ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен брифинг өтті. Өңір басшысы Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында қабылданып жатқан халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі шаралар және жалпы Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы айтып берді.
ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баяндама оқыды.
Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті.
ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тұрғындарымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында А. Омаров ведомствоның іске асырған жобалары, атқарған жұмыстары мен негізгі міндеттері туралы айтып берді. Жергілікті халық елдік деңгейдегі сұрақтарды қойып, тиісті жауаптар алды. Мәселен, дін, идеология, БАҚ-тағы контент, волонтерлік қызмет, жастарға қатысты мәселелер көтерілді.
2022 жылғы 16 маусымда Алматыда «COVID-тен тыс жерде – Орталық Азияны әділдік негізінде қалпына келтіру жолында» тақырыбындағы Тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші өңірлік саммит жұмысын бастады.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 5 айдағы қорытындысы туралы баяндады.
13 маусымда ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.