Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда

Бейсенбі, 13 Мамыр 2021, 17:22:01

Бүгін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің халық алдында есеп беру кездесуі өтті.

Цифрлық даму министрлігінде болашақ экономикасының мынадай бағыттары шоғырланған: цифрландыру, ғарыш, коммуникация мен байланыстың жаңа түрлері, үлкен деректер, жиынтықты технологиялар және АT-сала.

«2020 қиын жыл болды. Пандемия цифрландыру қарқынын жеделдетті. Барлығы онлайн режиміне өтуде. Байланыс пен интернетке қолжетімділіктің маңыздылығы артты. Интернет пандемия кезінде әлемді құтқарды. Халық мұны сезінді», — деді министр.

Байланыс саласы жыл қорытындысы бойынша 8,6%-ға (880 млрд теңге) өсім көрсетті. 5214 ауыл мобильді интернетпен қамтамасыз етілген, алайда 1200 ауылда интернет жылдамдығына қатысты мәселелер сақталып отыр.

«2021 жылы біз сапаны жақсарту үшін жұмыс істейтін боламыз. Ол үшін 286 ауылды 3G/4G, 80 ауылды спутниктік трансмиссиядан жерүсті инфрақұрылымына ауыстырамыз және 255 ауылда мобильді КЖҚ сапасын жақсартамыз», — деді Б. Мусин.

Министрдің айтуынша, бұған дейін байланыс сапасының ең төменгі шегі реттелмеген еді. Енді байланыс сапасының ең төменгі көрсеткіштері анықталған әдістеме бекітілді: мысалы, 4G үшін – кемінде 5 МБ/сек, 3G үшін – 1 МБ/сек бастап. Енді операторлар сапа параметрлерін сақтамағаны үшін жауапты болады. 

Б. Мусин бүгінде мемлекеттік қызметтерді тек Egov-тан ғана емес, сондай-ақ басқа да платформалар негізінде, мысалы, банктердің қосымшалары арқылы алуға болатынын атап өтті. Себебі банк жеке тұлғаны дұрыс сәйкестендіру мәселесіне кепілдік береді. ЕДБ-дегі қауіпсіздік мәселесі нарықтағы орташа деңгейден жоғары.

Бүгінде халық қызметтерді онлайн форматта алу мүмкіндігіне оң пікірде. Елден тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтары енді некеге тұра немесе бұза алады, баланың тууын тіркей алады, атын, тегін, әкесінің атын өзгерте алады және қайтыс болғаны туралы анықтаманы eGov.kz арқылы ала алады. Дайын құжат шетелде Қазақстанның елшілігінде немесе консулдығында беріледі.

«Біз онлайн форматқа шетелде тұратын отандастарымыздың арасында сұранысқа аса ие қызметтерді енгіздік. Енді қазақстандықтар қажетті құжаттарды eGov арқылы рәсімдеп, оларды тұратын елінен шықпай-ақ ала алады. Қызметтер әлемнің 20-ға жуық ірі еліндегі Қазақстанның елшіліктері мен консулдықтарының қатысуымен жүзеге асырылды», — деді Б. Мусин. 

Сонымен қатар қағаз және цифрлық құжаттардың баламалылығы заңнамалық тұрғыда бекітілді. 20 сәуірде «БНАЖ» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінің (Е-нотариат) «Цифрлық құжаттар» сервисін ұсынуы бойынша жұмыстар жүргізілді. Азаматтар нотариаттық қызметтерді алу кезінде қағаз құжаттардың орнына цифрлық құжаттарды ұсына алады.

«Түпнұсқа құжаттары бар әмиян аса қажет емес, смартфон жеткілікті. Бұл жаңа тәсіл, жаңа шынайылыққа үйрене бастаған жөн. Анықтама сұрауды болдырмау үшін 28 қызмет бойынша қағаз растамаларды алып тастадық, бұл шамамен 33 млн құжат. Жыл соңына дейін цифрлық растау есебінен тағы 6 млн анықтаманы қысқартамыз», — деп нақтылады Б. Мусин.

«ЕGov mobile» мобильдік қосымшасында цифрлық құжаттар сервисі шеңберінде 800 мыңнан астам пайдаланушы қолданған цифрлық құжаттардың 15 түрі (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік, некені бұзу туралы куәлік, техникалық паспорт, COVID-19-ға ПТР тестілеу нәтижесі, студенттік билет, диплом, зейнеткер куәлігі, қандас куәлігі, көлік құралын тіркеу туралы куәлік, әлеуметтік ID, вакцинация паспорты) іске асырылды.

Пандемия кезеңінде ХҚКО мен байланыс орталықтарына жүктеме еселеп артты. Азаматтарға арналған корпорация қуаттылығын арттырды және бүгінде орташа күту уақыты 5 минуттан 100 секундқа дейін қысқарды. Бұл әлі де ұзақ, мақсат – 30 секундқа жеткізу. 

«Біз азаматтарды әдемі әуендерді тыңдап, ұзақ күтуге мәжбүрлемеуіміз керек. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік баж салығын QR арқылы төлеуге болады. Президенттік кадрлық резервтің үлгісі бойынша мемлекеттік корпорацияда "таланттар пулы" қалыптастырылды. Олардың міндеті – өзгеріс агенттері болу. Бүгінгі таңда 350-ден астам кандидат іріктеуден өтті», — деді Б. Мусин.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда жаңа ұлттық жоба әзірленді. Елдің ақпараттық жүйесіне аудит дайындалуда. Бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында Цифрлық трансформация орталығы құрылды. Орталықта халыққа мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдардың ағымдағы бизнес-үдерістері зерделенеді. Бүгінде мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде процестерді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында «цифрлық сервистердің өмірімізге енуімен жеке деректердің таралып кету қаупі арта түсетінін» айтқан еді.

«Біз дербес деректерді қорғауға қатысты заңнамалық бастамаларды пысықтадық. Цифрлық келісім және кері қайтарып алу қағидатын енгіземіз. Азаматтар жеке басын растаған жағдайда, өздерінің жеке деректерінің пайдаланылуын бақылай алады: рұқсат ету/бас тарту. Мысалы, ХҚКО/мемлекеттік органға жүгінген кезде азаматтың телефонына арнайы код жіберіледі, ол осы кодты жазғаннан кейін ғана ХҚКО/мемлекеттік орган қызметкерлері адамның жеке деректеріне қол жеткізе алады. Цифрлық келісім/кері қайтарып алу қағидатын енгізу азаматтар үшін құрал болады, оның көмегімен олар өздерінің дербес деректеріне қатысты өз құқықтарын орындай алады, сондай-ақ дербес деректерді жинаудың заңдылығы мен ашықтығы қағидаттарын қамтамасыз етеді», — деп түсіндірді Б. Мусин.

Егер майнинг туралы айтатын болсақ, аудиторияның көп бөлігі Bitcoin курсын дәл атай алады. Қазақстанда 17 майнинг фермасы бар. Қазақстанда әлемдік майнингтің 6%-ы айына шамамен $18-25 млн. Жалпы қуаты 2700 тұрақты орындық 12 дәстүрлі ДӨО (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Жезқазған, Қарағанды, Қызылорда, Орал қалаларында) құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, жалпы жүктемесі 300 мегаватт электр энергиясын құрайтын 6 майнингтік ДӨО (Ақтөбе, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Түркістан, Екібастұз қалаларында) салынуда.

Бүгінде 3 Жерді қашықтықтан зондтау спутнигі және 2 KazSat байланыс спутнигі ТЖ, ауыл шаруашылығы, орман және су ресурстары мониторингі, қорғаныс және қауіпсіздік желісі бойынша экономика салаларын жедел-маңызды ақпаратпен, сондай-ақ байланыспен және телехабар таратумен қамтамасыз етеді.

Б. Мусин атап өткендей, елімізде Интернеті жоқ немесе оның сапасы нашар 1300 ауыл бар. Байланыстың қолайлы сапасын жаңа буын спутниктерінің байланысы арқылы ғана қамтамасыз етуге болады.

Жалпы, жоба бүгінде байланыс жоқ Қазақстанның ауылдық елді мекендері мен бизнес кәсіпорындарын Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етеді. Мұндай спутниктер төмен сигнал кідірісі бар жоғары жылдамдықты Интернетті қамтамасыз ете алады. Бүкіл әлем осындай спутниктерді сынаудың белсенді кезеңін бақылап отыр.

«Біздің алдымызда 100 мың кәсіби ІТ-маманды тәрбиелеу бойынша өршіл міндет тұр. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Алдымен ІТ-университет, әлемдік деңгейдегі бейресми білім беретін екі мектеп құрдық. Бұл тәжірибені кеңейтетін боламыз, мұндай мектептер («Әлем» типі бойынша) еліміздің өңірлерінде (облыс орталықтарында) ашылатын болады. Осындай 5 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Биыл 5 ЖОО-ның ІТ-факультеті АКТ саласындағы көшбасшы бизнес-компаниялардың қамқорлығына берілетін болады», — деді министр.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында пилоттық режимде «Информатика» пәні бойынша «Виртуалды мұғалім» жобасына 25 орта мектеп қосылды. Бұл жоба мектептерде «Информатика» пәні бойынша білікті оқытушылардың жетіспеушілігі проблемасын шешуге мүмкіндік береді және сайып келгенде оқушыларды АТ-мамандыққа сапалы дайындауға мүмкіндік береді.

«Сұрақ-жауап» сессиясында цифрлық даму министрі Б. Мусин азаматтар мен журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Мәселен, елордадан 20 шақырым жердегі Қоянды ауылының тұрғыны Интернет сигналының нашарлығына шағымданды. Бағдат Мусин Нұр-Сұлтан қаласының маңында, оның ішінде Қоянды ауылында ТОБЖ ішінара болғанына қарамастан, байланыс сапасына қатысты проблемалар бар екенін айтты.

«Атап өткенімдей, мобильді Интернет сапасының ең төменгі шегі бекітілді (4G технологиясы үшін кемінде 5 Мбит/с және 3G технологиясы үшін кемінде 1 Мбит/с). Сонымен қатар, мен ол қарбалас сағаттарында Интернет сапасын өлшеу үшін қала маңын аралайтын вице-министрді белгіледім. Бірінші кезекте елорда маңын аралау көзделген», — деді министр.

Сондай-ақ, «Ashyq» қосымшасы көптеген сұрақтар туғызды. Б. Мусин түсіндіргендей, қосымша бизнеске жұмыс істеуге, ал адамдарға шектеусіз шығуға мүмкіндік беру мақсатында әзірленді.

«Пандемия әлі жойылған жоқ. Өкінішке орай, адамдар мезгіл-мезгілмен ауырады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша ковид-пен ауырған азаматтар карантинде болуы керек. Бірақ біз адамдар көбінесе жауапкершілікті ұмытамыз. Ауырып жүріп көпшілік жиналатын жерлерге барамыз. Мұндайды азайту үшін «Ashyq» қосымшасы ұсынылды, егер сіз ауырып жүрген болсаңыз, сақ болыңыз, үйде отырыңыз, басқаларға қауіп төндірмеңіз. Бұл пандемия кезіндегі қауіпсіздікті сақтау қағидаларының бірі, қарапайым өмірде қажет емес. Біз бәріміз өмірдің бұрынғы ырғағына оралғымыз келеді, сондықтан бір-бірімізді қолдайық», — деді ол.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы өз стартапын іске асыру үшін не қажет деген сұраққа жауап бере отырып, Қазақстанда бұл үшін ешқандай кедергілер жоқ екенін атап өтті және отандық стартаперлердің табысты оқиғаларынан бірнеше мысал келтірді.

«Біз Kaspi Bank-тің табыс оқиғасын білеміз. Олардың IPO-лары қазір $15 млрд-қа бағаланып отыр. Екіншісі де айтарлықтай оқиға. Astana Hub қатысушысы Car parking симулятор-қосымшасын жасады. Қазіргі уақытта қосымша 50 млн рет жүктелген. Сондықтан, тұратын еліне қарамастан, бәрі мүмкін. Талап қылу маңызды», — деді Б. Мусин.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
23 Маусым 2021, 20:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
23 Маусым 2021, 18:26
Мемлекет басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін қабылдады
23 Маусым 2021, 18:02
Қуаныш Ерғалиев ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды
23 Маусым 2021, 17:33
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Маусым 2021, 16:52
Ләззат Сүйіндік ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды 
23 Маусым 2021, 08:44
Қ. Тоқаев ҚР ҚК әскерлерінде бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
23 Маусым 2021, 08:26
ВАК көшпелі отырысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық ахуалды қарады
22 Маусым 2021, 18:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №416 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №414 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №410 Қаулысы
22 Маусым 2021, 17:45
Гүлзат Көбенова ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы болып тағайындалды
22 Маусым 2021, 15:59
ВАК Қазақстанның бас санитарлық дәрігеріне карантин режимі бойынша бірқатар қосымша шара қабылдауды ұсынды
22 Маусым 2021, 14:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин коронавирусқа қарсы вакцина алды
22 Маусым 2021, 12:50
Пандемия кезеңінде 500 мыңға жуық қазақстандық волонтерлік қызметке қатысты
22 Маусым 2021, 11:30
Қазақстанда мемлекеттік автобус парктерін толық жекешелендіру көзделген — С. Жұманғарин
22 Маусым 2021, 10:42
КВИ-мен ауыру көрсеткіші жоғары өңірлерде инфекциялық және реанимациялық төсек орындардың жүктемесі төмендегені байқалады — А. Цой 
22 Маусым 2021, 10:03
А. Мамин волонтерлік қозғалысты ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырды
22 Маусым 2021, 09:54
Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарады
22 Маусым 2021, 09:46
А. Мамин елордада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды
21 Маусым 2021, 17:47
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады
21 Маусым 2021, 15:56
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі
21 Маусым 2021, 15:13
22 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
21 Маусым 2021, 13:10
А. Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет жұмысы туралы есеп берді
20 Маусым 2021, 14:40
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №117
20 Маусым 2021, 11:57
А. Маминге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың жаңа стандарттарын енгізу туралы баяндалды
19 Маусым 2021, 10:16
Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды
18 Маусым 2021, 18:31
Қ. Тоқаев Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді ратификациялады
18 Маусым 2021, 18:27
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды
18 Маусым 2021, 18:24
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
18 Маусым 2021, 16:30
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарады
18 Маусым 2021, 10:29
Ақан Абдуалиев ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
18 Маусым 2021, 09:26
Батырбек Әбділдин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
17 Маусым 2021, 21:10
Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
17 Маусым 2021, 21:00
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
17 Маусым 2021, 17:03
Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды
17 Маусым 2021, 09:06
Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
16 Маусым 2021, 21:00
Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
16 Маусым 2021, 20:20
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ. Келімбетовті қабылдады
16 Маусым 2021, 18:00
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысты
15 Маусым 2021, 18:36
Бюджетті оңтайландыру, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету және мемлекеттік сатып алуды жетілдіру — қаржы министрі халық алдында есеп берді
15 Маусым 2021, 16:45
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
15 Маусым 2021, 16:43
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті В. Алекперовті қабылдады
15 Маусым 2021, 14:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №399 Қаулысы
15 Маусым 2021, 14:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №396 Қаулысы
15 Маусым 2021, 12:33
2021 жылғы маусым айында утилизациялық алымға «нөлдік мөлшерлеме» енгізілді — М. Мырзағалиев
15 Маусым 2021, 10:55
Соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны 16%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
15 Маусым 2021, 10:40
Еліміздің 216 кәсіпорнында «нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы енгізілді — С. Шәпкенов
15 Маусым 2021, 10:07
Үкімет қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекітті
15 Маусым 2021, 09:51
Үкімет экологияны жақсарту мәселелерін қарады
15 Маусым 2021, 09:38
ҚР өңірлерінің көпшілігі COVID-19 ауруы бойынша «жасыл» аймақта орналасқан
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.