07 Маусым 2022, 17:19
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған үкіметтік делегация 2022 жылғы 6-7 маусымда Душанбе қаласында 2018-2028 жылдар кезеңіндегі «Су тұрақты даму үшін» халықаралық іс-қимылының он жылдығы бойынша жоғары деңгейдегі 2-ші халықаралық конференцияға қатысты.
Конференцияға БҰҰ-ға мүше мемлекеттер, халықаралық және аймақтық ұйымдар, халықаралық қаржы институттары, үкіметтік емес ұйымдар мен академиялық топтар өкілдері қатысты.
Бұл іс-шара саясат, әріптестік және су ресурстары саласындағы іс-қимылдар мәселелері бойынша күш-жігерді жаһандық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде шоғырландыруға бағытталған.
Конференцияның негізгі міндеттері – су ресурстарын басқаруға қатысатын тараптардың үйлестіру деңгейін арттыру, су мәселелері бойынша тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін шоғырландырылған шешімдерді әзірлеу, су ресурстары, азық-түлік, энергетика және қоршаған орта арасындағы өзара байланысты ескере отырып, суды тиімді пайдалану.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу