Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов Саран қ. шина зауытының құрылысын бастап берді

Дүйсенбі, 05 Сәуір 2021, 12:00:47

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Татарстан Президенті Рустам Минниханов Қарағанды облысының Саран қаласында шина шығаратын зауыттың құрылысын бастап берді.

Жобаны «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ және «Татнефть» ЖАҚ бірлескен кәсіпорны – «KamaTyresKZ» ЖШС жүзеге асырады. Зауыттың өндірістік қуаты бірінші кезеңде жыл сайын 3,5 млн көпбейінді шинаны құрайды, кейіннен жылына 9 млн шинаға дейін жеткізіледі.

Зауыт ҚР автомобиль өндірісін оқшаулау деңгейін арттыруға және шиналар импортын алмастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте өнімнің 40%-ын экспорттау жоспарлануда. Жобаны 2022 жылдың соңында іске асыру жоспарланған. Инвестициялардың жалпы көлемі 125 млрд теңгені құрайды.

Зауытта 1100-ден астам жоғары білікті жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Кәсіпорын персоналы «Татнефть» ЖАҚ шина кәсіпорындарында тағылымдамадан өте бастады.

Үкімет басшысы шина зауытын салу жобасы Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты іс жүзінде кеңейгенін айғақтайтынын атап өтті.

«Саран қаласында шина зауытын салу Қарағанды облысының және жалпы Қазақстанның экономикасына мультипликативті әсерін тигізеді, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады және жоғары білікті жаңа жұмыс орындарын құрады. Зауыт өңірдегі ең ірі зауыттардың біріне айналады, оның өнімдері жоғары экспорттық әлеуетке ие болады», — деді А. Мамин.

Татарстан Президенті Р. Минниханов өз сөзінде Қазақстан Татарстанның жетекші шетелдік серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті. 2020 жылы пандемияға қарамастан тауар айналымы 14%-ға өсіп, $630 млн-нан асты.

«Шина зауытының салынуы мен іске қосылуы Қазақстанның қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенінің маңызды элементіне айналатынына, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының қарым-қатынасын нығайту жолында Татарстан-Қазақстан ынтымақтастығын одан әрі арттыруға түрткі болады деп сенемін», — деді ол.

РТБ ауданындағы индустриялық аймақ аумағында шина зауытының құрылысы үшін бетон құю рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов, «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев және «KamaTyresKZ» ЖШС директоры Александр Смышляев қатысты.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Миннихановтың қатысуымен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ арасында битумды модификациялауда, адгезивтерді, желімдерді, резеңкелер мен экологиялық таза шиналарды дайындауда қолданылатын бутадиен каучуктерін өндіру жобасы бойынша ынтымақтастықтың базалық шарттары туралы келісімге қол қойылды. Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2025 жылдары, өндіріс қуаты жылына 186 мың тонна бутадиен каучугы мен 170 мың тонна изобутанды құрайтын болады.

Бұдан басқа, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Татнефть» ЖАҚ арасында Қазақстанда битум зауытын салу ниеті туралы келісімге қол қойылды.  

Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Үкіметінің басшысы мен Татарстан Президенті сонымен қатар «Солтүстік-Оңтүстік» бағыты бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда ағымын байланыстырып отырған ҚР-дағы ең ірі «Global City» көтерме-тарату орталығының жұмысымен танысты. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №246 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №239 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 11:47
Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ
04 Мамыр 2021, 11:32
Ержан Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.