Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қорын құру көзделуде – Н. Ноғаев

Сейсенбі, 16 Ақпан 2021, 14:30:11

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2021 жылғы қаңтардағы республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Жылдың бірінші айының қорытындысы бойынша отын-энергетика кешенінің қазіргі жағдайы туралы ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз баяндамасында айтып берді.

Көрсетілген кезеңде мұнай және конденсат өндіру көлемі 7 млн тоннаға , ағымдағы жылғы қаңтар айының жоспарына 98,3% жетті. 

Жалпы, мұнай-газ саласындағы iрі компаниялар бойынша көрсеткіштер төмендегідей. 

Теңізшевройл жобасында аталған кезеңде 2 млн тонна мұнай өндірілді, бұл есепті айдың жоспарына 95,8% құрайды.

Министрдің айтуынша, мұнда жоспардың орындалмауы метеорологиялық жағдайларға байланысты болды. 2021 жылдың қаңтарында аймақта қолайсыз ауа райы байқалды: тұман түсіп, жаңбы жауды, ылғалдылық артып, мұз қатты. Мұндай ауа райы құбылыстары электр желілеріндегі жоғары вольтты коммутациялық құрылғыларда кернеу ұшқындарын тудырды. Нәтижесінде «Теңізшевройл» және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» нысандарында апатты іркіліс орын алды.

Орын алған электр энергиясын жеткізудегі іркіліс 2-ші буын зауытының тоқтауына, шикі газды кері айдау және кешенді технологиялық тізбектің өндірісінің ішінара қысқаруына алып келді.

Анықталған технологиялық бұзушылықтардан ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы мүдделі тараптарды тарта отырып тергеу жүргізуде.

Солтүстік Каспий жобасы – Қашағанда мұнай өндіру көлемі 1,23 млн тоннаны құрады, яғни қаңтар айының жоспары 100% орындалды.

Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 1,1 млн тоннаны құрап отыр, ағымдағы жылғы айдың жоспарымен салыстырғанда 101% көрсетті.

Есепті кезең ішінде 5,5 млн тонна мұнай экспортталды, ағымдағы жылғы қаңтар айының жоспары 100% орындалған. 

2021 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша 4,7 млрд текше метр көлемінде газ өндірілді, бұл есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 97,7% құрайды. 

Газ өндірісінің төмендеуіне Теңіз кен орнында электр энергиясының істен шығуы себеп болды, өз кезегінде бұл ілеспе газ өндірудің төмендеуіне алып келді. 

Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 2,5 млрд текше метрге жетті, осы көрсеткіш биылғы жылдың қаңтар айының жоспарына 112,4% орындалды.

Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 280 мың тонна болды, бұл есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 102,6% құрайды. 

Экспортқа шығарылған газ көлемі 736 млн текше метрді құрап, есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 119,3% жетті.

«Биылғы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша 1 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді, бұл көрсеткіш қаңтар айының жоспарына  90,5% құрайды», — деді Н. Ноғаев.

Автобензин бойынша көрсеткіш 410 мың тоннаға жетті, яғни ағымдағы жылғы қаңтар айының жоспарына 91,2% құрады.  

Өндірілген дизель отынының көлемі 326 мың тонна, бұл есепті айдың жоспарына 77%  құрады.

Әуе отыны бойынша көрсеткіш 35 мың тоннаға тең, яғни ағымдағы жылғы қаңтар айының жоспарына 91,4% құрады.

Министрдің сөзінше, аталған көрсеткіштердің төмендеу себептері мынадай: ағымдағы жылдың қаңтар айында Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясын жеткізуде іркіліс (ақау) пайда болды. Орын алған жағдай каталикалық крекинг және реформинг қондырғыларының толықтай және ішінара істен шығуына алып келді.

Бұл ретте мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру көлемінің төмендегеніне қарамастан, ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің қоры тұрақты деңгейде қалып отыр. 

Жалпы, ағымдағы жылғы 16 ақпандағы жағдай бойынша ішкі нарықта мұнай өнімдерінің көлемі мынадай:

  • бензин 251,5 мың тонна немесе 24 күнге; 
  • дизель отыны 357,5 мың тонна немесе 38 күнге жеткілікті.

Мазут өндірісінің төмендеуіне Атырау мұнай өңдеу зауытында алған жағдай әсер етпеді, оның көрсеткіші 242 мың тоннаны құрады, бұл қаңтар айының жоспарына 116% құрайды. 

Мұнай-газ-химия өнімдеріне тоқталатын болсақ, оның көлемі 22,7 мың тоннаға жетті, бұл ағымдағы жылдың қаңтар айының жоспарынан асып түсті, яғни 111,5% құрады. 

Есепті кезеңде 10,9 млрд кВт сағат электр энергиясы өндірілді, бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың қаңтар айының жоспарына тең, яғни 100% құрайды. 

Сонымен қатар, 2021 жылы отын-энергетика кешені көрсеткіштеріне қол жеткізу келесі жобалар мен бастамалар арқылы қамтамасыз етіледі.

Мұнайгаз саласын дамыту бойынша

Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасында газды кері айдау 4-ші компрессорының жобасы аяқталуда, бұл  өз кезегінде сұйық өнімді өндіруді жылына 11-12 млн тонна деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын өнімділігі жылына 6 млн  тоннаға дейін болатын «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсін пайдалануға беру арқылы тұрақты мұнаймен қамтамасыз етілетін болады.

«Сонымен қатар, ағымдағы жылы мұнай өнімдерін биржалық саудаға кезең-кезеңмен шығару жоспарлануда, бұл мұнай өнімдеріне әділ және ашық баға белгілеуді қамтамасыз етеді», — деді Н. Ноғаев.

Мұнай-химия саласы дамыту бойынша

Ағымдағы жылы жалпы қуаты 557 мың тоннаны құрайтын және салаға $2,6 млрд тартатын үш зауыттың құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, атап айтқанда:

  • қуаты жылына 500 мың тонна болатын полипропилен өндіру зауыты (Атырау облысы);
  • қуаты жылына 57 мың тонна болатын қоспа өндіру зауыты (Шымкент қаласы);
  • қуаты 57 млн текше метр азот және 34 млн текше метр құрғақ сығылған ауа өндіру зауыты (Атырау облысы).

Электр энергетикасын дамыту бойынша

2020 жылғы 7 желтоқсанда қабылданған маневрлік генерация құрылысын ынталандыру жөніндегі заң нормаларын іске асыру мақсатында министрлік ағымдағы жылы Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстарында аукциондық сауда-саттық тетігін қолдану арқылы 3 жобаны іріктейді.

Бұл тетік маневрлік генерация құрылысына серпін беруге және тұтынушылар үшін бағаларға ең аз әсер ететін неғұрлым тиімді жобаларды таңдауға мүмкіндік береді.

Шамамен $870 млн сомасына инвесторларды іріктеу күтілуде.

Жаңартылған энергия көздері саласында 2021 жылы жалпы қуаты 381 МВт болатын 23 жобаны іске асырып, шамамен  $370 млн инвестиция тарту жоспарлануда.

Биыл шамамен 3,5 млрд кВт сағ жаңартылатын энергия өндіру жоспарланып отыр.

«Жергілікті қамту саласында қазіргі уақытта министрлік мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға мүмкіндік беретін екі бастаманы жүзеге асыруда», — деді  Н. Ноғаев.

Министрдің айтуынша, біріншісі — Теңізшевройл компаниясымен бірлесіп жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қоры құрылады.  

Екінші бастама — мұнай-газ машинасын жасауды дамыту жөніндегі халықаралық орталық құру.

10 жыл ішінде Қор қызметінің оң әсерінен еліміздің жалпы ішкі өнімі шамамен $642 млн құрайтын болады. Ал  халықаралық орталық 3 ірі оператордың (НКОК, КПО және ТШО) қажеттілігі үшін тауарлар өндіру мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуге сервистік компаниялардың, жергілікті өндірушілердің қатысуына мүмкіндік береді.

«Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу министрліктің тұрақты бақылауында», — деді Н. Ноғаев.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №246 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №239 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 11:47
Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ
04 Мамыр 2021, 11:32
Ержан Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.