ҚР 2020 жылға дейінгі Жастар саясаты тұжырымдамасы ертең Үкімет отырысында талқыланады

Ертең, 26 ақпан күні Үкіметтің  кезекті отырысында ҚР 2020 жылға дейінгі "Қазақстан-2020":Болашаққа айқын жол" Жастар саясаты тұжырымдамасы қарастырылады, деп хабарлады бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Ресми өкілі Алтай Әбибуллаев. 



"Ертең Үкімет отырысында Жастар саясаты тұжырымдамасы және басқа да маңызды мәселелер қарастырылады", - деп мәлімдеді А.Әбибуллаев.

Осы мәселе бойынша ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов баяндама жасайды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу