14 Қараша 2022, 10:29
Сейсенбі күні, 15 қарашада сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
Қазақстан Республикасының 2022 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы;
2022-2023 жылдардағы жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі;
Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарының жобасы.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу