29 Қаңтар 2024, 11:07
Сейсенбі, 30 қаңтар, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
Қазақстан Республикасы су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы;
шағын және орта бизнесті қолдау шаралары.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу