Шолулар

Қазақстанның «теңіз қақпасы» және тау-кен өндірісі өнеркәсібін дамыту: Маңғыстау облысы қалай дамыды

Жаңа тұрғын үй бағдарламасының бес бағыты, медициналық сақтандыру бойынша пилоттық жоба қорытындылары және азық-түлік бағасы — Үкіметтің кезекті отырысында не талқыланды

Ықшамаудандар салу, жаңа кәсіпорындар ашу, медициналық жабдықтарды жаңарту - Солтүстік Қазақстан облысы қалай дамуда

Павлодар облысы: өнеркәсіп өндірісінің көлемін арттыру және кәсіпкерлікке басымдық беру

Қазақстанда қолжетімді баспананы қалай алуға болады: «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Әскери баспана»

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 141 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Мемлекет елімізде тұрғын үй құрылысын дамытудың бірыңғай моделін әзірлеуде, оның негізгі қағидаты — тұрғын үйдің қолжетімділігін, әсіресе халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін арттыру. Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту және қолжетімді мүмкіндіктер жасау мақсатында тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берген ипотекалық несиелендірудің жаңа бағдарламаларын енгізуге бастамашы болды. 

Үкімет отырысы: ШОБ-ты қолдау және ауылдарды дамыту тәсілдері әзірленіп, жаңа заңдар тізімі нақтыланды

6 қарашада Үкіметтің кезекті отырысында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары қаралып,  2025 жылға дейінгі Жол картасы аясында бизнесті қолдаудың жаңа тәсілдері мақұлданды. Күн тәртібіне сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру мәселелері, сондай-ақ Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспары шығарылды. Үкімет кулуарларында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өзекті тақырыптар бойынша сұрақтарға жауаптар алды. 

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы: ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы жылғы 27 ақпандағы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биыл 15 қазанда өткен жиналыста осы мәселе бойынша нақты жұмысты ұйымдастыру керектігін атап өтті.

Шолу: Қостанай облысының 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі даму қорытындылары

Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев бастамашы болған экономиканы әртараптандыру жалғастырылып жатыр. Елбасы белгілеген бағытты Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев та қолдады. Индустриялық бағыттағы Қостанай облысы мемлекеттік бағдарламаларды белсенді жүзеге асыруда және еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға қомақты үлесін қосып келеді. PrimeMinister.kz редакциясы өңірдің 2019 жылғы 9 айдағы дамуы туралы кеңінен қамтыған материал әзірледі.

Жаңалықтар тізбегі

Биыл Атырау облысында 672,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Атырау облысы жалпы өңірлік өнім көрсеткіші бойынша жыл сайын еліміз бойынша алдыңғы орынды иеленіп келеді. Тұрақты үрдіске айналған бұл жетістік – еліміздің батысындағы мұнайлы да шырайлы өлкеде өркенді істердің лайықты жалғасын тауып келе жатқанының айғағы. 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында облыстың әлеуметтік-экономикалық түрғыда қалай дамығаны туралы шолу ұсынамыз.

Екібастұзда Үкімет мүшелерінің қатысуымен Жедел штабтың отырысы өтті

Қазіргі уақытта Екібастұзда Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, «ОАЭК» АҚ акционерлері, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС құрылтайшыларының қатысуымен жедел штабтың отырысы өтіп жатыр.

Көші-қон саясатының тұжырымдамасында Қазақстанға тапшы мамандықтар бойынша 500 мықты маманды тарту көзделген – ЕХӘҚМ

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы мақұлданды. Осы тақырып бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ішкі істер министрі Марат Ахметжанов баяндама жасады.

ЕЭК Кеңесінде шоколад сапасына және ЕАЭО елдерінің биржаларында бағалы қағаздар айналымына трансшекаралық рұқсатқа қойылатын талаптар бекітілді

Онлайн режимде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің биржаларында бағалы қағаздарды орналастыруға және айналысқа еркін трансшекаралық рұқсатты айқындайтын және шоколад өндірісіне қойылатын талаптарды күшейтетін бірқатар құжаттарды қабылдады.

Серік Жұманғарин еліміздің ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен саланы дамыту мәселесін талқылады

24 қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен іскерлік таңғы ас өткізді. Кездесуде  мемлекеттік органдармен бірге «Родина» ЖШС, «Зенченко и К» КС, Картоп және көкөніс өсірушілер одағы, Макинск құс фабрикасы, «Еңбек» ЖШС, Қазақстанның астық консорциумы, Қазақстан қой өсірушілер одағы, «Галицкое» ЖШС, «DALA-FRUIT.KZ» компаниялар тобы, «Райымбек Агро»  ЖШС, Кредиттік серіктестіктер қауымдастығы, «Атамекен» ҰКП және басқа да ұйымдар басшылары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді алаңдататын және аса өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халыққа үлестірілген төлемдер мен жәрдемақылар бойынша ақпарат берді. Оған сәйкес, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 92, 2 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды, ал 699 мыңнан астам адамға АӘК берілді, көп балалы отбасылар 283,7 млрд теңгеге жәрдемақы алып, мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 364 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді, сондай-ақ қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.

Қарағанды облысының ел экономикасында маңызы зор

Қарағанды облысы Қазақстан индустриясының іргетасы саналады. Облыста соңғы жылдары шешімін тауып жатқан шаралар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында айтылған негізгі басымдылықтармен тікелей байланысты. Осы орайда 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалай дамығаны туралы шолу ұсынамыз.

Негізгі өзен бассейндерінде, әсіресе елдің оңтүстік аймақтарында вегетациялық кезең тұрақты өтті – С. Брекешев

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агроөнеркәсіп кешенінде су ресурстарын пайдалану мәселелері қаралды. Осы тақырып бойынша экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов және Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндама жасады.

Әрі қарай