Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады

Сейсенбі, 05 Қазан 2021, 13:11:16

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Маңғыстау облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қаралды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, «Самұрық–Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев баяндама жасады.

Ұлттық экономика министрі атап өткендей, Кешенді жоспар түрлі салалар бойынша жобаларды іске асыруды көздейтін 15 бағыттан және 214 іс-шарадан тұрады. 2021-2025 жылдарға арналған инвестицияларға жалпы қажеттілік 2,1 трлн теңгені құрайды, оның ішінде РБ – 338,8 млрд теңге, ЖБ – 118,3 млрд теңге, сондай-ақ жеке инвестиция  – 1,6 трлн теңге.

Өнеркәсіпте Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын, «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында каустикалық сода, құрамында хлор бар өнім өндіру зауытын салу, сондай-ақ сұйық дәрілік формаларды, химиялық реагенттерді, трансформаторларды және т. б. өндіру бойынша 21 жобаны іске асыру көзделеді.

«Өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша «Жылы жағажай» ауданында туристік кешен мен сауда қатарларын, визит орталығы бар этноауыл, 9 қонақ үй, демалыс аймақтары, сауықтыру кешендерін салу сияқты шаралар қабылданатын болады», — деді Ә. Ерғалиев.  

Көлік және логистика бағыты бойынша Ақтау қаласының халықаралық әуежайында жаңа терминал салу және жұмыс істеп тұрғанын жаңғырту, Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалын жаңғырту жоспарланған.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы–2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» бағдарламаларының құралдары белсенді қолданылатын болады. Сондай-ақ, Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында 2 көтерме-тарату орталығы салынады.

АӨК саласында 25 инвестициялық жоба іске асырылады, сондай-ақ АӨК субъектілеріне кредит беру және ауыл шаруашылығы малын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелері субсидияланатын болады. Сондай-ақ, өңірдің мал азығы қорын тұрақтандыру қоры құрылады.

Тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласында «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырынан магистралдық газ құбыры және «Бейнеу-Жаңаөзен»магистралдық газ құбырының екінші тармағы салынатын болады. Сондай-ақ, 118 км электр желісі, 74,4 км жылу желісі және 508 км газ құбыры салынады және жаңғыртылады.

4 млн шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде 220 мың шаршы метр жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй салу және пайдалануға беру бойынша жұмыс жалғасады, бұл шамамен 33 мың адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өңір тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы қуаты тәулігіне 260 мың текше м болатын 9 тұщыландыру зауыты салынады. Сондай-ақ, 844 км сумен жабдықтау және 949 км су бұру желілері салынады және реконструкцияланады.

Сонымен қатар, 1059 км автожол салу, реконструкциялау және жөндеу жоспарлануда, бұл жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы деңгейін 100%-ға дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.

«Білім беру және медициналық мекемелердің, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымның жетіспеушілігі проблемаларының туындауын болдырмау үшін 16 объект салу көзделген, оның ішінде Ақтау қаласындағы көпсалалы аурухана, емхана, 6 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт және басқалары бар», — деді Ә. Ерғалиев.

3 ауысымды және апатты мектептерді жою мақсатында 24 мектеп және 11 қосымша құрылыс салынатын болады. Сондай-ақ, 5 колледж заманауи жабдықтармен жабдықталады.

Мәдениет және спорт саласында тарихи-өлкетану мұражайы мен драма театрының, стадионның, мұз сарайының, 3 спорт кешенінің және басқа да бірқатар объектілердің құрылысы жоспарлануда.

Кешенді жоспардың бірқатар іс-шаралары өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған, атап айтқанда, «Қошқар ата» қалдық қоймасы қалпына келтіріліп, 4 ҚТҚ полигоны салынады.

Өңірдің қауіпсіздігі мен қоғамдық құқықтық тәртібін қамтамасыз ету үшін 3 модульдік өрт сөндіру бөлімінің құрылысы, сондай-ақ «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласында еңбек дауы туындаған жағдайда жедел шешім қабылдау үшін ведомствоаралық штаб құрылады.

«2025 жылға қарай бұл шараларды іске асыру шеңберінде өңірдің ЖӨӨ 32%-ға, өңдеу өнеркәсібінің көлемінің 43,3%-ға өсуі қамтамасыз етіледі.  Ауыз сумен қамту 100%-ға, халықтың нақты табысы 40,3%-ға дейін өседі.  Пациенттердің медициналық көмек сапасына қанағаттануы 80,7%-ға,  жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың деңгейі 100%-ға артатын болады. 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылады», — деді Ә. Ерғалиев.

Жыл сайынғы туристер ағыны 4,6 есеге артады.  Сондай-ақ, бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үй көлемі 27,2 шаршы метрге дейін ұлғаяды және мектептердегі үш ауысымды оқыту жүйесі реттеледі. Жалпы, Кешенді жоспарды іске асыру облыс халқының әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыруды  қамтамасыз етуге, сондай-ақ, экономикасын тұрақты дамытуға  мүмкіндік береді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов Маңғыстау облысын дамытудың Кешенді жоспарының жобасы шеңберінде министрлік жалпы сомасы 257,5 млрд теңге болатын 16  іс-шараға жауапты орындаушы екенін атап айтты. 

Өңірді өнеркәсіптік дамыту мақсатында Кешенді жоспарда «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында №2 және №4 қосалқы аймақ құрылысын бастау ұсынылады. Бұл мақсатқа 2023-2025 жылдары аралығында 9,6 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлу көзделіп отыр. 

«Қосалқы аймақтардың инфрақұрылымын аяқтау оларға 327 млрд теңге сомасына инвестиция тарта отырып, 1200 жұмыс орнын құра отырып, жобалармен толықтыруға мүмкіндік береді. Жобаларды іске асыру өңір экономикасын әртараптандырып, қосымша жұмыс орындарын ашады. Бюджетке түсетін түсімді арттырып, мультипликативтік әсерін тигізеді. Осылайша, 1 теңге бюджеттік инвестицияға 13,1 теңге жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр», — деді Б. Атамқұлов.  

2025 жылға дейін Кешенді жоспар шеңберінде ұзындығы 791 шақырымдық  жергілікті жол қайта жаңартылып, өңірде орындалған жұмыстар есебінен жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік жай-күйінің көрсеткіші 100%-ға жетеді. Аталған шараларға 56,5 млрд теңге бөлу жоспарланған.

2021 жылғы 22 қыркүйекте Мемлекет басшысы Ақтау және Құрық порт негізінде контейнерлік хаб құру және Қытайдан келетін жүктердің бір бөлігін тарту бойынша тапсырма берді. Бұл тапсырма өңірді дамытудың Кешенді жоспарына енгізілген.

«Қазіргі уақытта контейнерлер ағынын құру, оның ішінде контейнерлік терминал, вагондық жүктер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін контейнерлерге «қайта тиеу» жөніндегі кешен салу, тиеу техникасын жаңарту мәселесін пысықтап жатырмыз. Жобаны іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай контейнер ағынының 2,5 есе өсуі көзделген», — деді Б. Атамқұлов. 

 2025 жылға дейін өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 7,3 млн шаршы метр немесе 67 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Оның ішінде Кешенді жоспар аясында мемлекеттік қаражат есебінен жалпы ауданы 151,2 мың шаршы метр немесе 2,5 мың жалға берілетін және кредиттік баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуныша, жаппай тұрғын үй құрылысы жүретін аудандарды қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 34,7 млрд теңге бөлу жоспарланған. Инженерлік инфрақұрылыммен 9,5 мың жер учаскесі қамтамасыз етіледі. Шамамен 4 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.

«Кешенді жоспар шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыруға республикалық бюджеттен 126 млрд теңге қаражат бөлу көзделген. 1867 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерін, сондай-ақ 3 сумен жабдықтау және 1 су бұру объектісін салу және жаңғырту жоспарлануда. Сондай-ақ, Кешенді жоспар аясында жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге 27 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу жоспарланып отыр», — деді Б. Атамқұлов.  

Өз кезегінде энергетика министрі М. Мырзағалиев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес министрлік бірқатар іс-шараларды іске асыратынын жеткізді.

Біріншіден, министрлік «Total» компаниясымен Доңға кен орны бойынша өнімді бөлу туралы шарттың мерзімін 2024 жылдан 2039 жылға дейін ұзартты. Есесіне «Total» компаниясы 2021-2025 жылдары шамамен 70 млрд теңге инвестиция құяды. Нәтижесінде компания мұнай өндіру деңгейін 25%-ға арттыруды қамтамасыз етеді. 

Осылайша, қазіргі жылына 680 мың тоннадан 860 мың тоннаға дейін артып, құрылыс жұмыстары кезінде 400 жуық жұмыс орны құрылады.

Екіншіден, «ҚазМұнайГаз» компаниясы Өзен, Жетібай және Қаламқас кен орындарына іргелес учаскелерде қосымша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін болады. Осылайша, Бектұрлы Шығыс және Өзен-Қарамандыбас учаскелерінде 26 млрд теңге сомасына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Үшіншіден, өңірде мұнай өндірудің төмендеуіне жол бермеу үшін рентабельді емес, суланған, дебиті аз кен орындары бойынша салықтық преференциялар беру жөнінде ұсыныстар пысықталады. Бұл жұмысты министрлік «ҚазМұнайГаз» компаниясымен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асырады. 

«Министрлік Маңғыстау облысының мұнай өндіру профилін дайындады. Мұнай өндіру келесі 5 жыл ішінде тұрақты болады. Алайда 2025 жылдан бастап өндірудің шамалы төмендеуі байқалуы мүмкін. Бұл ретте мұнай мен газ өндіруді арттыру үшін Маңғыстау облысы айтарлықтай әлеуетке ие. Жаңа теңіз жобаларын іске қосу, атап айтқанда Хазар және Қаламқас-теңіз кен орындарын игерудің арқасында 2028 жылдан бастап мұнай өндіруді 19,5 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда», — деді М. Мырзағалиев.

Осылайша, қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» бен «ЛУКОЙЛ» осы кен орындарын игеру тұжырымдамасын талқылап жатыр. Осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, ҚазМұнайГаз ағымдағы жылдың соңына дейін тұжырымдама нұсқасын түпкілікті айқындауы қажет. 2028 жылдан бастап жыл сайын жоспарланған мұнай өндіру шамамен 4 млн тоннаны құрайтын болады.

Министрдің айтуынша, болжам бойынша инвестиция көлемі шамамен $4,5 млрд құрайды. Осы жобаларды іске асыру жағалау инфрақұрылымын жүктей отырып, өңірдің сервистік кәсіпорындарын жаңа жұмыс және қызмет көлемдерімен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

«Бұл жобалар Кешенді даму жоспарына кірмеді. Себебі оларды іске асыру 2025 жылдан бастап көзделген. Алайда, олар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді», — деді М. Мырзағалиев.

Кешенді жоспарда «МАЭК-Қазатомпромды» дамытудың 2022-2030 жылдарға арналған стратегиясын әзірлеу көзделген. Бұл стратегия кәсіпорынды модернизациялауға бағытталған. Ол жабдықты ұстау және техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтуға, электр станцияларының сенімділігін, маневрлігін арттыруға және негізгі жабдықтың пайдалану мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ стратегия БН-350 реакторлық қондырғысын қауіпсіз істен шығаруға және радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталады. Электр энергиясының сыртқы инфрақұрылымын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр.

Мәселен, Ақтау қаласында 3 қосалқы станция  құрылуда. Оларды іске асыру үшін 2021-2022 жылдары 9,2 млрд теңге көзделген. Осы жобаларды іске асыру  Ақтау қаласының жалпы қалалық орталығының жаңа шағын аудандары мен қалаға іргелес елді мекендердің тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады.

Өңірді газдандыру мәселесіне келетін болсақ, облыста жалпы құны 266,6 млрд теңге болатын 7 газ инфрақұрылымы жобасын іске асыру жоспарлануда.

Оның ішінде:

  • жалпы сомасы 207,4 млрд теңгеге «Бейнеу-Жаңаөзен» учаскесінің 1-ші желісін күрделі жөндеу және 2-ші желісін салу жобасы;
  • 16,5 млрд теңге сомасына «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырын күрделі жөндеу жобасы;
  • 25,7 млрд теңге сомасына Құрық ауылына «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырынан газ бұру және газ тарату құбырларын салу жобасы және басқа да бірқатар жобалар бар.

Осы жобаларды іске асырудың арқасында Маңғыстау облысын газбен жабдықтау мәселесі толық шешілетін болады.

«Облыстың газ мәселелерін талқылау аясында Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауытын салу қажеттілігі туралы атап өтпеуге болмайды. Жұмыс істеп тұрған Қазақ газ өңдеу зауытының тозу деңгейі өте жоғары. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жаңаөзен қаласында заманауи газ өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Бұл зауыт әлемдік стандарттарға сәйкес жылына 900 млн куб м көлемінде шикі газды қайта өңдейтін болады. Осыған байланысты, «ҚазМұнайГазға» бұл жобаны іске асыру жұмыстарын жеделдету қажеттілігін атап өтемін», — деді М. Мырзағалиев.  

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына сәйкес сумен жабдықтау саласында жалпы сомасы 170 млрд теңгеге 3 жоба қарастырылғанын мәлім етті.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 123,7 млрд теңге көлеміндегі жеке инвестициялары есебінен «Бейнеу-Ақтау» учаскесінде ұзындығы 171 км болатын «Астрахань-Маңғышлақ» магистралдық су тартқышын реконструкциялау жоспарлануда. Ол 226 мың адамы бар 1 қала мен 15 ауылдық елді мекенді сумен жабдықтауды жақсартады. Өткізу қабілеті тәулігіне 110 мыңнан 170 мың текше м дейін ұлғайтылатын болады.

Одан басқа, жалпы ұзындығы шамамен 243 км жуық болатын «Ақтау-Құрық-Жетібай-Шетпе» және «Куюлус-Меловое» кен орнынан Каспий су тұшыту зауытына дейін» екі су тартқыштар салу жоспарланған. 

«Қазіргі уақытта жобалық құжаттама әзірленуде. Бұл 278 мың адамы бар 15 ауылдық елді мекенді сумен жабдықталуын жақсартуға және қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жеке инвестициялар есебінен балық шаруашылығы бойынша 30 млрд теңге сомасына 3 жоба іске асырылатын болады.  Нәтижесінде өндірілген балық көлемі 30 тоннадан 10,6 мың тоннаға дейін ұлғаяды, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылады», — деді С. Брекешев.

Өз кезегінде министрлік тарапынан инвестициялық субсидиялар бөлінеді. Оған қоса облыс әкімдігімен инфрақұрылымды құру және жем-шөпке, балық отырғызу материалына және дәрілік препараттарға субсидиялар бөлу бойынша шаралар қабылданады. 

Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында «Қошқар ата» қалдық қоймасын рекультивациялау жұмыстарын жүргізу басталды. Осы жылы 1 млрд теңге бөлінді. Жобалау сметалық құжаттамаға сәйкес су каналының, технологиялық жолдардың, канал арқылы өту құрылысы, жоспарлау және топырақпен толтыру көзделуде.

Сондай-ақ, Даму жоспарында зерттеулер жүргізу, қоршаған ортаға әсерді айқындау және бұрынғы Ақтау пластикалық массалар зауытының аумағында орналасқан иесіз қалдықтарды кәдеге жарату қарастырылған.

Экология министрінің айтуынша, қалдықтарды басқару саласында 4 ауылда тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын салу көзделген. Бұл қалдықтарды қайта өңдеу үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«ӨзенМұнайГаз» 1,4 млн тонна мұнай қалдықтарын жою және кәдеге жарату жұмыстарын жүргізетін болады. Бұдан басқа, елді мекендерді көгалдандыру, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша іс-шаралар өткізуді жоспарлануда. Мұнай кен орындарының біртіндеп сарқылу проблемасын шешу үшін инвесторларды тарту мақсатында, жаңа кен орындарын іздестіру бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жөніндегі жоспарды әзірлеу және бекіту көзделуде», — деді С. Брекешев.

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Е. Қарашөкеев баяндағандай, Кешенді жоспар жобасында агроөнеркәсіптік кешен мәселелеріне зор көңіл бөлінген,  бұл бөлімге 8 іс-шара енгізілді, оның ішінде:

  • 3 іс-шара әкімдікке бекітіліп берілді, ауыл шаруашылығы малы үшін азықтың тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мәселелерін шешуге, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мақсатында жерасты суларына жете барлау жүргізуге, сондай-ақ «Бейнеу астық терминалының» мүлкін сатып алу жөніндегі мәселені пысықтауға бағытталған;
  • 4 іс-шара сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, асыл тұқымды мал шаруашылығын (түйе шаруашылығын) дамыту, инвестициялық субсидиялау және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін су жеткізу қызметтерінің құнын субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шараларын көздейді;
  • 1 іс-шара жылыжайлар салу, балық өсіру, құрама жем, құс етін өндіру және т.б. бағыттарын қамтитын, агроөнеркәсіптік кешенде 147,3 млрд теңге сомасына 25 инвестициялық жобаны іске асыруды көздейді.

Биыл 8,8 млрд теңге сомасына 12 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген, оның ішінде 7,2 млрд теңге сомасына 6 жоба пайдалануға берілді, қалған 6 жоба аяқталу сатысында, оларды а.ж. 4 тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Инвестициялық жобаларды іске асыру облыста агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ықпал ететін болады, атап айтқанда, құс еті өндірісін жылына 5 мың тоннаға дейін, көкөніс өнімдерін жылына 23,4 мың тоннаға дейін, құрама жемді жылына 15 мың тоннаға дейін, сүт өнімдерін жылына 5 мың тоннаға дейін ұлғайтады, жұмыртқа мен ұн өндірісін тиісінше 1,4 млн данаға және 960 тоннаға дейін ұлғайтады, сондай-ақ шамамен 4 335 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», — деді Е. Қарашөкеев.

Нәтижесінде, оның айтуынша, Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2025 жылға қарай 38,8%-ға ұлғайып, 34,0 млрд теңгені құрайтын болады.

Өз кезегінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Шәпкенов Кешенді жоспардың әлеуметтік саланы дамыту бөлігін ұсынды.

Министрдің айтуынша, бұл бағытта әлеуметтік инфрақұрылым, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық нысандары, өнеркәсіп және туризм салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған.

2025 жылға дейін өңірде 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру көзделген.

Биыл 22 қыркүйекте Мемелекет басшысы Кешенді жоспар шеңберінде Маңғыстау облысында 2025 жылға дейін 18 жаңа мектеп, Ақтау қаласында 4200 орындық жаңа үлгідегі 6 заманауи мектеп салуды тапсырды.

Министрдің айтуынша, биыл Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде 2 мың оқушыға арналған 3 мектеп құрылысы жүріп жатыр.

Сондай-ақ Ақтау қаласындағы КОС-1-ден КОС-2-ге дейін кәріздік коллектор құрылысы, «Жылы жылыжайға» су құбырын жүргізу жобалары бойынша да жұмыстар басталып, іске асырылуда.

«Аталған жобалар өңірде жұмыс орындарын құруға, оған қоса туризм саласында қосымша 10 мыңдай жаңа жұмыс орындарын құруға серпін береді», — деді С. Шәпкенов.

Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдармасын іске асыру бойынша жол картасын іске асыру шеңберінде 2025 жылға дейін өңірде 150 мың тұрғын жұмыспен қамту шараларымен қамтылады. 7 мыңға жуық адам оқытылады. Оның ішінде 3,5 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгереді.

«Кешенді жоспар шеңберінде қабылданатын шаралар 2025 жылға өңірдегі жұмыссыздық деңгейін 4,8%-дан аспайтын деңгейде ұстауға септігін тигізеді», — деді С. Шәпкенов.

Еңбек қатынастары мәселесіне ерекше назар аударылады.

Өңірде 11 мың белсенді кәсіпорын жұмыс істейді. Жалдамалы жұмыскерлердің саны 291 мың адам, орташа жалақы 353 мың теңгені құрайды.

Аустаффинг бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындар бойынша жеке мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі таңда осындай 44 кәсіпорында 25 мың қызметкер жұмыс істейді.

Жыл басынан бері облыс бойынша 22 еңбек жанжалы тіркелді, бұл жалпы тіркелген жанжалдардың 80%-ын құрайды.

«Жұмыскерлер қоятын негізгі талап мұнай сервистік кәсіпорындарда жалақы деңгейін көтеру және еңбек жағдайларына жақсарту болып отыр», — деді С. Шәпкенов.

Кешенді жоспар шеңберінде Министрлік «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, мердігерге берілетін тапсырыс көлемін 25%-дан аспайтын мөлшерде шектеу, тендерге қатысатын компанияларға қойылатын біліктілік талаптарын қатайту, конкурс өткізу кезінде жоғары жалақы төлейтін фирмаларға қосымша жеңілдіктер беру сияқты шаралар қарастырылып, сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізу көзделуде.

«Кәсіпорындар, оның ішінде аутстафингке қызметкерлер ұсынатын кәсіпорындарда еңбек заңнамасын сақтауға, жалақы мен еңбек жағдайларындағы сәйкессіздікке жол бермеуге бақылау қамтамасыз етіледі», — деді С. Шәпкенов.

Қабылданған шаралар 2025 жылдың соңына дейін:

  • еңбек жанжалдарының санын азайтуға;
  • анықталған бұзушылықтардың үлес салмағын 20%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ-ның жобасына енгізілген іс-шаралар кешенін Қордың Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев таныстырды.

Кешенді жоспарда Қор тобы жауапты болып табылатын 30 іс-шара ескерілген. Жалпы Қор тобының инвестиция көлемі 692 млрд теңгеден астамды құрайды.

Кешенді жоспарда аймақтың маңызды инфрақұрылымдық жобаларын Қордың жүзеге асыруы қамтылған. Атап айтқанда:

  • «Астрахань-Маңғышлақ» магистралды су ағызғысын қайта өңдеу;
  • Кендерлі ауылында тұзсыздандыру зауытын салу;
  • «Қаражанбас» кен орнында тұзсыздандыру зауытын салу;
  • Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын салу;
  • «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырын қайта жаңғырту.

«Бұл жобаларды жүзеге асыру аймақты сумен қамту, газдандыру, жаңа жұмыс орындары, бюджет түсімін өсіру бірқатар мәселені шешеді», — деді А. Сәткалиев.

Сонымен қатар Кешенді жоспарда аймақ тұрғындарының өмір сүру мен еңбек жағдайларын жақсарту бойынша тағы да басқа шаралар қамтылған.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың мәліметінше, еліміздегі өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 10%, мұнайдың 23% және газдың 5,2% Маңғыстау өңірі экономикасының үлесіне тиесілі.

Өңір экономикасы негізін мұнайгаз секторы құрайтын өнеркәсіптік өңір ретінде сипатталады.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, экономиканың негізгі салаларын дамытуда өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік және логистикаға басымдылық беріліп отыр.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму аспектілерінің бірі халық санының тұрақты өсу үрдісі болып табылады.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша аймақтағы туу көрсеткішінің мың адамға шаққанда коэффициенті 31-ді және «халықтың табиғи өсімі» коэффициенті 25-ті құрап, еліміз бойынша бірінші көрсеткіш болып отыр», — деді Н. Ноғаев.

Қазіргі таңда облыс халқының саны 733 мың адамды құраса, ал 2025 жылға қарай 825 мың адамға жетуі күтіледі.

Әкім атап өткендей, экономиканың жекелеген салаларындағы облыстың жинақталған проблемалары және демографиялық жағдай өңірдің келесі мәселелерін шешуде кешенді тәсілді талап етті:

  • тұщыту қуаттылықтарының жетіспеушілігінен ауыз су тапшылығының артуы;
  • әлеуметтік саладағы мәселелер және адами капиталды қалыптастыру мен жұмыспен қамту;
  • коммуналдық инфрақұрылымның тозуы;
  • қоқысты өңдеу инфрақұрылымының жетіспеушілігі мен «Қошқар ата» қалдық қоймасымен байланысты ахуал.

Бұл мәселелерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт өңірге жұмыс сапары кезіндегі кеңесте ерекше тоқталды.

Әкімнің мәліметінше, негізгі мәселелерді шешуге бағытталған 214 іс-шарадан тұратын Кешенді жоспар жобасы жасақталды, оның ішінде экономиканы дамыту аясында – 87, тұрғын үй және инфрақұрылым бойынша – 48, әлеуметтік сала және экологияда 66 және азаматтық қорғанысты қамтамасыз етуде 13 іс-шара қарастырылған.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылады деп күтіледі.

Жалпы 5 жыл ішінде іске асырылатын 69 инвестициялық жобалардың пулы қалыптастырылды. Оның ішінде өнеркәсіпте – 23 жоба, ауыл шаруашылығында – 20 жоба, балық шаруашылығында – 5 жоба, саудада – 6 жоба және көлік саласында 3 жоба жоспарланды.

Ауқымды инвестициялық салымдар туризм саласында 12 ірі жобаны іске асыру арқылы жоспарланып отыр.

«Бұның барлығы шағын және орта бизнесте өндіріс көлемін арттыруға және жобаларды іске асыру нәтижесінде 12 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», — деді Н. Ноғаев.

Шикізаттық емес сектор салаларын дамыту және демографияның өсуі өңірдің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударуды талап етеді.

Әкімнің сөзінше, бұл – тұрғын үй салу, жолдардың сапасын жақсарту, газбен, электрмен, жылумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау мәселелері.

Сонымен қатар өңір үшін ең маңызды мәселе саналатын ауыз сумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта өңірді ауыз сумен қамтуда тәулігіне 51 мың текше метр суға тапшылық бар. 2025 жылға қарай ауыз суға қажеттілік 250 мың текше метрге дейін жетіп, тапшылық тәулігіне 100 мың текше метр болады деп күтілуде.

«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауында Мемлекет басшысы өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында халықтың 100%-ын бес жыл ішінде толық таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндетін қойды.

«Өңірдегі ауыз су тапшылығын кезең-кезеңімен шешу үшін Кешенді жоспарда жалпы су тұшыту қуаты 260 мың текше метрді құрайтын 9 жобаны және 12 ауылдық елді мекенді ауыз сумен қамтуды жүзеге асыру ұсынылып отыр», — деп хабарлады Н. Ноғаев.

Маңызды бағыттардың бірі – өңірдің әлеуметтік құрамдас бөлігі.

Бірінші кезекте әлеуметтік салада білім беруде үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою мәселесін шешу қажеттілігі туындап отыр.

«Осы оқу жылында облыста 167 мың оқушы мектептерде білім алады, оның ішінде 18 мектепте 5,1 мың оқушы үш ауысымда оқиды және 9,5 мыңға жуық оқушы орнының тапшылығы бар», — деді Н. Ноғаев.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда оқушы контингенті 47 мың адамға артса, алдағы 5 жылда олардың саны 207 мыңға жетеді деп күтілуде.

Жалпы 5 жыл ішінде 28 мың орынға 24 мектептің құрылысы мен 11 мектептің қосымша құрылысы жоспарланған.

Жалпы Кешенді жоспарды жүзеге асыру арқылы келесідей нәтижелерге қол жеткізу күтіледі:

  • 2025 жылға қарай облыстың жалпы ішкі өнімінің көлемін 3,1 трлн тг-ден 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайту;
  • туризм саласында 2025 жылы өңірге келетін туристтер санын 740 мыңға дейін арттыру;
  • 2025 жылға дейін ауыл халқын орталықтандырылған сумен қамтуды 100%-ға жеткізу;
  • жақсы және қанағаттырарлық жағдайдағы жолдар үлесін 100%-ға дейін ұлғайту;
  • халықтың нақты ақшалай табысы 144,2 мың теңгеден 202,3 мың теңгеге дейін арттыру.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
08 Желтоқсан 2021, 16:26
Қазақстан Қырғызстанға 1 мың автобус экспорттайды
08 Желтоқсан 2021, 11:06
9 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
08 Желтоқсан 2021, 10:12
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
08 Желтоқсан 2021, 08:40
А. Мамин Қырғызстан Үкіметінің басшысы А. Жапаровпен келіссөз жүргізді
07 Желтоқсан 2021, 19:40
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
07 Желтоқсан 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты
06 Желтоқсан 2021, 12:13
Асқар Жақыпбаев ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
05 Желтоқсан 2021, 09:26
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №140
04 Желтоқсан 2021, 12:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді
04 Желтоқсан 2021, 11:42
Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.