Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Зиянды шығарындыларды азайту, Су кодексін жетілдіру, экотуризмді дамыту — М. Мырзағалиев халықпен есептік кездесу өткізді

Дүйсенбі, 14 Маусым 2021, 17:49:16

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев министрліктің 2020 жылғы және осы жылдың 5 айындағы жұмыс қорытындылары, сондай-ақ орта мерзімді перспективаға арналған негізгі басымдықтары туралы халыққа есеп беру кездесуін өткізді.

Оның айтуынша, министрліктің қызметі 4 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар: 

1. қоршаған ортаның сапасын жақсарту;

2. геология;

3. су ресурстары;

4. орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі.

ҚР ЭГТРМ басшысы өз сөзін экология мәселесінен бастады.

«Негізгі өзекті экологиялық проблемалар: атмосфералық ауаның сапасы, жер үсті суларының ластануы, қалдықтарды басқару жүйесінің жетілмегендігі. Экологиялық мониторинг қорытындысы бойынша Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалалары атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейімен сипатталады», — деді М. Мырзағалиев.

Ластаушы заттардың нақты шығарындылары мен төгінділері 2020 жылы 2019 жылдың деңгейіне сәйкес және тиісінше 2,5 млн тоннаны, ал төгінділер 1,1 млн тоннаны құрады.

Бүгінгі күні елімізде 125 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталған. Оларды қайта өңдеу үлесі 2019 жылғы 15%-дан өткен жылы 18,3%-ға дейін ұлғайды. Өңдеудің төмен үлесінен басқа, қатты қалдықтар полигондарының нормаларға және стихиялық қоқыстарға сәйкес келмеуі өзекті мәселе болып қала береді.

Осыған байланысты өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында тұрғындармен және экобелсенділермен экологиялық проблемаларды талқылау негізінде 17 жол картасы бекітілді. Карталарда одан әрі газдандыру, қоғамдық көлікті газ отынына көшіру, қалаларды көгалдандыру және т. б. іс-шаралар көзделген. Оларды іске асыру қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін ағымдағы 18%-дан 30%-ға дейін жеткізуге, 24 жаңа ҚТҚ полигонын салуға, тарихи ластанған жерлерді рекультивациялау мен жоюға, 7 жаңасын салуға және 12 кәріздік тазарту кешенін реконструкциялауға және т. б. мүмкіндік береді. Жалпы, еліміз бойынша 485 іс-шараны орындау көзделген.

«1 тоқсанның қорытындысы бойынша біз жол карталарын жүзеге асыру барысы туралы жұртшылықпен кездесулер өткіздік. Жүргізілген талдау осы жылдың бірінші тоқсанында 70 іс-шара қарастырылғанын, оның 42-сі орындалғанын көрсетті», — деп толықтырды ведомство басшысы.

Қалаларда атмосфералық ауаның жоғары ластануы мәселелерін шешу үшін Министрліктің қатысуымен бірқатар компанияның ластаушы заттар шығарындыларын азайтуы туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Мәселен, Алматы қаласы бойынша 2-ЖЭО және 3-ЖЭО жаңғырту туралы шешім қабылданды. Қарағанды облысында қол қойылған меморандумға сәйкес «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2025 жылға дейін атмосфераға шығарындыларды 30%-ға төмендетуге міндеттенеді, сондай-ақ Теміртау қаласының айналасына 500 мың ағаш отырғызылады. 

«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауыты жаңа күкірт қышқылы цехын салуды және пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бұл күкірт диоксидінің шығарындыларын 60-тан 20 мың тоннаға дейін 3 есе азайтуға мүмкіндік береді.

Атырау облысында мұнай өңдеу зауыты «Тухлая балка» булану алаңдарын рекультивациялауды бастады.

Ақтөбе облысында ферроқорытпа зауытында цехтарды жаңғырту және қайта құру жобасын іске асыру басталды. Соның нәтижесінде шығарындылар 30%-ға төмендейді.

Шығыс Қазақстан облысында «Қазмырыш» ЖШС меморандумына сәйкес атмосфераға шығарындылар 20%-ға төмендейді деп күтілуде.

Маңғыстау облысында «Қошқар-ата» тарихи ластануын жою жұмыстары басталды, оның аяқталуы 2025 жылға жоспарланған.

Бұдан өзге «ҚазМұнайГаз» ҰК компаниялар тобы бірнеше жыл бойы көлемі шамамен 2,5 млн м3 тарихи мұнай қалдықтарын жояды. Қазірдің өзінде 437 мың тоннасы жойылды.

Шығарындылар мен төгінділердің сапалық және сандық құрамы туралы уақытылы және дұрыс ақпарат алу мақсатында жаңа Экокодексте І санаттағы объектілер үшін деректерді уәкілетті органға бере отырып, өндірістік экологиялық мониторингті міндетті жаңғырту жұмыстары көзделген. Министрлік деректерді берудің әмбебап форматы арқылы АСМ қатысушыларын бір жүйеде біріктіруді көздейді.

«Түзілетін қалдықтардың көлемін қысқарту мақсатында “Waste to Energy” қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату тетігін енгізу жөніндегі заң қабылданды. Қоқыс жағатын зауыттар салу үшін алты 6 қала анықталды: Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Өскемен. Әкімдіктер зауыттар салу үшін жер учаскелерін бөлді. Энергия беруші ұйымнан электр желісіне қосудың таяу нүктелерін анықтады. Энергоөндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру үшін аукционды өткізуге құжаттарды қабылдау басталды. Екінші жартыжылдықта қорытынды шығарамыз», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен қатар рұқсат етілмеген қоқыстар мәселесі де назар аударуды талап етеді. Ғарыштық мониторинг аясында жыл сайын 8 мыңға жуық қоқыс үйінділері анықталады. Әкімдіктер оларды жою бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл ретте, заңсыз қоқыс үйінділері мәселесін жүйелі шешу үшін жаңа Экология кодексінде қоқыс шығаратын көліктерге GPS-датчиктерін міндетті түрде орнату мәселесі көзделген. Қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпорындар үшін лицензиялау енгізілді.

Есеп беру кездесуінің күн тәртібіндегі келесі мәселе геология саласын дамытуға қатысты болды. 

Саланың алдында тұрған негізгі сын-тегеурін — қорлардың төмен толықтырылуы. Бүгінгі күні пайдалы қазбалар өсімінің қатты пайдалы қазбалармен ТПҚ бойынша оларды өндіру көлеміне арақатынасының коэффициенті орташа алғанда 0,13, ал көмірсутекті шикізат бойынша – 0,9 құрайды.

Соңғы онжылдықта полиметалл кендерінің көптеген ірі кен орындары өңделді. Кейбір облыстарда мұнай өндіру көлемінің жыл сайын төмендеуі байқалады.

Сонымен қатар Қазақстанда көмірсутектер мен ҚПҚ бөлігінде де жаңа жаңалықтарға айтарлықтай әлеует бар. 

«Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз геология саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын әзірлеуге кірістік. Нашар зерттелген шөгінді бассейндердің мұнай-газ әлеуетін анықтап, тау-кен аудандары шегіндегі “терең көкжиектерді” зерттеу көзделіп отыр», — деп атап өтті ол.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі атап өткендей, жобаны іске асыру аумақтың зерттелуін арттыруға, пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын бағалауға мүмкіндік береді. Аталған міндеттерден басқа, бұл геологиялық барлау жұмыстары кезінде халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайтуға, инвестициялар тартуға және тау-кен байыту комбинаттарын салу мен пайдалану кезінде жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады. Мұндай нәтижелер өңірлердің әлеуметтік мәселелерін шешуде оң әсер ететіні сөзсіз.

Сондай-ақ М. Мырзағалиевтің айтуынша, биыл «Минералды ресурстардың ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесі пайдалануға беріледі. Жүйе геологиялық ақпараттың электрондық базасына қол жеткізу арқылы инвесторлар үшін терезе қызметін атқаратын болады және мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара қарым-қатынастарын цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік береді. 2020 жылы барлауға/өндіруге, геологиялық ақпаратты сатып алуға лицензиялар беру және т. б. сияқты бірқатар бизнес-процес әзірленді, мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау жұмыстары орындалды.

Экономиканың келесі маңызды бағыты – су шаруашылығы. Министр су ресурстарының балансы туралы қысқаша айтып берді.

Қазақстанның қолда бар су ресурстары жер асты сулары мен өзен ағысының қорларынан тұрады. Өзен ағыны ресурстарының соңғы жылдардағы нақты көрсеткіштері 90-100 км3 құрайды, оның 50,8 км3 – жергілікті ағын, ал 39,2 км3 Қытайдан, Орталық Азия елдерінен және Ресейден трансшекаралық өзендер арқылы келіп түседі.

Бұдан өзге 3,5 мыңнан астам кен орындарында жылына 15,5 км3 көлемінде жерасты суларының расталған қорлары бар. Қолданысқа түсетін судың жалпы көлемі шамамен 25 км3 құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығына 15 км3 (65%), өнеркәсіпке 6 км3 (30%) және коммуналдық шаруашылыққа 1 км3 (5%) тиесілі. Тасымалдау кезіндегі шығындар 3 км3 құрайды.

Қазіргі уақытта елдегі сумен қамтамасыз ету жағдайы экономика салалары мен халықтың талаптарын қанағаттандырады. Алайда, су саласының келесідей негізгі проблемаларын бөліп көрсеткен жөн.

Біріншісі – өзен ағысының төмендеуі және су тұтынудың өсуі салдарынан орта және ұзақ мерзімді кезеңде елді сумен қамтамасыз етудің болжамды азаюы. 

Екіншісі – арналар мен ирригациялық жүйелердің қатты тозуы себебінен тасымалдау кезінде судың жоғары шығыны. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығында шығындар 50% дейін жетеді. Оларды қысқарту үшін арналарды жөндеу және автоматтандырылған басқаруды енгізу талап етіледі. 

Үшіншісі – тарифтің төмен болуы, инфрақұрылымға инвестициялардың және білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

«Біздің алдымызда су балансын сақтау, суармалы жерлерді 1,6-дан 3 млн га дейін ұлғайту үшін жаңа ирригациялық жүйелер салу, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және реконструкциялау, цифрландыру, су үнемдеу, кадрлармен қамтамасыз ету және тағы басқа да міндеттер тұр. Бұған дейін атап өткенімдей, судың шамамен 40% Қытайдан, Орталық Азия елдерінен және Ресейден трансшекаралық өзендер арқылы келіп түседі. Қазір судың аз циклына тап болдық. Осыған байланысты, вегетациялық кезеңді өткізу мақсатында көршілерімізбен нақты жұмыс жүргізудеміз. Осылайша, қырғыз елімен қосымша су шығару туралы келістік. Вегетацияның шарықтау шегінде (маусым-тамыз) Тоқтоғұл су қоймасынан қосымша 330 млн м3 су ағызылады», — деді экология ведомствосының басшысы.

Бұл су көлемін Өзбекстан аумағы арқылы өткізу туралы да уағдаластықтарға қол жеткізілді. Сондай-ақ тәжік және өзбек тараптарымен бірлесіп «Бахри Точик» су қоймасының жұмыс режимі бойынша келісімдер жүргізілуде. 

Осыны ескере отырып, ақпан-наурыз айларында Министрлік Ауыл шаруашылығы министрлігімен өңірлерге барып кеңестер өткізді. Қалыптасып отырған су шаруашылығы жағдайы туралы хабардар етілді және суды көп қажет ететін дақылдардың егістігін азайту ұсынылды, су аз болған жағдайда вегетацияға дайындық туралы айтылды.

Негізгі міндеттердің бірі — Мемлекет басшысының суармалы жер көлемін бүгінгі 1,6 млн гектардан 2030 жылға дейін 3 млн гектарға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау.

2020 жылы 813 км канал жөнделді, 53,5 мың гектар суармалы жер айналымға енгізілді. Бұл қосымша 26 мың жұмыс орнын құруға және ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін жыл сайын 30 млрд теңгеден астам сомаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс жалғасатын болады.

«2021 жылы суармалы жерлердің көлемі 78 мың гектарға артады. 2025 жылға дейін суармалы жерлердің ауданын 2,2 млн гектарға дейін жеткізу, яғни 600 мың гектарға ұлғайту жоспарланған. Бес жыл ішінде біз 4,5 мың км-ден астам арнаны қайта жаңартуды жоспарлап отырмыз. Бұл ауылды жерде 120 мың жұмыс орнын құруға және жыл сайын 510 млрд теңге сомасына өнім өсіруге ықпал ететін болады», — деді министр.

Бұдан өзге 41 апатты су қоймаларын қалпына келтіру көзделген. Оның ішінде 2017-2019 жылдары 10 объекті пайдалануға берілді. Өткен жылы 2 объект дайын болды. Биыл 8 нысанды аяқтау жоспарлануда. Қалған 21 нысан 2025 жылға дейін іске асырылады. 

Сондай-ақ тоғыз өңірде жалпы көлемі жылына 3,6 млрд м3 болатын 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Биыл Түркістан облысындағы Кеңсай-Қосқорған су қоймасының құрылысы аяқталады.

Су қоймаларын салу 70 елді мекен үшін су тасқыны қаупін азайтуға, 394 мың гектар жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге, ауыл шаруашылығында 129 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар трансшекаралық өзендер тәуелділігінен арылуға жағдай туғызады. Атап айтсақ, Қырғызстаннан 30%-ға дейін, Өзбекстаннан 25%-ға дейін, және Ресейден 15%-ға дейін.

Суды есепке алу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2020 жылы Түркістан облысы Мақтаарал ауданында ұзындығы 12 км «К-19» магистралды каналын цифрландыру бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Каналды цифрландырудың арқасында су суару нормалардан 45% көп жұмсалатыны анықталды. Биыл 16 арнаны цифрландырамыз. Таяудағы бес жыл ішінде ұзындығы 2,8 мың км-ден асатын 119 арнаны цифрландыру жоспарда бар. Осы іс-шараларды іске асыру 2 км³ дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ауыз суды елді мекендерге жеткізу бөлігінде былтыр топтық су құбырлары құрылысының 14 жобасы іске асырылды, олардың 3-уі аяқталды.

Нәтижесінде 343 км желі салынды. Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында 124,5 мың халқы бар 15 елді мекен мен бір қаланы сумен жабдықтау қамтамасыз етіліп жақсарды.

Биыл ұзындығы 845 км болатын 8 жобаны аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының 203 мың тұрғыны бар 61 елді мекен үшін сумен жабдықтау қамтамасыз етіліп жақсартылады. 

М. Мырзағалиев екі жыл ішінде 10 ұзақ жылдарға созылған құрылыстың 5-уі тапсырылғанны атап өтті. Биыл тағы 3-ін аяқтаймыз және келесі жылы қалған 2-уін тапсыру жоспарланған.

Сондай-ақ су заңнамасын жетілдіру туралы қысқаша айтылды. Әрекет етіп тұрған су кодексін талдау көрсеткендей, 2003 жылдан бастап Кодекске 68%-ға өзгерістер мен толықтырулар жасалды. Ол негізінен суды үнемді пайдалануға бағытталған. Осыған байланысты Министрлік жаңа Су кодексінің тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. ҚР ЭГТРМ басшысы онда елдің су ресурстары әлеуетін сақтау және суға сұранысты басқару бағыттары күшейтілуі тиіс екенін атап өтті.

Кадрлық қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Су шаруашылығы институты ашылды. Су шаруашылығы саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында 2021 жылы екі орталық ашылды. Біреуі СҚО-да, екіншісі ҚазҰАУ жанында Алматыда ашылды. 2021 жылы барлығы 800 адамды оқыту жоспарлануда.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі мәселелеріне тоқтала келе, экология министрі Мемлекет басшысының бастамасы бойынша республикада 2 млрд ағаш отырғызылатынын атап өтті. Осы мақсатта министрліктің барлық облыстары мен ведомстволық бағынысты мекемелері бойынша кешенді жоспарлар бекітілді. Жоспарларда республикалық бюджеттен де, жергілікті бюджеттерден де шығыстар қарастырылған. Орман және табиғат қорғау мекемелерінің іс-қимылын үйлестіру жөніндегі штаб құрылды. Отырғызу жұмыстары басталды. Қазірдің өзінде 26,1 мың га алаңда 80,5 млн ағаш отырғызылды, аталған шаралар 2030 жылға қарай елдің ормандылық деңгейін 5%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

«Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызу жекелеген мәселе болып табылады. 1990-2021 жылдар аралығында 195 мың га (9%) жерге сексеуіл отырғызылды. Бірнеше апта бұрын экспедиция жасалды. Көшеттерге тексеру жүргізілді. Табиғи шығу тегін ескере отырып, ауданы 337 мың га құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз Сексеуіл отырғызудың кешенді бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. 2021-2030 жылдары 1,1 млн га жерге сексеуіл отырғызу жоспарланған», — деді М. Мырзағалиев.

Ағаштарды заңсыз кесу, жою және бүлдіру үшін жауапкершілікті арттыру мақсатында қолданыстағы заңнамаға айыппұлдарды ұлғайту және бұзушыларға санкцияларды қатаңдату тұрғысынан өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осылайша, Қызыл кітапқа енгізілген әрбір заңсыз кесілген ағаш үшін зиянды өтеу мөлшері 6-дан 1000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бұдан өзге, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге орман қорында және қалалар мен елді мекендер төңірегіндегі ағаштарды және бұталарды заңсыз кескені, жойғаны және зақымдағаны үшін құқық бұзушыларға айыппұлдарды ұлғайту және санкцияларды қатаңдату бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ өсімдіктер дүниесі ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі барлық мәселелерді заңнамалық реттеу мақсатында «Өсімдіктер әлемі туралы» заң жобасы әзірленді, ол Мәжілісте қаралып жатыр.

Бұдан әрі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік экологиялық туризмді дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Осыған байланысты, жұртшылықтың пікірін ескере отырып, шеберлік-жоспарлар әзірленуде. Ұлттық парктер жанынан Қоғамдық кеңестер құрылды. Алматы облысының 4 ірі ұлттық паркі бойынша инвесторлар анықталды.

  • «Көлсай көлдері» МҰТП бойынша — «Атырау-Рент» ЖШС;
  • «Шарын» МҰТП бойынша — «QazaqGeography» РҚБ;
  • «Алтын Емел» МҰТП бойынша — «QazaqGeografy» РҚБ;
  • «Іле-Алатауы» МҰТП бойынша — «Туранга Групп» ЖШС.

Алматы өңірінің ұлттық парктері бойынша 11 заманауи визит-орталық, 5 эко-қонақ үй, 28 глэмпинг, 8 кэмпинг, 4 этно-ауыл және т. б. салу көзделіп отыр, бұл жалпы алғанда 31,5 млрд теңге жеке инвестицияларды тартады. Ұлттық парктерде рекреациялық жүктеме нормаларын ескере отырып, күтілетін туристер ағыны 2 млн астам адамды құрайды.

Қазіргі уақытта 3 МҰТП-да қажетті инфрақұрылымның құрылысы басталды. «Іле-Алатауы» ұлттық паркінде «Аюсай» визит-орталығы ашылды, визит-орталықтың айналасында соқпақтар жайластырылды, туристерге ыңғайлы болу үшін өзен арқылы көпір салынды, волонтерлер эко-мәдениет бойынша оқуда.

Осылайша, экологиялық ведомство басшысы халыққа елдің бірегей табиғи байлықтарына ұқыпты қарауды, қоқыс тастамауды, рұқсат етілмеген жерлерде от жақпауды сұрады.

«Есепті жылы жануарлар дүниесін сақтау бойынша шаралар қабылданды. Сонымен бірге браконьерлік фактілері тоқтамайды. Осыған байланысты ҚР ІІМ және ҰҚК бірлесіп "Киік" табиғатты қорғау акциясын іске қосты, оның шеңберінде алдын алу іс-шаралары жандандырылды, киіктер мен басқа да жабайы жануарларға қатысты браконьерлікпен айналысатын бірқатар қылмыстық топтың қызметінің жолы кесілді. Біз Қазақстанның барлық аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға салынған тыйымды 2023 жылға дейін ұзарттық. ПҰА, бейнетіркегіштер мен бейнежетондарды қолдану арқылы Smart пилотты патрульдеу жобасы іске қосылды», — деді министр.

Депутаттардың, зооқорғаушылардың қолдауымен жануарларға варварлық қарым-қатынастың жиілеп кеткен фактілерін жою мақсатында Жануарларды қорғау туралы заң жобасы әзірленді. Заң жобасында жануарларға жауапкершілікпен қараудың негізгі нормалары қарастырылған. Сонымен қатар жануарларға қатыгездік немесе кез-келген заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік ілеспе заңда қарастырылады.

Балық шаруашылығын дамыту саласында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Үкімет деңгейінде Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді. 

«Стратегиялық сипаттағы жұмыстармен қатар балық ресурстарының табиғи популяциясын сақтау бойынша жедел жұмыс жүргізілді. Өткен жылы Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар түрлерінің тізіміне енгізілген. Каспий итбалығының негізгі мекендеу ортасы Қазақстан мен Ресейдің аумақтық сулары аймағында орналасқанын ескере отырып, біздің ғалымдар 2020 жылдан бастап бірлескен бес жылдық зерттеуді бастады», — деп түйіндеді М. Мырзағалиев.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
24 Қыркүйек 2021, 18:16
Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды  
24 Қыркүйек 2021, 11:09
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №650 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 11:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №647 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 09:30
Е. Тоғжанов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Қыркүйек 2021, 19:26
Президент тапсырмаларын іске асыру аясында салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жалғасуда — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 19:07
ЕТЖ артуының жалпы әсерін кемінде 3,5 млн қызметкер байқайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 18:50
Салықтар мен төлемдер бойынша нақты жүктеме 2023 жылдан бастап төмендетіледі — ҰЭМ
23 Қыркүйек 2021, 18:47
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
23 Қыркүйек 2021, 18:45
Президент тапсырмаларын орындау аясында елімізде енгізілген ақпараттық жүйе ШОБ-ты мемлекеттік қолдаудың 79 шарасын қамтиды — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 17:43
2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14%-ға дейін қысқарады — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 17:28
ҚР Үкіметі 64 шарадан тұратын инфляцияға қарсы әрекет ету кешенін қабылдайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 15:49
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылды
23 Қыркүйек 2021, 12:52
А. Мамин ЕҚДБ президенті О. Рено-Бассомен Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
21 Қыркүйек 2021, 16:34
А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
21 Қыркүйек 2021, 12:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.09.2021
21 Қыркүйек 2021, 12:07
2025 жылға қарай Екібастұз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бес есе өседі — Ә. Ерғалиев
21 Қыркүйек 2021, 11:11
ВАК отырысында карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешім қабылданды
21 Қыркүйек 2021, 10:42
Қазақстанда егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары — Е. Қарашөкеев
21 Қыркүйек 2021, 09:39
Үкімет Екібастұз қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті
21 Қыркүйек 2021, 09:28
Қазақстан ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және астық экспортының әлеуетін сақтайды — А. Мамин 
20 Қыркүйек 2021, 16:03
21 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2021, 14:57
А. Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
19 Қыркүйек 2021, 09:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №129
19 Қыркүйек 2021, 09:00
Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:37
Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қыркүйек 2021, 09:44
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №128
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.