Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жақсарту үшін МСАК Астана декларациясының операциялық тетігі ілгерілетілуде — А. Цой

Сейсенбі, 02 Наурыз 2021, 12:48:36

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту шаралары туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, қазіргі уақытта халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмекті 7 мыңнан астам МСАК ұйымы көрсетеді, оның ішінде 2 991 медициналық пункт, 836 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 379 дәрігерлік амбулатория және 2 182 емхана бар.

МСАК медициналық қызметтерін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының 59%-ы және жеке меншік денсаулық сақтау ұйымдарының 41%-ы көрсетеді.

Амбулаториялық емханалық көмекті қаржыландыру үлесі ТМККК және МӘМС жалпы көлемінің 52,4%-ын құрайды.

МСАК ұйымдарында 10 мыңға жуық дәрігер және 28 мың орта медицина қызметкері, оның ішінде ауылдық жерлердегі дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің 47%-ы жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жақсарту үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясында ДДСҰ-ға мүше мемлекеттер қабылдаған МСАК Астана декларациясының операциялық тетігі ілгерілетілуде.

Министр 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға артқанын хабарлады.

«Сонымен қатар, БМСК дәрігерлерінің жүктемесін азайту бойынша үлкен жұмыс атқарылды, ағымдағы жылы жалпы практика дәрігерлерінің қолданыстағы учаскелерінен қосымша 480 учаске құрылды, БМСК-нің 63 жаңа объектісі салынды. Көлік медицинасы енгізілді, жыл сайын жылжымалы медициналық кешендермен 1100 шалғайдағы ауылдық елді мекендердің 1,2 млн тұрғыны қамтылады және 35 мыңға жуық науқас адам анықталады, 2020 жылы қосымша 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Осылайша, қолданыстағы 49 ЖМК ескере отырып, олардың жалпы саны 149 құрады», — деді А. Цой.

Денсаулық сақтау министрі хабарлағандай, жалпы республика бойынша МСАК ұйымдары ғимараттарының тозуы 55%-ды құрайды. Бұл ретте ғимараттардың тозуы Ақмола облысында 79%, Солтүстік Қазақстан облысында 75%, Шығыс Қазақстан облысында 71%, Батыс Қазақстан облысында 69%, Атырау облысында 65%, Қызылорда облысында 59% құрайды.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарларына сәйкес 2020 жылы амбулаториялық-емханалық ұйымдардың 197 объектісінің құрылысы жоспарланған болатын. Нәтижесінде 63-і салынды, 134-і орындалмады.

МСАК объектілері 1,5 млн-нан астам медициналық техникамен қамтамасыз етілген, бұл ретте жарақтандырылуы 76,6%-ды, тозуы 49%-ды құрайды.

Бұл ретте медициналық техникамен жарақтандырудың төмендігі Солтүстік Қазақстан облысында 55%, Қостанай облысында 57%, Шымкент қаласында 72%, Ақмола облысында 74% және Ақтөбе облысында 73% байқалады.

2020 жылы жұмысқа орналасқан 1 683 түлектің 25%-ы ғана әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды, оның 37%-ы ауылда. Бұл ретте түлектердің әлеуметтік қолдау шараларымен жоғары қамтылуы Қостанай облысында 81%, Солтүстік Қазақстан облысында 70%, Атырау облысында 57%, Батыс Қазақстан облысында 51% байқалады. Қамтудың төмендігі Алматы облысында 13%, Ақтөбе облысында 12% және Түркістан облысында 7% байқалады.

Ауылда әлеуметтік қолдаумен қамтудың төмендігі Түркістан облысында 8%, Алматы облысында 9%, Павлодар облысында 14%, Маңғыстау облысында 29%, Шығыс Қазақстан облысында 35% байқалады.

«Осылайша, жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету және жергілікті жерлерде кадрларды бекіту бойынша жеткілікті шаралар қабылдап жатқан жоқ», — деп атап өтті министр.

Алексей Цойдың айтуынша, негізгі проблемаларды шешу үшін Министрлік халықтың басым бөлігіне, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындарға мобильділік пен қолжетімділік жағынан МСАК көрсетуді жақсарту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.

Жоспар негізгі басым бағыттарды қамтиды:

  • алғашқы медициналық-санитариялық көмектің медициналық қызметтерінің қолжетімділігі мен көлемін арттыру;
  • алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту және жарақтандыру;
  • денсаулық сақтаудағы кадрлық әлеуетті дамыту;
  • цифрландыруды дамыту;
  • қаржыландыруды және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру.

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің медициналық қызметтерінің қолжетімділігі мен көлемін арттыру үшін өңірлік үздік практика орталықтары дамитын болады, алдын алудың Check-Up, халықты профилактикалық қарап- тексеру, пациентке бағдарлану, мектеп медицинасы сияқты жаңа тәсілдері енгізіледі, жаңа аурулар мен тәуелсіз мейіргерлік практика есебінен ауруларды басқару бағдарламасы кеңейтіледі», — деді министр А. Цой.

Медициналық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен көлемі бойынша патронаждың әмбебап прогрессивті моделі, медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді жетілдіру, халықтың қажеттіліктеріне сәйкес амбулаториялық деңгейде дәрілік қамтамасыз етуді қаржыландыру жөніндегі іс-шаралар жалғастырылады.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі жылжымалы медициналық кешендерді және мамандарды шалғайдағы елді мекендерге тарту арқылы шешіледі. Онда бөлшек дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жылжымалы дәріхана пункттері болады, сондай-ақ ауылдық объектілерді медициналық жабдықпен жарақтандыруды стандартқа жеткізу есебінен шешіледі.

А. Цой хабарлағандай, МСАК ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуға және жарақтандыруға келетін болсақ, бұл мәселеде халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін барынша жақындатуға бағытталған мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары желісінің нормативі қайта қаралатын болады, бұл ретте мына елді мекендерде жоспарланады:

  • 50 адамға дейін ғимаратсыз медициналық қызметкермен қамтамасыз ету;
  • 300 адамға дейін — медициналық пункттер ашу;
  • 300-ден астам адам — фельдшерлік-акушерлік пункттер ашу.

«Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және "Ауыл – ел бесігі" шеңберінде 487-ден астам жаңа МСАК нысандарының салынуы шамамен қосымша 270 жұмыс орнын ашады», — деп толықтырды денсаулық сақтау министрі.

Бұл мақсаттарға шамамен 87,7 млрд теңге қажет болады.

2021 жылы 211 нысанның құрылысы жоспарлануда, оның ішінде 83 медициналық пункт, 70 фельдшерлік-акушерлік пункт, 57 дәрігерлік амбулатория және 1 емхана бар.

2025 жылға дейін күрделі жөндеумен 600-ден астам МСАК объектісі, оның ішінде 584-і ауылда қамтылатын болады.

Сондай-ақ МСАК ұйымдарын жарақтандыру бойынша өңірлік жоспарларды түгендеу және әзірлеу жүргізіледі.

«Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық әлеуетті дамыту үшін медицина қызметкерлерінің жалақысын, мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жалғасады. Биыл 11 мыңнан астам маманды, оның ішінде 35-ін шетелде оқыту жоспарлануда. Биыл медициналық жоғары оқу орындарының мамандарын шығару 5000-нан асады, бұл ретте 3000-ға жуық маман МСАК ұйымына жұмысқа жіберіледі», — деп атап өтті денсаулық сақтау министрі.

А. Цой атап өткендей, МСАК дәрігерлерінің тапшылығы 2 540 құрайды, оның ішінде ауылда – 848 дәрігер.

Осылайша, әлеуметтік қолдауды дұрыс ұйымдастырған жағдайда кадрларды жергілікті жерлерде бекітіп, кадр тапшылығы мәселесін шешуге болады.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті цифрландыру «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында интернетпен қамтамасыз ету, медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау және ақпараттық-технологиялық шешімдерді дамыту тұрғысынан жалғасады.

МСАК-ты жетілдіру үшін кешенді жан басына шаққандағы норматив пен медициналық қызметтерге тарифтерді арттыру жолымен 2025 жылға қарай амбулаториялық-емханалық көмекті қаржыландыру деңгейін 60%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік практикаларын үйлестіру және енгізу, МСАК жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығының базасында үйлестіру орталығын құру керек.

ҚР денсаулық сақтау министрі өз сөзінің соңында қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткізу күтіліп отырғанын атап өтті:

● азаматтардың өмір сүру ұзақтығының 75 жасқа дейін өсуі;

● амбулаториялық-емханалық көмекті қаржыландыру үлесін 60%-ға дейін арттыру;

● қалалар мен ауылдық елді мекендерде кемінде 487 МСАК объектілерін салу және жаңғырту;

● ауылдық денсаулық сақтау нысандарын жалпы тәжірибе дәрігерлерімен 80% дейін қамтамасыз ету;

● денсаулық сақтауды цифрландыру мыналарды қамтамасыз етеді:

- дәрігерлер мен пациенттердің уақытын 50% үнемдеу;

- жанды кезектердің 30% қысқаруы;

- смартфон арқылы алу есебінен зерттеу нәтижелерін алу уақытын 2 есеге қысқарту;

- ел бойынша электрондық рецептілерді жүргізу;

- 2,6 млн астам ауыл халқын көлік медицинасының қызметтерімен жыл сайын қамту.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің айтуынша, өткен жылы жалпы тәжірибе дәрігерлерінің тапшылығын төмендету үшін ауылға келген 67 жас маманға бюджет қаражаты есебінен әрбіріне 1 млн теңгеден біржолғы өтемақы төленді. Сондай-ақ ауылдарда 34 маманға қызметтік тұрғын үйлер берілді, 15 маманға көтерме жәрдемақысы төленіп, тұрғын үй сатып алуға 1 бюджеттік несие берілді. Облыстың медициналық ұйымдары 4 маманға тұрғын үй жалдау шығындарын төледі. Медицина мамандықтарына жергілікті бюджет есебінен 35 грант бөлінді. 

Бұған қоса БҚО әкімі биыл жеке инвесторлар есебінен тұрғын үй құрылысы басталғанын атап өтті. Осы үйден пәтерлер дәрігерлерге де берілетін болады.

«Медицина мамандықтарына бөлінентін гранттар санын көбейтеміз. Осы жылдан бастап қалаға келген жас мамандарға бұрын төленбеген 1 млн теңгеден біржолғы өтемақы төлейтін боламыз, ал ауылдық жерлерде өтемақыны 1,5 млн теңгеге дейін көтеретін боламыз», — деді Ғ. Есқалиев.

Сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмектің нысандары бойынша мәселені шешу мақсатында:

  • 2020 жылы медициналық-санитариялық алғашқы көмектің 10 нысанына 364 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді;
  • 11 жылжымалы медициналық кешен шалғай ауылдарға жедел медициналық көмек көрсетеді.

Биыл Теректі ауданы Федоровка ауылында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын аудандық емхана салу жоспарлануда.

Бұдан басқа Орал қаласында жалпы сомасы 8 млрд теңгеге бір ауысымда 250 адам қабылдайтын 4 емхана салу көзделген.

«Салынып жатқан үйлердің бірінші қабаттарында денсаулық сақтау нысандарына арналған алаңдар бөлетін боламыз. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында облыс аудандарында 53 медициналық нысан салу жоспарда бар», — деді ол.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
14 Сәуір 2021, 16:26
Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 15:32
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 14:24
Тұрғын үй саясатын жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй салу және тиімді шарттармен ипотека беру — Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту
13 Сәуір 2021, 19:31
Р. Скляр cу тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
13 Сәуір 2021, 17:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:58
Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Сәуір 2021, 14:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №210 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 14:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 13:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №207 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
12 Сәуір 2021, 10:57
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
11 Сәуір 2021, 18:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №107
11 Сәуір 2021, 08:09
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:05
Қ. Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.