Павлодар облысында 2022 жылға арналған жаңа іс-қимыл бағдарламасы әзірленді

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.

Қаңтар оқиғаларынан кейін Павлодар облысында 2022 жылға арналған жаңа іс-қимыл бағдарламасы әзірленді.

«Қаңтардағы оқиғалар бірлесіп шешім қабылдауға бағыттады. Кең талқылау мен көпшіліктің дауысы өте маңызды екеніне көзіміз жетті. Сондықтан біз ескі жоспарларымызды артқа тастап, жаңа бағдарламаға ұсыныстар қабылдай бастадық. Облыстың тұрғындары осыған белсенді қатысты. Ақсақалдар, жастар, қоғам өкілдері, митингіге қатысқандар және басқа да азаматтар өз пікірлерін білдіріп, біз олардың ұсыныстарына барынша ашық болуға тырыстық», — деді Ә. Сқақов.

Осы орайда облыс басшысы бір аптаның ішінде әкімдік 2,5 мыңға жуық өтініш пен ұсыныс қабылдағанын айтты. Олардың 60%-ға жуығы жұмыспен қамту және жастар мәселелеріне қатысты болды. Келіп түскен ұсыныстарды мұқият талдап 150-ге жуық адам жиналған екі стратегиялық сессия өткізілді. Оған әр жастағы адамдар, қалалар мен ауылдардан келген азаматтар белсенді қатысты. 5 қаңтар күні алаңда болған адамдар да шақыртылды. 

«Жалпы талқылаудың нәтижесінде 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы әзірленді. Бұл өз кезегінде нақты мақсаттар мен проблемаларға қатысты іске асырылатын жұмыстарды қамтыды. Яғни, 5 мың жұмыссыз жасты еңбекпен қамту, 12 мың мектеп оқушысының белсенді демалысына жағдай жасау және басқа да мәселелер ескерілді. Бағдарламада барлығы 10 бағыт және 97 шара қарастырылған», — деді Павлодар облысының әкімі. 

Қазіргі кезде өңірдің 6 мыңға жуық тұрғыны жаңа бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды.

Ә. Сқақовтың айтуынша, өңірде жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс принциптері өзгерді. Қазір олардың қызметкерлері кәсіпорындардың HR қызметтерімен өзара іс-қимыл жасайды, адамдар көп жиналатын жерлерге және шалғай ауылдарға барады. Сонымен қатар мобильді жұмыспен қамту орталықтары құрылып, 19 білім беру мекемесінің жанынан жастарға арналған орталықтар ашылды. ХҚКО сияқты, тек жастарға арналған осы орталықтарда жастар кеңес, құжаттар, жұмысқа орналасу бойынша көмек алады, сол жерде оқиды және тағылымдамадан өтеді. 

Сондай-ақ, облыста қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі кезде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі енгізіп жатқан «Отбасының цифрлық картасы» бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр. 

«Бүгінгі таңда жағдайы нашар 55 отбасыға осындай қолдау көрсетілді, 12 отбасы психологиялық көмек алды, сондай-ақ осындай отбасылардан 39 адам жұмысқа орналастырылды», - деді  Әбілқайыр Сқақов. 

Өңір басшысы емханалардың жұмысын қайта құру жүріп жатқанын атап өтті. Павлодарлықтар емханалардың жұмысына қатысты жиі шағымданады. Апта сайын бір мазмұндағы хабарламалар келіп түседі. Яғни, емханалардағы мәселелер жүйелі сипатқа ие. Осы орайда қандай шара қабылданды? Әбілқайыр Сқақов емханаларды аралап шыққан. Кейіннен облыстық денсаулық сақтау мекемесінің басшылығымен және басқа да тараптармен call-орталықтары, тіркеу бөлімдері жұмыстарына, сондай-ақ емхана ішіндегі мәселелерге талдау жүргізілді. Осы орайда ол медциналық ұйымдарда келген адамдарға қолайлы жағдай жасау мүмкіндіктері назарға алынбағанын сынға алды. 

«Бастапқы медициналық-санитарлық қызмет жұмысын қайта құрып жатырмыз. Бұл тұрғыда тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға басымдық берілген. Қазіргі кезде емханаларға қоңырау шалу кезіндегі күту уақыты 4 есеге қысқарды. Ал медбикелер бекеттерін енгізу есебінен дәрігерлердің жүктемесі 35% азайды. Емханаларда цифрлық бекеттер орнатылды. Сонымен қатар call-орталықтардың, тіркеу бөлімдерінің және басқа да құрылымдық бөлімшелердің 385 қызметкері оқытудан өтті», — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар өңірде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту үшін инфрақұрылым кеңейтіліп жатыр. Осы мақсатта мемлекеттік органдардың ғимараттары босатылады. Екі ғимаратта қазір күрделі жөндеу жүріп жатыр, үшіншісін реконструкцияға дайындалып жатыр. Олар аутистік спектрінің ауытқушылықтары бар балаларға арналған орталық, оңалту орталығы және ерте кірісу орталығы. Сондай-ақ облыстық оңалту орталығын реконструкциялау және жабдықтау жоспарланған. 

Павлодар облысы әкімінің айтуынша, балалықты қорғау бойынша барлық шаралардың негізінде адаммдарға баса назара аудару принципі жатыр. Президент жариялаған Балалар жылы жоспарды кеңейтті. Осы орайда балалар түрлі қолдау және ынталандыру шараларымен қамтылды.

Атап айтқанда, өңірде оқушылардың жартысынан көбі тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бұған облыстық бюджеттен тиісті қаржыландыруды ұлғайту әсер етті. Ол 1,8 есеге өсіп, 3,9 млрд теңгені құрады. 1-мамырдан бастап өңірдің барлық үш қаласында мектеп оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүреді. 

Әбілқайыр Сқақов балаларға арналған спорт инфрақұрылымын кеңейту туралы жоспарлармен де бөлісті. Биыл Павлодар облысында 7 ірі спорт нысаны, 13 шағын футбол алаңы және 63 спорт алаңы салынып жатыр. Өңірде 7-11 сынып оқушыларына болашақ мамандықтарын табуға кәсіби бағдарлау бағдарламасы көмектеседі. Қазіргі кезде бағдарлама 20 мың оқушыны қамтыды. 

«Біз 150-ге жуық мектеп кітапханасын жаңғыртып, барлық оқушылардың музейге тегін баруын ұйымдастырдық, пікірсайыс қозғалысын дамытып, ақпараттық технологияларға оқытудың үздіксіз жүйесін құрдық және дарынды балаларды «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығымен марапаттау арқылы ынталандырамыз», — деді облыс басшысы.   

Бұдан бөлек, өңірде жаңа қант зауыты бойынша жоба жүзеге асырылады. Онымен «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы айналысып жатыр. Оның бір ерекшелігі – Кәсіпорын шетелден жеткізілетін шиказатты емес, еліміздегі қант қызылшасын өңдейді. Қазіргі кезде жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Технологиялық тұрғыдан алып қарағанда өте күрделі жоба аясында өнімді өңдеу, қант қызылшасын өсіру қамтылады. Осы орайда өндірісте тиісті біліктілік деңгейі назарға алынуы керек. 

«Жобаны асығыс қабылдай салуға болмайды. Жыл соңына қарай біз мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын аламыз деп ойлаймын. Содан кейін жоба бағалаудан өткеннен соң, инвесторларды іздестірумен айналысамыз. Бұл ретте тиісті технологиясы мен біліктілігі бар мамандар келуі керек. Атап айтқанда, бұл жоба әлеуметтік жағынан маңызды болып тұр. Сондықтан оны жүзеге асыруға басымдық беріліп отыр», — деді облыс әкімі. 

Өңір әкімі Әбілқайыр Сқақов жаңа бағдарламаның халықтың игілігі үшін жасалғанын атап өтті. Халықтың өзі оны талқылауға және әзірлеуге қатысты. Осының тағы бір дәлелі – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бекіткен халықпен кездесулердің жаңа форматы. 

«Мен, менің орынбасарларым және басқарма басшылары бүгінге 100-ге жуық ауылдарды аралады. Кездесулерде 536 сұрақ қойылды, оның 40%-ы тез арада шешілді. Осындай шаралардың тиімділігі өте жоғары, себебі – кездесуге тұрғындар, аудан, облыс басшылығы, құқық қорғау және басқа органдар өкілдері бір жерге жиналып, қатысады. Сондықтан, бірлік пен бірлесіп шешім қабылдау – бұл қолға алынған басты мақсаттардың бірі», — деді Әбілқайыр Сқақов. 

Павлодар облысының әкімі қандай да болмасын шешім қабылданған кезде, жоспарланған іс-шаралар немесе бюрократиялық процедуралар емес, адам және оның мүдделері бірінші орында болуы тиіс деп мәлімдеді. Алғашқы медициналық санитарлық көмек жұмысын жетілдіру және балаларды қорғау – адам ортасына бейімделуі тиіс. Бұл бүгінгі шындықтың екінші қағидасы. Біріншісі – бірлескен шешім қабылдау. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу