу нарықтарына қатысты С. Жұманғарин мұнда халықаралық патенттелмеген атауы бойынша өзара алмасушылығы болған кезде мемлекеттік бағалық реттеуге жататын дәрілік заттарды қысқарту болжанғанын атап өтті.

Трастқа қарсы реттеу шеңберінде 2020 жылы түрлі аспектілер бойынша 109 тергеу аяқталды. Бүгінгі таңда 29 тергеу жұмыстары жүргізілуде.

«Өзін дұрыс жағынан “жұмсақ құқықтың” тиімді институты көрсетті. Осы уақыт ішінде 210 хабарлама, 6 ескерту берілді, монополияға қарсы комплаенстің 138 актісі жасалды. Осының барлығы Мемлекет басшысының түрлі тапсырмаларын орындауға, медициналық маскалар мен ПТР тестілеу бағасын төмендетуге мүмкіндік берді», — деді Бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысы.

Бүгінгі күні құрылыс материалдары нарығында тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының және тұрғын үй құрылысы нарықтарында бағаның өсу тренді төмендеді.

Бәсекелестікті дамыту жөніндегі шараларды іске асырудың әсері:

  • Мұнай өнімдерінің биржалық саудасын 2025 жылға қарай 20%-ға дейін, сұйытылған газбен алмасуды келесі жылы 100%-ға дейін арттыру. Экономикалық тиімділік 1,9 трлн теңгеден асады.

  • Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық көлемін 2025 жылға қарай 350 млрд теңгеден астам сомаға 30%-ға дейін ұлғайту. Бюджет қаражатын жыл сайын 20 млрд-қа үнемдеп, шағын және орта бизнестің шығыны 31 млрд теңгеге дейін азаяды.

  • Маркет плейстерінің дамуы – электр энергиясын жеткізушіні ауыстыру уақытын 10 есе қысқарту.

  • 2025 жылға қарай әуежайлар аумағында кемінде 7 қызмет көрсету түріне еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету.

  • Байланыс саласындағы кабельдік кәрізге қолжетімділікті қамтамасыз ету.

  • Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы муниципалды автобус парктерінің санын 0-ге дейін қысқарту.

  • 2025 жылға қарай мемлекеттік тапсырыстар санын 50%-ға қысқарту.

  • 2025 жылға қарай 20 бірыңғай операторды оңтайландыру.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
24 Қыркүйек 2021, 18:16
Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды  
24 Қыркүйек 2021, 11:09
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №650 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 11:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №647 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 09:30
Е. Тоғжанов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Қыркүйек 2021, 19:26
Президент тапсырмаларын іске асыру аясында салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жалғасуда — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 19:07
ЕТЖ артуының жалпы әсерін кемінде 3,5 млн қызметкер байқайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 18:50
Салықтар мен төлемдер бойынша нақты жүктеме 2023 жылдан бастап төмендетіледі — ҰЭМ
23 Қыркүйек 2021, 18:47
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
23 Қыркүйек 2021, 18:45
Президент тапсырмаларын орындау аясында елімізде енгізілген ақпараттық жүйе ШОБ-ты мемлекеттік қолдаудың 79 шарасын қамтиды — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 17:43
2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14%-ға дейін қысқарады — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 17:28
ҚР Үкіметі 64 шарадан тұратын инфляцияға қарсы әрекет ету кешенін қабылдайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 15:49
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылды
23 Қыркүйек 2021, 12:52
А. Мамин ЕҚДБ президенті О. Рено-Бассомен Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
21 Қыркүйек 2021, 16:34
А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
21 Қыркүйек 2021, 12:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.09.2021
21 Қыркүйек 2021, 12:07
2025 жылға қарай Екібастұз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бес есе өседі — Ә. Ерғалиев
21 Қыркүйек 2021, 11:11
ВАК отырысында карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешім қабылданды
21 Қыркүйек 2021, 10:42
Қазақстанда егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары — Е. Қарашөкеев
21 Қыркүйек 2021, 09:39
Үкімет Екібастұз қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті
21 Қыркүйек 2021, 09:28
Қазақстан ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және астық экспортының әлеуетін сақтайды — А. Мамин 
20 Қыркүйек 2021, 16:03
21 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2021, 14:57
А. Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
19 Қыркүйек 2021, 09:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №129
19 Қыркүйек 2021, 09:00
Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:37
Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қыркүйек 2021, 09:44
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №128
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.