5 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді 

Сейсенбі күні, 5 сәуірде, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған болжамын және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау;

  • Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу