30 Маусым 2020, 16:19
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
CОVID-19-дың таралуына қарсы күрестегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді. Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек және шығыс материалдарымен тест жүйелері түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды ҚР-ға жіберуге дайын екенін білдірді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу