Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

«Digital Almaty» жыл сайынғы форумы: үкімет басшылары деңгейінде цифрлық трансформация мәселелерін талқылау қалай өтті 

Жұма, 05 Ақпан 2021, 15:16:38

Алматыда ЕАЭО елдерінің Премьер-Министрлерінің қатысуымен «Цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс» форумы басталды. Үкімет басшылары өткен жылдың қорытындысын шығарып, Одаққа кіретін мемлекеттердің цифрландыру саласында қандай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Форум басталмас бұрын қатысушылар Қазақстанның қаржы-банк, фискалдық, телекоммуникация және мемлекеттік басқарудағы цифрлық жобаларының көрмесімен танысты.

Форумның пленарлық сессиясы Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянның, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченконың, Қырғызстан Премьер-Министрі Улукбек Мариповтың, Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустиннің, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповтің, ЕЭК Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичтің, Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе мен ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичтің қатысуымен ашылды

Форум қатысушыларына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция байланысы арқылы үндеу жариялады.

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электрондық форматта көрсетілетінін атап өтті. Дағдарыс кезеңінде 6,5 млн жуық азамат цифрлық жүйелер арқылы мемлекеттің қолдауына ие болды.

«Мектептер мен ЖОО қашықтан оқыту форматына көшті. Қазақстанда 15 млн астам адам сымсыз интернетті пайдаланушылар. Біз болашақ технологиялар мен инновацияларда екенін жақсы түсінеміз. Бұл бағыттағы бәсекелестік өте жоғары. Сарапшылардың пікірінше, 2021 жылы сымсыз желілердің, ықшам есептеу жүйелерінің жасанды интеллектін дамытуға бағытталған техникалық, технологиялық және бағдарламалық шешімдер нарығы 35%-ға өсіп, шамамен $12 млрд құрайды. 2025 жылға қарай 5G технологиясы кәсіпорындарға өз деректерінің 70%-на дейін жинақты өңдеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда бізге тәсілдерді үйлестіру және осы саладағы қызметтің жалпы үйлесімі қажет», — деді Президент.

Мемлекет басшысы Назарбаев Университетінің негізінде Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жасанды интеллекттің ұлттық кластері құрылатынын айтты.

«Деректерді өңдеу орталықтары құрылуда. 500 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. ЕАЭО және өңір бойынша әріптестерді ынтымақтастыққа шақырамыз. Салық саласында блокчейн енгізіледі. Салық органдары Ресеймен цифрландыру бойынша өзара іс-қимылды жолға қойды», — деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, дәрі-дәрмектерді таратудың ұлттық жүйесі, құжаттар базасын электронды форматта заңды түрде тану енгізілетін болады.

«Мемлекеттік қызметтер проактивтілік, композиттілік қағидатын ескере отырып, яғни азаматтардың проблемаларын бір мезгілде шеше отырып жұмыс істейтін болады. Тиімділік Ұлттық ақпараттық жүйелердің үйлесімділігіне, көршілер арасындағы ақпараттың үздіксіз ағымына байланысты. Бірақ интеграция қосымша дамытуды қажет етеді», — деді Президент.

Мемлекет басшысы артып келе жатқан цифрлық мүмкіндіктер оларды орынды қолдану үшін жауапкершілікті көздейтінін айтты. Қ. Тоқаевтың айтуынша, АТ-ны адамзат қауіпсіздігі мен дамуын ескере отырып, құқықтық шеңберде дамыту қажет.

«Жаңа технологияларға байланысты жұмыс күшінің бір бөлігін босату – күрделі мәселе, шешімі әлі табылған жоқ. Бірақ мен жаңа технологиялар адамзатты кеңістіктен айырмайтынына сенімдімін», — деді Қ.Тоқаев.

Пленарлық сессия Дүниежүзілік экономикалық форумның президенті Берге Бренденің құттықтау бейнеүндеуімен жалғасты. Б. Бренде бұл диалог бұрынғыдан да жауапты сәтте өтіп жатқанын атап өтті.

«Біз бүкіл планетаны қалпына келтіреді деп үміттенетін жылды күтеміз. Қазіргі уақытта біз қабылдаған қадамдар біздің пандемиядан біз оған кіргеннен гөрі күштірек болып шыға аламыз ба, соны айқындайды», — деді ол.

Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, биыл Еуропа мен Орталық Азиядағы экономикалық өсім өткен жылғы болжанған 3%-ға төмендегеннен кейін 3% құрайды. Бұл өсімнің тұрақты және әділ болатынына бизнес пен Үкімет бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана көз жеткізуге болады. Көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен серіктестік біздің экономикамыздың негіздері ХХІ ғасырда алға қойылған мақсаттарды ескере отырып құрылуын қамтамасыз етудің кілті болып табылады және біздің елдеріміздің азаматтары үшін кең мүмкіндіктерді кеңейтуге және қамтамасыз етуге ықпал ете алады.

«Белгісіздікке толы бір жыл өткен соң, бір нәрсе айқын болады — цифрлық байланыс енді артықшылық емес. Ол әлемнің кейбір бөліктерінде цифрлық инфрақұрылымға инвестиция салудың міндетті шарты болып табылады», — санайды Б. Бренде.

Пандемия кезінде әрбір үшінші орын қашықтан жұмыс істейді және миллиондаған оқушылар онлайн порталдар арқылы білім алуға қол жеткізе алды. Кейбір салалар цифрлық платформалар мен олардың артықшылықтарын пайдаланды. Сонымен бірге, пандемия кезінде цифрлық теңсіздік орын алды. Қазіргі уақытта әлемдегі 3,6 млрд адам интернетке қолжетімділіктің қымбат болуына байланысты оффлайн режимінде қалып отыр.

«Интернетке қолжетімділік болмаса, экономикада серпіліс те болуы мүмкін емес!», — деп атап өтті Б. Бренде.

БҰҰ бағалауы бойынша Орталық Азияда адамдардың 73%-ы интернетті пайдаланады. Б. Бренденің пікірінше, бұл үміт тудыратын сан. Жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік көбіне Орталық Азияда шектеулі және арзан емес. Қазақстанда халықтың 80%-ға жуығы интернетті пайдаланатын болса, басқа өңірлерде бұл көрсеткіш 20%-ға дейін төмен.

«Мені Қазақстанның қабылданған және көп үміт күттіретін қадамдары жігерлендіреді. Мен бүгін өтіп жатқан диалогқа байланысты оптимистік көзқарастамын. Егер біз — Үкімет, іскерлік орта, азаматтық қоғам бірігуді жалғастыра беретін болсақ, онда біз неғұрлым цифрлық, тең құқықты және гүлденген болашақты қалыптастыра алатынымызға сенімдімін. Мен Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия оның ішінде біздің әлем өте қажет етіп отырған цифрлық түрлендіруде өте маңызды рөл атқарады деп есептеймін», — деді Б. Бренде.

Форумның қатысушыларына интернеттің негізін қалаушы болып саналатын Google вице-президенті Винт Серф өз сөзін арнады. 

«Бүгінде жаһандық парадигма өзгерді. Бір-бірімен өзара әрекеттесетін платформалар инновацияны, XX және XXI ғасырдың мәселелерін шешуге арналған компьютерлік технологияларды қамтамасыз етеді. Дүниежүзілік пандемия интернетті, мобильді технологияларды және интернет қосымшаларды пайдалануда барлығының интернетке қол жеткізе алмайтындығын көрсетті. Мен цифрлық теңсіздікке, қолжетімділікке, эквиваленттілікке, интернеттің қолжетімділігіне және пайдаланудың қарапайымдылығына назар аударғым келеді. Бүгінгі конференция интернетсіз және интернетке кең жолақты қолжетімділіксіз өте алмайтын еді. Біздің тәжірибемізді қолдана отырып, технологияны кейде әртүрлі тараптардың өз мақсаттары үшін теріс пайдаланылатынын айта аламын», — деді Винт Серфинг бейнебайланыс арқылы.

 

Қазақстанда мемлекеттік сектордағы цифрландыру деңгейін арттыру бойынша батыл шаралар қабылданды — А. Мамин

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды интернетпен қамту туралы айтты. Үкімет басшысы экономиканың барлық салаларын цифрландыру қарқынының жеделдегенін атап өтті, ол халықты интернетпен қамту 99% құрайтынын хабарлады.

«Экономика мен халық өмірінің барлық салаларын цифрландыру қарқынын бұрын-соңды болмаған жеделдету пандемияның аса маңызды трендтерінің бірі болып табылады. Цифрлық технологияларды терең енгізу әлеуметтік шектеулер, өндірістік процестер мен көлік ағындарының кідірстерінің артуы жағдайында жеке секторды бизнесті жүргізуге бейімдеудің негізгі тетіктерінің бірі болды. Мемлекеттік институттардың цифрлық шешімдерді жедел енгізуі физикалық қатысудың шектеулі мүмкіндігі жағдайында халықты мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету қажеттілігіне жауап болды. Жұмыс пен оқытудың қашықтағы форматтарының кеңінен таралуы қоғам функцияларын тұрақтандыруға және халықтың табысы мен өмір сүру сапасының деңгейінде құлдырауға жол бермеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде, біз цифрлық экономика көлемінің бұрын-соңды болмаған өсімінің куәгері болдық», — деді А. Мамин.

Сонымен, Gartner мәліметі бойынша, 2020 жылы IT-технологияға шығындар көлемі $3,9 трлн асты. Жиынтықты есептеулер нарығының көлемі 20%-дан астамға, $266 млрд-қа дейін өсті. 2023 жылға қарай күрт жылдамдатылған динамиканы ескере отырып, көрсеткіш $623,3 млрд-қа жетеді.

Сонымен қатар, әлемдегі цифрландыру қарқыны біркелкі болмады, бұл БҰҰ мен ДЭФ-тің дамыған және дамушы елдер арасындағы «технологиялық алшақтықтың» туындауына қатысты үнемі айтатын алаңдаушылығын күшейтті.

«Пандемия жағдайында Қазақстан экономикасы тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсеткеніне қуаныштымын, бұл мемлекеттік және жекеменшік секторлардың барлық салаларына цифрлық шешімдердің енуінің өсуіне байланысты. Айқын шектеулерге қарамастан, біз цифрлық инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша жұмысты жеделдеттік. 2020 жылы 20 мың талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы бойынша МЖӘ жобасы аяқталды. 1 000-нан астам мобильді байланыс базалық станциясы орнатылды, бұл өңірлердегі технологиялық теңсіздік деңгейін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде Қазақстан халқын интернетпен қамту бүгінде 99% құрайды», — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, Қазақстанда жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып, мемлекеттік секторда цифрландыру деңгейін арттыру бойынша батыл шаралар қабылданды, азаматтар үшін тұлғаның биометриясы бойынша қашықтан сәйкестендіру арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қашықтан алу мүмкіндігі іске асырылды. Жиынтықты құжат айналымы, мобильді жұмыс орны, кадрлық әкімшілендіруге онлайн тәсілдер сияқты жобалар белсенді енгізілуде, бұл халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсынудың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға және азаматтардың физикалық қатысу қажеттілігін төмендетуге мүмкіндік берді.

Цифрлық инфрақұрылымның қолжетімділігі пандемия кезінде мемлекеттік қолдау шаралары тиімділігінің аса маңызды факторына айналды. 6,5 млн азамат әлеуметтік төлемдерді мемлекеттік органдарға жүгіну қажеттілігінсіз алды.

«Жалпы, онлайн форматта қолжетімді мемлекеттік қызметтердің үлесі 93%-ға дейін жеткізілді. Аталған прогресс халықаралық институттар арасында мойындалды. 2020 жылы Қазақстан электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша БҰҰ рейтингінде 10 позицияға көтеріліп, 193 елдің арасында 29-орынға ие болды. Цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріндегі елеулі жетістіктер жеке секторда байқалды. Бөлшек сауда құрылымындағы электрондық сауда көлемі өткен жылы 3 есеге жуық – 3,8%-дан 9,7%-ға дейін өсті. Халықтың қолма-қол ақшасыз операцияларының көлемі 14,1 трлн теңгеден 35,3 трлн теңгеге дейін 2,5 есеге ұлғайды», — деді ҚР Премьер-Министрі А. Мамин.

Екі жыл бұрын Қазақстанда Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі ашылды. Оның базасында бүгінде оқытудың озық тәсілдері мен әдістемелерін пайдалана отырып, «Аlem» бағдарламалаудың IT мектебі жұмыс істейді. Оң тәжірибені ескере отырып, өткен жылы нарыққа жылына 1000-нан астам маман шығаруға қабілетті тағы осындай 4 инновациялық оқу орны ашылды.

2019 жылы Алматыда Astana IT University ашылды, ол әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен және өнеркәсіптік серіктестермен бірлесіп, өмір бойы оқыту тұжырымдамасы негізінде Digital University зияткерлік жүйесін енгізді.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында Qwazar-мен бірлесіп QWANT бағдарламалау мектебі іске қосылды, онда бүгінде 250 қазақстандық және халықаралық маман білім алуда.

2020 жылы АХҚО базасында Дүниежүзілік экономикалық форуммен бірлесіп, мақсаты инновациялар саласындағы озық реттеушілік нормаларды дамыту болатын 4-өнеркәсіптік революцияның үлестес орталығы іске қосылды.

«Біз цифрландырудың қазақстандықтар өмірінің барлық салаларына енгізу қарқынын одан әрі күшейтуді жалғастыруға ниеттіміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды мемлекетімізді тиімді цифрландыру жылы деп өткізуді тапсырды. Қазірдің өзінде біз "ауқымды деректер" қағидаттарын мемлекеттік органдардың жұмысына терең интеграциялау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. "Data-driven government" тұжырымдамасы шеңберінде деректерді жинау және өңдеу әзірлеуден бастап, тиімділік мониторинг жүргізуге дейінгі барлық кезеңдерде мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың факторына айналады. "Құрақтан" ақпаратты жинау мен талдаудың интеграцияланған жүйесіне көшу бойынша қағидатты жаңа тәсіл жасанды зердені кейіннен халық өмірі мен экономиканың барлық салаларына интеграциялаудың маңызды қадамы болады», — деді А. Мамин.

Цифрлық инфрақұрылымды одан әрі жедел дамыту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. алдағы 5 жыл ішінде Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалары 5G жабынымен қамтамасыз етіледі. Деректерді өңдеу және сақтау саласына инвестициялар 6 есеге артады (82 млрд теңгеден 500 млрд теңгеге дейін). Электрондық сауданың үлесі 2 есе ұлғайтылатын болады.

Цифрлық салада бизнесті қолдау шараларының арқасында 1000-нан астам инновациялық компания құрылады, бұл АКТ экспорты көлемінің 25 еседен астам өсуіне әкеледі. 

ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, АT-саласында шамамен 100 мың жаңа жұмыс орны құрылады, бұл сыни массаны қалыптастыруға және экономиканың барлық салаларында мультипликативтік әсерді іске қосуға көмектеседі.

«Біздің бәсекеге қабілеттілігіміз алдағы онжылдықтарда ұлттық экономикалар деңгейінде де, сол сияқты ЕАЭО кеңістігінің бүкіл деңгейінде де "технологиялық алшақтыққа" жол бермеу жөніндегі күш-жігеріміздің табыстылығына байланысты болады. Одақ органдарындағы төрағалық шеңберінде Қазақстан ЕАЭО бірыңғай нарығын цифрландыру әлеуетін толық іске асыру, экономикаларымыздың бәсекелестік артықшылықтары арасында өзара байланыс орнату, тәжірибе алмасу және инновацияларды ілгерілету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Біз жаңа экономикалық ахуалдың сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, Одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберіндегі бастамаларды әзірлеу мен іске асырудың бірлескен тәсілдерін жаңартып, күшейтуге тиіспіз. Цифрлық трансформация жөніндегі жұмысты үйлестіру біздің экономикаларымыздың бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің және азаматтардың өмір сүру деңгейін арттырудың кілті болып табылады», — деп түйіндеді Үкімет басшысы А. Мамин.

 

Жоғары технологияларды жасайтын және дамытатын елдер халықаралық аренада көшбасшы орындарға ие — Н. Пашинян

Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян жоғары технологияларды дамыту мемлекет халқының бәсекеге қабілеттілігін, қауіпсіздігі мен өмір сүру деңгейін арттыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

«Армения Үкіметі цифрландыруды, инновациялар мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқарудың тиімді және өкілдік жүйесін, қолайлы бизнес-ортаны құру және экономиканың прогрессивті өсуін қамтамасыз ету үшін аса маңызды құрал ретінде қарастырады. Жоғары технологиялар саласы біздің экономикамыздың ең жылдам дамып келе жатқан саласы болып отыр. 2020 жылы Армениядағы IT-компаниялардың айналымы $400 млн-нан асты, өткен жылмен салыстырғанда шамамен 20%-ға өсті. 2020 жылы осы саладағы қызметкерлер саны 22%-ға өсті. Қазіргі уақытта біздің елімізде жұмыс істеп тұрған 1200-ден астам АТ-компания тіркелген, олар үшін елеулі салық жеңілдіктері көзделген», — деді Армения Премьер-Министрі.

Н. Пашинян атап өткендей, пандемия қоғам, бизнес және мемлекет алдына өте күрделі міндеттер қойды, оларды карантин немесе толыққанды локдаун жағдайында шешуге тура келді. Осындай жағдайларда жұмыс істеу қажеттілігі жаңа басқару мәдениетіне және цифрлық технологияларды кеңінен пайдалануға алып келді.

«Арменияда біз цифрлық технологияларды, электрондық құжат айналымы мен электрондық үкімет құралдарын пайдаландық. Тиісті технологияларды қолданудың арқасында қолдауды қажет ететін әлеуметтік топтар жоғары дәлдікпен анықталды. Біз мемлекеттік деректер, электрондық қызметтер, электрондық басқару жүйесі саясатын енгізуді және дамытуды, цифрлық процестерді үйлестіруді, ортақ стандарттар мен цифрлық орта құруды көздейміз. Үкімет қоғамның экономиканың жеке секторында цифрлық технологияларды қолдануға ықпал ететін электрондық құралдарды пайдалануын қолдайды», — деп қосты Н. Пашинян.

Армения үкіметі басшысының айтуынша, елдегі қазіргі цифрландыру процесі ЕАЭО-ның ортақ цифрлық күн тәртібінің болуын ескере отырып жүзеге асырылуда. Деректер базалары арасында өзара іс-қимыл орнату үшін платформа құрылуда, бұл жүйелер арасында деректер алмасу процестерін және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көптеген санын цифрландыруды оңтайландырады.

«Одақ елдері пандемиядан туындаған проблемалардың бір бөлігін еңсеру үшін цифрлық технологияларды пайдалана алғанын үлкен ризашылықпен атап өткім келеді. Сөз 1 ақпаннан бастап Армения, Ресей және Беларусь арасындағы азаматтардың еркін қозғалысын қалпына келтірген "Сovid-19-сыз саяхат" сандық платформасы туралы болып отыр. Армения ең басынан бастап ЕАДБ-ның "Цифрлық бастамалар қоры" жобасын қолдады және біз осы жоба шеңберінде бірлескен белсенді жұмысы үшін Қордағы және Ресей мен Беларусь үкіметтеріндегі әріптестерімізге ризамыз», — деді Н. Пашинян.

Ұлтүсті институттары мен даму институттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқа да бірлескен цифрлық жобаларды іске асыру бағытында белсенді ілгерілеу қажет. Бірлескен жобаларды іске асырумен қатар, қолдағы сәтті шешімдерді ауқымдандыру бағытында да жұмыс істеу керек.

«Біздің мақсатымыз азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтерді толыққанды және жан-жақты қамтитын цифрландыру болуға тиіс. Ол үшін электрондық қызметтердің барлық спектрін пайдалану керек – ұялы телефондар, желілік қызметтер, жинақты технологиялар және т.б. ЕАЭО мемлекеттері арасындағы шекаралардың цифрлық деңгейде жойылуына, қазіргі бар шектеулердің барынша азайтылуына ұмтылу қажет. Цифрландыру ұсынатын мүмкіндіктерді жұмыс күшінің қозғалыс еркіндігінің тиімділігін арттыру үшін пайдалануға болады. Тиісті мобильдік қосымша ЕАЭО-ның барлық аумағындағы жұмыс орындары туралы барлық ақпаратты "бірыңғай терезеге" жинай алады, таңдалған жұмысты алу үшін барлық қажетті құжаттарды толтыруға және ұсынуға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді Н. Пашинян.

 

Жаңа технологиялар әлемдік экономика құрылымын өзгертуде — Р. Головченко

Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченко цифрландыру туралы айта келіп, цифрлық технологияларды қызметтің барлық аспектілеріне интеграциялау процесі бүгінде прогрестің негізгі шарты болып табылатынын, сондай-ақ жаңа технологиялар әлемдік экономиканың құрылымын өзгертетінін атап өтті.

Оның пікірінше, бұл бір жағынан жаңа қызметтерді құру технологиясына, мәдениеті мен қағидаттарына түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етеді, ал екінші жағынан жаңа шекараларға шығу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Р. Головченконың өзі мәлімдегендей, Беларусь Республикасы үшін цифрлық трансформацияның басымдығы мемлекеттік саясаттың сыртқы және ішкі тізбегінде айқындалған. Бұл бағытты бірінші кезектегі бағыт ретінде айқындай отырып, олар мынадай көрсеткіштермен сипатталатын инфрақұрылымдық артықшылықты жасай алды:

● интернетке сымсыз кең жолақты қолжетімділікті пайдаланушылар саны елдің 100 тұрғынына шаққанда 95 бірліктен асты;

● талшықты-оптикалық байланыс желілері 100 және одан да көп үй шаруашылықтары бар барлық елді мекендерге жүргізілді;

● талшықты-оптикалық ғимараттармен жабдықталуы бойынша Беларусь Еуропада жетекші орын алады;

● төртінші буын (4G) ұялы байланыс қызметі Беларусьте республика халқының 90%-ға жуығы тұратын аумақты қамтиды.

Бұл жұмыстың нәтижесі Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша халықаралық электр байланысы одағының рейтингінде 32-орын алуы болды. Бұл, Беларусь тарапының пікірінше, ТМД елдері арасындағы ең үздік көрсеткіш.

Сонымен қатар, Беларусьте Шығыс Еуропадағы ең ірі IT-кластер «Жоғары технологиялар паркі» бұрыннан жұмыс істеп келеді. 2020 жылы оның экспорты $2,5 млрд асты, бұл Беларусьтегі қызметтердің жалпы экспортының 20%-дан астамын құрайды.

«Пандемиямен байланысты жағдай бүкіл әлем үшін жаңа сын-тегеурінге айналды. Цифрлық технологиялар оны азайтудың тиімді әдістерінің бірі болды. Қашықтан оқыту тетіктері сәтті пысықталды және оған серпін берілді, кеңселерде қашықтан жұмыс істеу схемалары қолданысқа енгізілді, онлайн кездесулер, келіссөздер, форумдар өткізу тәсілдері сыналды», — деді Беларусь Премьер-Министрі.

Осыған орай, Еуразиялық Даму Банкінің «COVID-19-сыз саяхатта» жобасы — ЕАЭО аумағында халықтың мүддесі үшін құрылған алғашқы іске асырылған цифрлық жоба ретінде ерекшеленеді.

Сонымен қатар, ЕАЭО цифрлық күн тәртібінің қалған жобалары бойынша ол атқарылған жұмыстың нәтижелерінің төмен болғанын атап өтті. 

«Цифрлық күн тәртібін іске асыру орталықтандырылған сервистерді құруға көп көңіл бөле отырып, ұлттық сегменттердің дамуына әкелмейді, бұл біздің ойымызша деректерді иелену мәселелеріндегі теңгерімсіздікке әкелуі мүмкін», — деп қосты Беларусь Премьер-Министрі Р. Головченко.

Оның пікірінше, мұндай жағдайды жою үшін ең жоғары деңгейдегі бастама қажет. Міндеттерді белсенді қою, іске асырушыларды айқындау және пәрменді бақылауды жүзеге асыру қажет. Сондай-ақ міндеттерді дұрыс қою, нақты ережелер мен ақпараттық архитектураны әзірлеу маңызды.

Ол Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін мысалға келтірді. Осылайша, Беларусьте көлік құралдарының ұлттық электронды төлқұжаттар жүйесін құру туралы шешім қабылданды, ол жарты жыл ішінде құрылды. Сонымен қатар, ЕАЭО шеңберінде елдер арасында электрондық паспорттар алмасу үшін интеграцияланған ақпараттық жүйені бір жарым жылдан кейін дайындау жоспарлануда.

Екінші мысал — ЕАЭО цифрлық көлік дәліздері жобасын іске асыру. БР үкіметінің басшысы бір жыл бұрын Алматыда осы жобаны бастау туралы шешім қабылданғанын еске салды. Алайда, осы уақыт ішінде құрылуы керек негізгі қызметтердің тізімін анықтау ғана мүмкін болды.

ЕАЭО цифрлық жобаларын іске асыру серпіні әрбір елдің белсенділігі мен даму деңгейіне байланысты. Цифрлық егемендік интеграциялық процестердегі негізгі сәттердің бірі болып табылады. Ал Еуразиялық экономикалық комиссияның рөлі елдер арасында деректер алмасу үшін жағдай жасауда болып отыр. 

«Беларусь Республикасы цифрлық жобаларды бірлесіп іске асыруды қолдайды. Жаңа онжылдықтың басында біз қолымыздағы жетістіктерді, ғылыми әлеуетті шоғырландырып, елдердің қарқынды цифрлық дамуы арқылы жаңа цифрлық шындыққа көшуді қамтамасыз етуіміз керек», — деді ол.

Беларусь тарапының өкілі цифрландыру экономиканың нақты секторын жаңа деңгейге шығаруы тиіс екенін атап өтті. Білім берудегі, денсаулық сақтаудағы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі озық технологиялар азаматтардың өміріне енуге тиіс.

Ол ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер осы жолмен сенімді түрде ілгерілеп келе жатқанын мақұлдаумен атап өтті. Мұнда азаматтардың өмірін жақсартатын, бизнестің өмірін жеңілдететін, азаматтар мен мемлекеттің қарым-қатынас форматын электронды шындыққа айналдыратын, сол арқылы бюрократияның кедергілерін алып тастайтын, азаматтардың шенеуніктермен байланысын азайтатын тиімді жобалар жасалады.

Кез келген мегаполис, қатысушы елдердің әрбір қаласы жарықтандыруды, көлік ағындарын, электр энергиясын, суды, жылуды басқару бойынша бірдей міндеттерге ие екенін айта келе, Роман Головченко Одақ шеңберіндегі бірлескен жобалардың бірі «Ақылды қала» жобасы бола алатынына сенім білдірді. Жоғарыда аталған барлық мәселелерді көп функциялы және қуатты цифрлық платформалардың көмегімен шешуге болады.

«Еуразиялық экономикалық комиссияға Одаққа мүше мемлекеттердің цифрландыру бағдарламаларына талдау жасауды ұсынамын, өйткені олар бізде қалыптастырылып, бекітілді. Мұндай құжаттар бар. Осы бағдарламаларға талдау жүргізіп, ұқсас жобаларды анықтап, оларды бірлесіп іске асыру туралы ұсыныстар енгізу қажет», — деді Беларусь Премьер-Министрі Р. Головченко.

Осылайша, ең тиімді шешімдерді таңдауға қатысты да, сондай-ақ осындай жобаларды іске асыру мерзімдері мен құнын төмендету бойынша да қуатты синергетикалық әсер алуға болады.

 

Одаққа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға серпін беру маңызды — У. Марипов

Бүгінгі таңда цифрлық трансформациямен бүкіл әлем қамтылған және жаһандық әрі өңірлік деңгейдегі бәсекелестік жағдайындағы осы ынталандырушы өзгерістер ұзақмерзімді экономикалық өсудің жаңа көзі болып табылады. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Улукбек Марипов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қырғызстанда бизнесті дамыту және жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ цифрлық технологияларды енгізу мен ашық цифрлық қоғамды қалыптастыруға байланысты азаматтардың жайлы өмір сүруі үшін жағдайлар жасау бойынша белсенді шаралар қабылдануда.

«Бүгінде экономиканың барлық салаларын цифрлық трансформациялаудың ұлттық ортасын, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базаны құру бойынша нақты қадамдар жасалды. Салық және кеден органдарын цифрлық трансформациялау, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру және мемлекеттік басқаруға цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде», — деді Қырғыз Республикасы Үкіметінің басшысы.

Мәселен, Қырғызстанда пандемия кезінде өзінің тиімділігін көрсеткен әлеуметтік блокқа, оның ішінде білім беру мен денсаулық сақтау саласына бағыттай отырып, базалық ақпараттық орта құрылды.

Сондай-ақ елде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша инклюзивтілікті қамтамасыз ету, сондай-ақ экономикалық жобаларды іске қосу, цифрлық активтерді құру, цифрлық сауданы дамыту үшін жағдайлар жасау және дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жоспарлануда.

Цифрлық технологиялар жетістіктерін толық көлемде пайдалану Қырғызстанның мемлекеттік саясатының негізгі элементі болып табылады және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық ұлттық басымдықтары арқылы өтеді.

«Одақ елдерінің әрқайсысы цифрлық трансформацияда белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгені сөзсіз. Дегенмен, Одақтың цифрлық кеңістігі үшін бізге бірлескен жобаларды іске асыруға серпін беру маңызды. Тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету, транзиттік әлеуетті, экспортты және азаматтардың еркін қозғалысын дамыту, сондай-ақ цифрлық экономика институттарын және цифрлық активтерді қалыптастыру, цифрлық экожүйелерді дамыту, сондай-ақ әртүрлі деңгейлерде жаһандық ынтымақтастықты арттыру арқылы фискалдық мониторингтің тиімді құралдарының жұмыс істеуі міндеттерін шешу үшін жұмыс істеу қажет», — деп пікір білдірді У. Марипов.

Сондай-ақ ол Еуразиялық экономикалық комиссияның цифрлық нарықтар индустриясы өкілдері мен Одақ мүшелерінің диалогы үшін тұрақты алаң құру орынды болатынын айтты.

 

Өзін-өзі оқшаулау жағдайында цифрлық шешімдер қоғамның байланыстырушы буыны болды — М. Мишустин

Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин «Digital Almaty 2021: цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс» халықаралық форумы барысында мемлекеттердің үкіметтеріне шекараларды, кәсіпорындарды, әлеуметтік және білім беру мекемелерін жабу туралы, өзін-өзі оқшаулау режимін енгізу туралы, адамдардың қозғалысы мен олардың байланыстарын шектеу туралы күрделі шешімдер қабылдауға тура келгенін атап өтті.

«Біз инфекцияның таралуын болдырмау, азаматтарымыздың өмірін қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Адамдарға вирусты жұқтырмай, мемлекеттік қызметтерді ұсынуды жалғастыру өте маңызды болды. Өзін-өзі оқшаулау жағдайында цифрлық шешімдер қоғамның байланыстырушы буыны болды. Бұл мемлекет үшін жаңа сын-тегеурін болды, біз оған дайын болдық», — деді М. Мишустин.

Сондай-ақ ол ЕАЭО-ның бірқатар елдерінде кеңінен қолданылатын «Covid-19-сыз саяхат» жаңа мобильдік қосымшасы туралы айтып берді.

Спикердің айтуынша, «Covid-19-сыз саяхат» қосымшасы болашақта елдер арасындағы туристік шекараны кеңейтеді.

«1 ақпаннан бастап Ресей Федерациясында "Covid-19-сыз саяхат" мобильді қосымшасы қолданылады. Бұл қосымша барлық елдерде қолданылатынына және елдер арасындағы байланысты нығайтатынына сенімдімін. Ресей, Армения және Беларусь азаматтары қазір бұл қызметке ауысып, оны сәтті қолдануда», — деді Михаил Мишустин.

Ол үшін «Covid-19-сыз саяхат» қосымшасын жүктеу қажет. Одан кейін ұшуға дейін 72 сағат бұрын көрсетілген зертханалардың бірінде тексеру жүргізіледі. Егер тест теріс нәтиже көрсетсе, жауап пайдаланушының мобильді қосымшасында көрсетіледі және әуежайда QR-кодпен расталады. Осылайша, адам еркін саяхаттай алады. Михаил Мишустин сондай-ақ Қазақстан үшін жаңа сервисті пайдалану цифрландыру саласындағы тағы бір тәсіл болатынын атап өтті.

«Бағдарламаның мәні – коронавирусқа тесттің теріс нәтижесі негізінде азаматтар Ресей Федерациясының нақты әуежайларына әуе арқылы бара алады. Жақын арада Қазақстан Республикасы да осы қосымшаны пайдалануға қосылады деп үміттенемін», — деп атап өтті Михаил Мишустин.

Сондай-ақ ол ЕАЭО-да цифрлық платформаны құру елдер жұмысының тиімділігін арттыруға және Одақтың берік негізін құруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

«Пандемия цифрлық трансформацияны жеделдетіп қана қоймай, соған байланысты стратегиялық сын-қатерлер мен қауіптерді де ушықтырды. Өздерінің цифрлық платформалары жоқ елдер басқа елдердің сандық шешімдеріне ақпараттық, саяси, экономикалық тәуелділікке түсу қаупін тудырады. Ашық өзара сауда үшін жағдай жасау, ЕО-мен диалог жүргізу және еуразиялық интеграцияны Қытайдың “Бір белдеу. Бір жол” бастамасымен ұштастыру қажет. Мұның бәрі тек бір цифрлық платформада мүмкін болады. Одаққа мүше елдерге ортақ цифрлық жүйелер қауіп төндірмейді, бірақ олардың болмауы қауіпті», — деп толықтырды Мишустин.

Ол ЕАЭО одаққа қатысушы елдерге ұлттық егемендікті сақтай отырып, өзінің ортақ цифрлық платформасын дамытуға көмектесуі тиіс екенін атап өтті.

«Цифрлық платформа Одақ шеңберіндегі елдердің сауда нарығындағы кедергілерді жояды. Біз тек бірге ғана экономикамызды тиімді дамыта аламыз. Қатысушы елдер арасындағы құқықтық мәселелерді де шешу қажет. Азаматтар мен бизнесті сәйкестендірудің бірыңғай есеп жүйесін құру қажет», — деді Ресей Үкіметінің төрағасы.

Сондай-ақ Мишустин Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминге форумды тамаша ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. 

 

Алдағы екі жылда Өзбекстанда цифрлық инфрақұрылымды дамытуға $2,5 млрд тартылады — А. Арипов

Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов қазіргі жағдайда ұлттық экономикалардың өсуін, салаларды жаңғыртуды және әлеуметтік саланы дамытуды қамтамасыз етуде цифрландырудың жоғары рөлі даусыз екенін атап өтті. Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің бастамасы бойынша таяу екі жылда өңірлер мен ел экономикасы салаларын цифрлық трансформациялаудың 280-нен астам жобасын іске асыруды көздейтін «Цифрлық Өзбекстан» стратегиясы қабылданды.

«Біздің цифрлық күн тәртібіміз келесі негізгі міндеттерді шешуді көздейді: елді мекендерде жылдам әрі қолжетімді интернет ұсыну, электрондық үкіметтің даму ауқымын кеңейту, банк саласындағы цифрлық трансформацияны жалғастыру, денсаулық сақтау саласындағы цифрландыруды кеңейту, ақпараттық технологиялар саласында кадрлар даярлау, АТ-индустриясын және цифрлық кәсіпкерлікті дамыту және т. б.», — деді А. Арипов.

Алдағы екі жылда Өзбекстанда цифрлық инфрақұрылымды дамытуға $2,5 млрд тартылатын болады. Атап айтқанда, Ташкентте, Бұхара мен Қоқанда үш жаңа дата-орталықты іске қосу, телекоммуникациялардың тіркелген желісін кеңейту және ұялы байланысты жаңғырту көзделеді.

Таяу перспективада басым міндеттердің бірі — ЖІӨ-дегі цифрлық қызметтер үлесін екі есе арттыру. Осы мақсатқа жету үшін Өзбекстанда АТ парктері ашылып, олардың тұрғындарына бірқатар салықтық жеңілдіктер мен преференциялар беріледі.

«Жоғарыда аталған басым міндеттерді серіктестерімізбен және әріптестерімізбен тығыз өзара іс-қимылсыз іске асыру мүмкін емес деп сенемін. Осыған байланысты біз белсенді ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға және кооперацияға ниеттіміз. Соның ішінде диалогты кеңейту және бірлескен АT-жобаларды іске асыру, сондай-ақ үздік тәжірибелерге негізделген бірыңғай цифрлық тәсілдерді қалыптастыруға қатысу есебінен іске асыру көзделген», — деп қорытындылады сөзін А. Арипов.

 

Пандемия жағдайында цифрландыру басқару қызметінің нақты тетігіне айналды және оның қолданбалы рөлі басқаша көрініс тапты — М. Мясникович

«Алматы форумы цифрландырудың ең өзекті мәселелерін талқылауға арналған беделді алаң болып табылады және бүгін біз көптеген сындарлы идеялар мен ұсыныстарды естідік. Осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Үкіметі мен Алматы қаласының басшылығына алғысымды білдіргім келеді», — деп атап өтті М. Мясникович.

ЕЭК Алқасының төрағасы Михаил Мясникович форумда сөйлеген сөзінде кейбір проблемаларға және оларды жою жолдарына тоқталды.

Біріншіден, ол коронавирус пандемиясы интеграция мәселелерін шешіп, көптеген мәселелерді тез және батыл қабылдауды талап етті деген пікір білдірді. Бұл ретте цифрландыру басқару қызметінің нақты тетігіне айналды және оның қолданбалы рөлі басқаша көрінді.

Осыған байланысты, ЕАЭО-да ақпараттық жүйені интеграциялаудың 89 ортақ процесін енгізу туралы шешім қабылданды. Әзірге олардың тек 19-ы қосылған. 48 жалпы процесс бойынша жұмысты жетілдіру туралы шешімдер қабылданды, техникалық жобалар мен іске асыру ережелері әзірленді, олардың көпшілігі тестілеу кезеңінде тұр.

«Интеграцияланған ақпараттық жүйенің жаңартылған мақсатты архитектурасы дайындалуда. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық жүйелері шеңберінде баламалы белсенді жұмыс жүргізу қажет, ал онда шешілмеген міндеттер аз емес. Премьер-Министрлер мен мамандарға ЕАЭО-ға қосылуға дайындығы және түйіндесу позициялары үшін ризашылығымды білдіремін», — деді ЕЭК Алқасының басшысы.

Бұдан әрі ол өткен жылдың 11 желтоқсанында бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиясы туралы еске салды. Ол дамудың 11 негізгі бағытын қамтиды және олардың барлығы дерлік цифрлық платформаға негізделген.

Бағыттардың бірі цифрлық инфрақұрылымдар мен экожүйелердің іргелі негіздерін құруды көздейді. Мысалы, тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі, трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту, ұлттық сегменттер мен интеграцияланған компоненттерді қамтитын Одақтың аумақтық бөлінген цифрлық платформасының тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту, зияткерлік меншік саласындағы цифрландыру мен трансформация мәселелері және басқа да көптеген өзекті жобалар.

«ЕАЭО-да бізде өте көп – Одақ бойынша әріптестермен бірлескен 17,5 мың кәсіпорын бар. Әсіресе, Қазақстанмен көп – 10 мыңға жуық. Беларусьте – 2 400. Олардың бас компаниялармен жұмысы АT-сыз мүмкін емес. Коммерциялық банктер САЭС елдерінде барынша табысты», — деп толықтырды М. Мясникович.

Ол комиссия осы қызметтегі өнеркәсіптік және инновациялық компаниялардың белсенділігіне үміт артатынын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев өзінің қаңтардағы ЕАЭО мемлекет басшыларына арнаған үндеуінде 2021 жылғы негізгі міндеттер ретінде өнеркәсіптік кооперация мен цифрландыруды атады. Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің логистикалық орталықтар мен тиісті коммуникацияларға бастамашы болған жобасы басым және өте жауапты жобалардың қатарында. Беларусь Республикасы одақтағы әріптестерімен бірге цифрлық көлік дәліздерінің экожүйелерін толыққанды іске қосуды ұсынды. Біз қазір оларды іске асырудың кешенді тәсілдері бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Ең өршіл міндеттерді жүзеге асыру үшін зияткерлік әлеует, өнеркәсіптік әлеует бар», — деп атап өтті ЕЭК алқасының басшысы.

Өнеркәсіптік кооперация тақырыбына қайта орала отырып, Мясникович комиссияның осы мәселені пысықтауы серіктес елдердің жиынтық сметалық құны шамамен $200 млрд болатын жобаларды іске асыруға инвестициялық қызығушылығын көрсеткенін атап өтті. Қызықты бастаманы Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Р. Головченко, Қырғыз Республикасының Бірінші вице-премьері Артем Новиков және басқалар ұсынды.

«Біз даму институттарын нығайтып, ішкі нарық пен экспортқа жоғары өтімді тауарлар шығару үшін жаңа кәсіпорындар мен өндіріс орындарын құруымыз керек», — деді М. Мясникович.

Төртінші. Форум идеялары, өзекті мәселелерді шешу жолдары өте қызықты және маңызды. М. Мясниковичтің пікірінше, жұмыстың басымдықтары мен құралдарын дұрыс құру керек. Осыған байланысты ол қатысушылардың назарын Ресей Президенті В. Путиннің ЕАЭО-да импорт алмастыру бағдарламаларын, оның ішінде жоғары технологиялық салаларда бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру қажеттігі туралы сөздеріне аударды.

Сондай-ақ М. Мясникович Беларусь Республикасының Президенті А. Лукашенконың кедергісіз сауданы ұйымдастыру және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін тең жағдайлар жасау жөніндегі ұсыныстары туралы атап өтті.

«Форумға қатысушылардың ұсыныстары ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттер экономикаларының бәсекеге қабілеттілігі мен өзара толықтырылуын арттыру бойынша батыл тәсілдер әзірлеуге мүмкіндік береді деп санаймын, бұл біздің Еуразиялық интеграциямызды сөзсіз нығайтатын болады», — деп түйіндеді М. Мясникович.

 

А. Машкевич: біз бір мақсатпен — қазақстандықтардың өмірін қолайлы және жақсырақ ету үшін қаражат саламыз

ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич ERG-дің 2025 жылға қарай цифрландыруға $2 млрд-тан астам инвестиция салу ниеті бар екенін айтты.

Компанияның бизнестегі үш негізгі бағыты бар. Біріншісі — бүгінде өндіріс үшін қолданылатын кобальт. Екінші маңызды бағыт — Аitu сандық экожүйесін құру.

«Біз оны құрған кезде бізге осы нарықта танымал өнімді жасау мүмкін емес деп айтылды. Бірақ бізде ереже бар – біздің компанияның сөздігінде "мүмкін емес" деген сөз жоқ. Бүгінде жүйе жұмыс істеп тұр, жаңа цифрлық экожүйенің өнімдері 5 млн-нан астам адамды қамтиды. Экожүйенің міндеті – Қазақстан тұрғындары үшін қолжетімді және тиімді цифрлық сервистерді ұсыну», — деді А. Машкевич.

Локдаун кезеңінде ERG-дің Digital-командасы орасан зор жұмыс атқарды. Қатаң карантиннің екі толқыны кезінде жедел құрылған сервис арқылы қазақстандықтар жәрдемақы алуға 16 млн өтінім берді.

«Біздің экожүйеміз әлеуметтік бағдарланған. Қазір бұл тіпті бизнес-жоба емес, біз қазақстандықтардың өмірін қолайлы және жақсырақ ету мақсатымен қаражат салып жатырмыз. Жүйеде көптеген білім беру жобалары бар, олар қазақстандықтардың өмірін жақсартады және өзін-өзі дамыту мен әл-ауқатының өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», — деп атап өтті А. Машкевич.

Үшінші міндет — компанияның өзін технологияландыру. Бүгінде геологиялық барлаудан бастап зияткерлік карьерге дейін, кеннен бастап роботтандырылған техникаға дейін: самосвалдар, пилотсыз ұшу аппараттары, оқыту процестері, технологиялық процестер, түпкілікті жеткізу дерекқорлары құрылуда. Big data бүкіл тізбек бойынша жұмыс істейді.

Сондай-ақ А. Машкевич кейбір мәселелерге назар аударды.

Бірінші. Төртінші өнеркәсіптік революция жылдам интернетсіз мүмкін емес. Бірақ байланыс алыптары тек трафик бар жерде талшықты байланыс арналарын салады. Статистика көбінесе оптимистік, дегенмен аймақтарда жылдам және тұрақты интернет жоқ. Сондықтан қол жеткізу нарығын ырықтандыру және оптикалық-талшықты байланыс желілерін салу мәселесін қою қажет. Жеке компаниялардың сымды да, сымсыз да байланысты салу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Келесі сұрақ — деректер мәселесі.

Бүгінгі таңда компаниялар деректерді сақтау үшін көп ақша салады. Сонымен қатар, кері процесс те бар — деректермен алмасуға мүмкіндік бермейтін жабық контур жасалады. Сондықтан бір жағынан деректердің сақталуына кепілдік беретін, екінші жағынан компанияларды деректермен алмасуға ынталандыратын деректер туралы заң мәселесін қарау керек.

«Мен мемлекетаралық индустриялық деректер зертханасын құру туралы ұсыныс жасаймын. Біз өз тарапымыздан барлық деректерді, барлық ақпаратты беруге дайынбыз. Егер ЕАЭО-ның барлық тау-кен металлургия компаниялары осы зертханаға өз деректерін берген болса, біз трендтерді жылдам қадағалап, әзірлемелермен алмасатын едік, және бұл ЕАЭО-ның бүкіл алқабына әлемдік алпауыттармен салыстырғанда анағұрлым жылдам қозғалуға және анағұрлым бәсекелі болуға мүмкіндік берер еді. Мен ЕАЭО-ның болашағы зор екеніне, орасан зор жұмыс атқарылғанына сенімдімін және барлық қатысушыларды жұмыстың одан да жылдам, одан да интеграцияланған түрде, одан да тиімді өтуіне шақырамын!», — деп түйіндеді А. Машкевич.

 

ЕАДБ ЕАЭО-ның барлық цифрлық жобаларын басқаруға ала алады

Барлық талқылаулардан кейін Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық даму банкінің құзыреттер орталығын (ЕАДБ) күшейту және оған Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы елдердің барлық цифрлық жобаларын басқаруға беру туралы ұсыныс жасады.

Асқар Мамин цифрлық жобалардың қарқынды дамуына қарамастан, «ЕАЭО-да осының барлығы қалай дамып жатқанына жалпы қанағаттанбаушылық» әлі де сақталып отырғанын атап өтті.

«Кеңістік аумағында цифрлық жобалардың дамуына серпін мен қарқын беру, экономикаларымыздың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, халқымыздың тұрмыс сапасын, табысын арттыру үшін мен Еуразиялық даму банкінде құрған құзыреттер орталығын күшейтуді ұсынамын. Жалпы, бүгінде бизнестен келіп түскен барлық ұсыныстарды Еуразиялық даму банкі мен цифрлық құзыреттердің шағын орталығының басқаруына беру керек, оны біз осыдан біраз уақыт бұрын ортақ шешім арқылы құрған едік», — деді А. Мамин.

Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин өз кезегінде Ресей мұндай бастаманы қолдауға дайын екенін айтты.

«Құзыреттер орталығысыз платформа құру мүмкін болмайтындықтан, біз, әрине, мұның бәрін комиссиялардағы қолданыстағы регламенттерді ескере отырып қабылдайтын боламыз. Менің ойымша, бұл керемет жұмыс, біздің әріптестеріміз жүргізген барлық процестер тереңірек қарауға лайық. Біз ЕАДБ-дағы осындай құзыреттілік орталығын қолдайтын едік», — деді Ресей Премьер-Министрі.

Сонымен қатар Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченконың айтуынша, ЕАЭО-дағы азаматтар мен бизнестің бірыңғай сәйкестендіргіштері, деректерді қорғау, электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану және цифрлық инфрақұрылым сияқты бес жаһандық цифрлық проблеманы шешпесе, цифрлық жобаларды іске асыру мүмкін емес.

«Бұл мәселелерді шешу керектігін түсіну бізге алға жылжуға мүмкіндік береді. Осы бағыттардың әрқайсысы бойынша іс-қимылдардың жоспар-кестесін құру керек, осы блоктар мен міндеттердің әрқайсысын қалай шешу керек екенін білу керек. Оларсыз толық түйіндесу мүмкін емес. Сондықтан мұны міндетті түрде істеу керек. Мұны ЕАДБ алаңында құзыреттілік орталығы ретінде жасау идеясы өте уақытылы, өйткені менің білуімше, қазір банктің мандаттары мен банктің стратегиясын нақтылау жұмыстары жүргізілуде», — деп түйіндеді ол.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №246 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №239 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 11:47
Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ
04 Мамыр 2021, 11:32
Ержан Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.